1 Қоршаған ортада химиялық процестерді зерттейтін біп қатар ғылыми пәндер кешені қазіргі заманда қалыптасқан. Оларды «Қоршаған орта химиясы» жалпы тақырыбымен біріктіреді. ҚО


№ 3 практикалық сабақ Тақырыбы: Биосфераның құрылымы, оның құрамы және онда өтетін процестер



бет12/57
Дата19.01.2022
өлшемі269.24 Kb.
#454685
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57
ЭКОЛ.ХИМИЯ КАЗ УМК

№ 3 практикалық сабақ Тақырыбы: Биосфераның құрылымы, оның құрамы және онда өтетін процестер.


Сабақтың мақсаты: биосфера эволюциясы туралы концепцияларды қарастырыңыз.

Әдістемелік нұсқау:

Тарауды алдын-ала оқулықтан, дәріс жазбалары, әдістемелік нұсқаулардан оқып, біліп алыңыздар. Білімді бақылау негізгі терминдер мен анықтамаларды ауызша сұрау арқылы жүзеге асырылады: биофильді элементтер, биосфера, тірі зат, аэробиосфера, тропобиосфера, альтобиосфера, гидробиосфера, маринобиосфера, аквабиосфера, геобиосфера, литобиожүйе.



Бақылау сұрақтары:

1. Биосфераның құрылымы мен шекаралары.

2. Жердің геосфералық қабықтары.

3. Биосфераның тірі заттары.

4. Биосфераның эволюциясы.

 

Әдебиеттер:

1. Чибисова Н.В., Долгань Е.К. Экологическая химия: Учебное пособие / Калинингр. ун-т. - Калининград, 1998. - 113 с.

Дәріс 4 Тақырыбы "Биосферада химиялық элементтер"



  1. Экожүйе - биосфераның құрам бөлігі ретінде жеке организмге қажетті материалдық ресурстардың көзі болып табылатын химиялық мекен ортасы. Биосфераның химиялық құрамының сәйкестігі барлық организмдердің тіршіліктеріне әсер етеді. Экожүйе және биосфера деңгейінде үзіліссіз физико-химиялық процестер - биогеохимиялық айналымдар өтеді.

Биогеохимиялық айналымдарға экожүйелік және биосфералық деңгейде күшті антропогендік әсер бар.

Айналымдардың 2 негізгі түрі:



  1. Үлкен геологиялық айналым,

  2. Кіші биологиялық айналым (тіршілік қатысында жүреді).

Үлкен геологиялық айналым жүз мың жылдардан миллиондаған жылдарға дейін жүреді. Сатылары:

  1. Тау жыныстарының бұзылуы, үгілуі;

  2. Үгілу өнімдерін суда еріген зататрға айналдыру;

  3. Ағынды сулармен Әлемдік мұхитқа түсуі;

  4. Теңіздік тұнбалардың түзілуі;

  5. Баяу ірі геотектоникалық өзгерістер; құрлықтар мен теңіз түбінің өзгеруі;

  6. Мұхиттар мен теңіздер астында заттардың жинақталуы, құрлыққа заттардың қайтып келуі.

Кіші биологиялық айналым сатылары:

  1. Топырақтан заттар өсімдік ағзасында жинақталады;

  2. Осы заттардан өсімдік ұлпалары мен мүшелері қалыптасады;

  3. Организм консументтерге көшеді (сүт қоректілер, жыртқыштар);

  4. Заттардың ыдырау өнімдері организмдердің өлімінен кейін топырақ микрофлорасы мен мезофаунасымен топыраққа қайтып келеді.

ҚОРЫТЫНДЫ: химиялық элемент немесе заттардың айналымы,  бейорганикалық ортадағы өсімдік және жануарлар ағзалары арқылы күн энергиясын немесе химиялық реакциялардың энергиясымен қайтадан бейорганикалық ортаға қайтуы - биогеохимиялық айналым деп аталады.

Негізгі биогеохимиялық айналымдарға: көміртегі, сутегі, азот, фосфор, күкірт, биогендік катиондар жатады.



  1. Химиялық элемент трансформациясына адам әсері локалды және биосфералы деңгейде көрсетіледі. Жай организм мен адам әсері ерекшеліктері:

  1. Масштаб;

  2. Тасымалдау.

Ресурстық цикл - адаммен қолданылуы барысында берілген заттың өзгеруі мен тасымалдануы бірлестігі. Сатылары:

  1. Заттың шығу тегін анықтау;

  2. Табиғи ортадан шығару;

  3. Өндеу;

  4. Қолдану;

  5. Ортаға қайтару.

Циклдың әртүрлі сатыларында энергия мен бастапқы зат жоғалады.    


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет