1 Қоршаған ортада химиялық процестерді зерттейтін біп қатар ғылыми пәндер кешені қазіргі заманда қалыптасқан. Оларды «Қоршаған орта химиясы» жалпы тақырыбымен біріктіреді. ҚО



бет25/57
Дата19.01.2022
өлшемі269.24 Kb.
#454685
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57
ЭКОЛ.ХИМИЯ КАЗ УМК

3.Органикалық заттардың уыттылығы. Бұл  қауіпті заттар  қатарына агенттеранттеркіреді.Әртүрлі  локальді апаттар мен әскери әрекеттер кезінде бұл заттар (диоксиндер, полихлорланған бифенилдер,  фосфорорганикалық   қосылыстар) жоғары концентрацияда болып,   адам  ағзасының  улануына,  өліміне  алып  келеді.

Осы аталған суперэкотоксиканттармен  бірге  полициклді ароматты көмірсулар  (ПАК),хлорланған фенолдар, ароматты аминдер, синтетикалық органикалық  заттар, полимерлік  материалдар жатады. Бұл экотоксиканттардың  барлығы  дерлік  тұрақты және жоғары  аккумулятивті.Олар  (гидрофобты)  суда нашар ериді,тірі  ағзаның  фосфолипид  жасушасында  жинақталады.  Активті радикалдарды  қосып алып,  ДНҚ құрылысына  енуге қабілетті.Мұндай шарттар  олардың канцерогенді,  мутагенді, эмбриотоксикалық эффектілері арқылы көрініс  тауып  отыр.

Полициклді (конденсирленген) ароматты көмірсулар-тікелей ағзаға әсер ету қабілетімен ерекшеленеді. Бұл қосылыстарға бензопирен, дибензопирен, безофенантрендер,  дибензофурандар және мұнай-химия өндірісінің өнімдері, синтетикалық каучук өндірісі жатады. Қоршаған ортаға бензопирен түсуі түрлі ісік  ауруларын  туғызатыны  белгілі  болды. Полихлорланған ароматты көмірсулар ПХБ-хлорланған  бензофурандар және осы топқа жататын заттар   1968ж. Жапония және  1979 ж. Тайвань елінде тамаққа қосатын күріш майына жоғары  мөлшерде түсіп,бауыр мен бүйректің ісігі- Юшо  ауруын  тудырды. Бұл ауру басқада жұқпалы эпидемияның сол аумақта  таралып,өршіп кетуіне  алып  келді.

Органикалық аллергендер. Атмосфераға көптеген техногенді ластаушы заттар, полимерлі және  басқа  органикалық  заттарды  жағу  барысында адам ағзасында  аллергиялық ауруларды тудырады.Егер бұл аурулар асқынса  астма, бронхит , ринит,дерматит  ауру  түріне  ұласады. Атмосфераның әлсіз аммиакпен және  ароматты  көмірсумен   өсімдіктің организмінің ластанған саполиназа  және микоза қосылыстары -аллергиялық аурулар(өсімдіктің  тозаңдануында  микроскопиялық шаң түрінде тарлады.)                    

 Диоксиндер.

Диоксиндер  және диоксинге ұқсас заттар адамның денсаулығына   және қоршаған ортаға аса қауіпті химиялық  зардабын тигізуде.Диоксиндер тобына жоғары токсикалық заттар-полихлорлы дибензоксин және полибромды    дибензофурандар  жатады.Диоксиндер химиялық  тұрғысынан  алғанда - инертті  заттар болғанымен, жоғары токсикалық политропты және паратропты билогиялық  активтілікке ие. Диоксиндер тек органикалық еріткішертерде ериді. Суда ерігіштігі 10-7мг/л, гумус және фульвоқышқылдарында еру қабілеті комплекс  түзу  қабілеті  есебінен артады.

Диоксиндерді  түзетін   факторлар :химиялық,электротехникалық,целлюлоза-қағаз  өндірісі  және  түсті металлургия  саналады. Диоксиндердің көп мөлшері атмосферға жанар майының, көмір өндірісінің тұрмыстық және өндірістік   зауыттардың   зиянды   қалдықтары  барысында   түседі.

Қоршаған ортада диоксиндердің  жинақталуы  ірі өндірістік орындары жарылуы  нәтижесінде,   апатты    жағдай  барысында   болуы  мүмкін.

Диоксиндер- адам ағзасына: ластанған су немесе қоректену циклі арқылы асқазан  сөліне,  ас қорыту  жүйесіне  енеді.   Адам ағзасында 50мг/кг мөлшері адам  өміріне  қауіпті.

Диоксиндер тірі организмде жинақталып, онкологилық, репродуктивті және эндокриндік     «диоксиндік  паталогия  »  ауруларға  шалдықтырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет