2.Органикалық заттардың тірі ағзаға әсері. Текстилді өнеркәсіп орындарында материалдарды тазалауда органикалық еріткіштер қолданады. Фторхлорлы көмірсулармен қатар тетрахлорэтилен 1,1,1- трихлорэтан, трихлорэтилен және т.б еріткіштер де қолданылады. Еріткіштердің ұдайы регенерациясына қарамастан олардың белгілі мөлшері қоршаған ортаға түседі.Бұл қосылыстардың липофильді қасиеттері олардың тірі ағзалардың майлы ұлпаларында жиналуына әкеліп соқтырады.
Басқа еріткіштер белгілі мөлшерде канцерогенді қасиет көрсетеді. Тетрахлорэтилен үшін кейбір деректер тышқан мен егеуқұйрықтарға жасалған тәжірибелерден кейін белгілі болған.
Адам үшін канцерогенді әсері анықталмаған, бірақ радикалдардың түзілу әсер етіп,сонымен қатар бүйрек пен орталық жүйке жүйесін зақымдайды.
Тетрахлорэтилен микроағзалар мен тірі дүниеге токсикалық әсер етеді.Бояғыш заттарды жасауда қолданылатын еріткіштердің адам ағзасына көбінесе толуол,ксилол және т.б амилбензолдар әсер етеді.Бұл заттар жансыздық тудырып жүрек айну, бас ауруын туғызады, бірақ бензолға қарағанда олар канцерогенді болып табылады. Ағза ішінде тез арада гидролизге ұшырап, күкірт немесе глюкурондық қышқылымен қосылып, бүйрекке жинақталады. Бұл еріткіштің бензолмен ластанғанда олар аса қауіпті болып табылады.
Көп мөлшерде органикалық еріткіштер қоршаған ортаға әртүрлі құрылысты болғанда және адам іс-әрекеті арқылы түсіп отырады.
Нашар еритініне қарамастан ауаға шыққан шаң-тозаңдар, жаңбыр және тұман арқылы суға, топыраққа түседі.
Көптеген өнеркәсіп орындарынан бөлінетін қалдықтардан, миллиондаған органикалық заттан өнім өндірген кезде қалдықтардың ішінде көп кезігетін экотоксиканттардың бірі- хлорорганикалық экотоксиканттар.
Бұл қосылыстар аз полярлы заттар хлорорганикалық пестицидтер токсикалық эффектілері өте жоғары. Хлор атомы нуклеофильді байланысқа түскен уақытта билогиялық активтілігін арттырады. Көпшілік органикалық экотоксиканттар белоктың құрамындағы аминотоптармен және нуклеин қышқылдармен әрекеттесіп, организмді уландырады.Хлорлы уытты заттардың: гексахлорциклогексахлоран, гексахлорбензол, ДДТ, 1.1-атразин 2,2,3-трихлорэтан, хлордэн, гептахлор, полихлорланған бифенилдер.Көпшілік хлорорганикалық экотоксиканттар, хлорланған фенолдар ағаш өндірісінде консервант ретінде дезинфекциялаушы зат ретінде және басқада пестицидтерді синтездеуде қолданылады. Осындай хлорорганикалық пестицидтермен ластайтын қағаз целлюлоза комбинаты, ал целлюлоза өндірісінің негізі хлор ағарту үшін қолданылады.Кейінгі кезде билогиялық әсері өте күшті ксенобиотик құрамына жататын заттар суперэкотоксиканттар деп аталады.
Нитраттар,нитриттер және нитразоқосылыстар.
Нитраттар азот қышқылының (HNO3), нитриттер (НNO2), азоттылау қышқылының тұзы. Нитриттер тез тотығып, нитраттарға айналады.Нитраттар түрлері: аммоний нитраты, калий нитраты, т.б тыңайтқыш ретінде қолданылады. Нитраттардың 8-15 г мөлшері адам өміріне қаупін тудырады.
Нитроазоқосылыстар өндірісте кеңінен ракеталардың жанар майы ретінде а
XXғ.соңында (87%) нитроқосылыстар жануарларға тәжірибе жасап, байқағанда ісік тудыратынын көрсеткен.
Асбестті қосылыстар және табиғи талшықтар
Табиғи талшықтар- өте тұрақты, сондықтан қоршаған ортада ұзақ уақыт бойы жинақталып, сақтала алады. Табиғи талшықтар атмосфераға, су айдындарында өте ұзақ қашықтыққа таралып, қауіпті экотоксикант қатарына жатады.Асбест қосылыстары (МАИР) классификациясына жатады.Эпидемиологиялық зерттеулерге сәйкес асбест талшықтары құрамындағы тальктің канцерогенді екені анықталды.
Полициклді ароматты көмірсулар
Осы топтың қосылыстары қоршаған ортада барлық сфера түрінде таралған.(ПАК)индикаторлықмәні-бензопирен. 1966ж.Л.М.Шабад және И.В.Белицкий осы мәнді енгізді. (ПАК) синтездеу барысында өсімдіктерге микроағзалар арқылы, осы жол арқылы жылына 1000 тамшы бензопирен биосфераға түсіп, зиянды әсерін тигізуде.
ПАК антропогендік түсу жағдайы:
1) стационарлы-коксохимиялық, металлургиялық, мұнай өндіретін зауыттардың өндірістік қалдықтары;
2) қозғалмалы (пересистентті)-су, әуе, автомобиль көліктері арқылы таралады.
Атмосфераға бензопирен жыл сайын 5000 тонна түседі. ПАК жанғыш заттар (көмір,сланцы, мұнай және мұнай өнімдерінің қалдықтарын) 80-500◦С температурада жануы нәтижесінде түзіледі.
Нитраттар-адамағзасына тамақтану циклі арқылы түсіп қауіпті ауру түрлерін туғызады. Нитрат NO3ˉ)ионның көп мөлшерде тотығуы, концентрациясының жоғарылауына алып келеді. Адам организмінде нитраттардың жинақталуы қан айналым жүйесіне оттегінің тасымалдауын нашарлатады.Нитриттердің аминтоптарының қослыстарымен мочевина туындыларымен N-нитрозоамин түзеді.Нитрозоамин- өте күшті канцерогенді, мутагенді ауру туғызады. Егер адам ағзасына 1:10 000 N- нитрозоамин-метилмочевина қосылыстары түсетін болса, 24 есе эмбриондағы фибробластулада орналасатын хромосомалардың санының көбеюіне, немесе күрт азаюына алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |