1. операциялық ЖҮйеге сипаттама


ОЖ –гі файлдық жүйе дегеніміз не?



бет2/5
Дата29.09.2022
өлшемі23.81 Kb.
#461569
1   2   3   4   5
Операциялық жүйе Танатов Абылайхан

ОЖ –гі файлдық жүйе дегеніміз не?
Файл (file – бума, десте) белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес ақпараттар жиыны. ОЖ жұмысы үшін керекті мәліметтер рөлін әртүрлі типтегі файлдар атқарады. Файл бағдарламадан, не оларға қажеті берілген сандар тобынан, мәтінен тұруы мүмкін. Әрбір файлдың файлдар каталогында тіркелген өзіндік аты болуы керек. Файлдың толық атауы екі бөліктен тұрады: аты және типі. Файлдың аты – 8 таңбаға дейінгі әріптен басталатын сандар мен әріптер жиыны, ал оның 3 таңбадан аспайтын екінші бөлігі оның типі не атының кеңейтілуі деп те айтылады. Бір каталогта аттары бірдей файлдар болмауы тиіс. Файлдың типі кейде болмауы мүмкін. Файлдың аты мен типі нүктемен бөлінеді. Файлдың толық аты латынның бас не кіші әріптерімен беріледі (сандар да кіреді). Мысалы:

  • COMMAND.COM

  • NORTON. EXE

  • GAME.BAS

  • AIGUL.TXT.

  • MARAT. DOC

Файлды дискіге жазғанда не өзгерткенде, оның көлемі, жазылған уақыты, мерзімі де тіркеледі. Файлдың аты, типі, символмен берілген (байт) көлемі, операциялық жүйенің календары мен сағатынан алынып жазылған күні, айы, сағаты - файлдың атрибуттары (көрсеткіштері) деп аталады. Олар файл жазылғанда, өзгертілгенде немесе көшірілгенде тіркеліп отырады.
Файлдық жүйе дегеніміз белгілі бір жетек арқылы файлдарды сақтауын үйымдастыратын құрал.
Файлдар сыртқы жетектер - магниттік дисктер немесе CD-ROM арқылы іске асырылады. Әр бір файл белгілі бір дисктік жад блогтарында орын алады.Негізінде блок ұзындығы — 512 байт.
Файлдарды арнайы ОЖ модулі қамтамасыз етеді, оны файлдық жүйенің драйверлары дейді. Әр файлдың өз аты болады, ол каталогта бекітіледі.
Каталогті (кейбір кезде директория немесе бума) пайдаланушы ОЖ командалық тілі арқылы қол жеткізе алады. Каталогты көріп шығуға, атын өзгертуге, файлдарды тіркеуге, ішіндегі мазмұндардың орның ауыстыруға және жоюға болады.
Каталог өз аты болуы мүмкін және басқа бір каталог ішінде файлдармен бірге сақтауға болады. Осылайша иерархикалық файлдық құрылым пайда болады.
Егер пайдаланушы ОЖ-ге «файлды аш...» деген команда берсе,оңда файлдың аты және каталогтың аты берілсе не болады?
Бұл команданы орындау үшін файлдық жүйе драйвері көмекшіге /справочнику/ назар аударады, оңда берілген файлдың қай диск блоктары сәйкес келеді екенін анықтайды, сосын осы диск драйвер блоктарына сұраным жібереді.
«Файлды сақтау» командасын орындайтын кезде файлдық жүйе драйвері дискіде бос блоктарды іздейді, оны белгілейді, диск драйверіне осы блогтарға жазуына сұраным жібереді.
Файлдық жүйе драйверлары файл атауы бойынша магниттік дискіде жазылған және магниттік дискіде файлдар арасында ақпараттарды таратады. Осы функцияларды орындау үшін файлдық жүйе драйверлар дискіде тек пайдаланушының ақпаратын ғана емес, өзінің қызмет ақпаратын да сақтайды. Дисктін қызмет ауданында барлық файлдар және каталогтар тізімі сақталады, сонымен қатар файлдық жүйе драйверларының жұмыс істеу жылдамдығын арттыратың әр түрлі қосымша көмекші кестелер сақталады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет