1. операциялық ЖҮйеге сипаттама


MS DOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ



бет3/5
Дата29.09.2022
өлшемі23.81 Kb.
#461569
1   2   3   4   5
Операциялық жүйе Танатов Абылайхан

2. MS DOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
MS DOS (Microsoft Disk Operating System) операциялық жүйесі —16-разрядты персональдық компьютерлерде өте кең таралған ОЖ. Ол келесі негізгі модульдерден тұрады (2 сурет):

  • Енгізу/шығару базалық жүйе (BIOS);

  • Алғашқы қосылу блогі (Boot Record);

  • Енгізу/шығару базалық жүйенің кенейту модулі (IO.SYS);

  • өндеуді тоқтату модулі (MSDOS.SYS);

  • командалық процессор (COMMAND.COM);

  • MS DOS утилиттары.

Осы келтірілген әр бір модуль арнайы функция бөлігін орындайды.Осы модульдардың орналасу жерлері әр түрлі. Мысалы,енгізу/шығару базалық жүйе ардайым сақталатын құрылғада (ПЗУ-постоянная запоминающая устройство) орналасқан.
MS DOS
Енгізу/шығару базалық жүйе (BIOS)- Операциялық жүйенің енгізу және шығару функцияларын жүзеге асыруына байланысты қарапайым және амбебап қызметтірін орындайды. BIOS функциясына сонымен қатар негізгі аппараттық компонентерінің автоматты тест жүргізу және DOS –тың алғашқы қосу блогінің шақыруы кіреді.
Алғашқы қосылу блогі (немесе жай қосушы) — бұл өте кішігірім бағдарлама, мұның қызметі дисктан оперативті жадқа DOS-тың екі басқа бөлімін салыстыру – енгізу/шығару базалық жүйенің кенейту модулімен өндеуді тоқтату.
Енгізу/шығару базалық жүйені кенейту модулі жаңа сыртқы құрылғыларды қамтамасыз ету үшін қосымша драйверлерді қолдануға және стандартты емес сыртқы құрылғыларды қамтамасыз ету драйверлерді қолдануға мүмкіндік береді.
Өндеуді тоқтату модулі негізгі жоғарғы деңгейлі DOS қызметтерін өндейді, сондықтан оны негізгі деп атайды.
Командалық процессор DOS қолданушы енгізген командаларды өндейді.
DOS утилиттары — бұл операциялық жүйемен бірге өздігімен файлдар түрінде берілген бағдарламалар.
3. БАҒДАРЛАМА - ҚАБЫҚШАЛАР

Қабықшалар /Оболочки/ — бұл күрделі бағдарламалау жүйелерімен мысалы DOS –пен жұмыс істеу кезінде жұмысты женілдету үшін құралған бағдарламалар. Олар қолайсыз командалық қолданушы интерфейсің, графикалық интерфейсің немесе «мәзір» типті интерфейсің өзгертеді. Қабықшылар қолданушыға файлдармен және көп таралған сервистық қызметтермен жұмыс істеуге қолайлы.
Қазіргі дербес компьютердің көп таралған қабықшылардың бірі - Norton Commander пакет бағдарламасы. Ол қамтамасыздандырады:

  • Құру, көшіру, жөнелту, атын өзгерту, жою, файлдарды іздеу, сонымен қатар олардың атрибуттарың өзгерту;

  • Каталог ағашын көрсету және адамның қабылдауына ыңғайлы енгізілген файлдар түрін сипаттау;

  • Құру, жаңарту және архивті ашу;

  • Мәтіндік файлдарды қарап шығу;

  • Мәтіндік файлдарды редакторлау;

  • Барлық DOS командаларының орындалуы;

  • Бағдарламалардың қосылуы;

  • Компьютер ресурстары жайлы ақпарат шығару;

  • Каталогтар құру және жою;

  • Компьютерлер арасында байланысты қолдау;

  • Модем арқылы электрондық почтаны қолдау.

90-ші жылдың басында әлем бойынша графикалық қабықша MS-Windows 3.х атақтылық алды. Оның артықшылығы: компьютерді қолайлы қолдануы және оның графикалық интерфейсі.
Norton Navigator қабықшасы— бұл Windows мүмкіншілігін кенейту барысында файлдарды басқару үшін қолданылатын алымды бағдарламалар жиыны. Барлық операцияларды орындау кезінде уақытты тиімді пайдаланады: файлдарды іздеу, көшіру және орын алмастыру, каталогтарды ашу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет