1 Қоршаған ортада химиялық процестерді зерттейтін біп қатар ғылыми пәндер кешені қазіргі заманда қалыптасқан. Оларды «Қоршаған орта химиясы» жалпы тақырыбымен біріктіреді. ҚО



бет30/57
Дата19.01.2022
өлшемі269.24 Kb.
#454685
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57
ЭКОЛ.ХИМИЯ КАЗ УМК

Бақылау сұрақтары:

1. Атмосфераның құрамы мен құрылымы туралы айтып беріңіз.

2. Атмосфераның әртүрлі қабаттарында болатын реакциялардың түрлері мен сипаттамалары.

3. Атмосфераның ластану көздері, олардың жіктелуі.

4. Атмосфераның негізгі ластағыштарының сипаттамасы.

5. Тапсырма: Атмосфера қабаттарын жазыңыз. Әр қабаттың бір ерекшелігін сипаттаңыз (сурет бойынша).

 



Әдебиет:

  1. Экологическая химия/ Под ред. Ф.Корте. – М.: Мир, 1996. – 400 с.

  2. Чибисова Н.В., Долгань Е.К. Экологическая химия: Учебное пособие / Калинингр. ун-т. - Калининград, 1998. - 113 с.

Дәріс 10 «Гидросфераның экологиялық химиясы»

Жоспары

  1. Гидросфера туралы түсінік.

  2. Табиғи сулардың құрамы.

  3. Табиғи сулардың қасиеттері.

  4. Гидрофераның ластану көздері, экологиялық мәселелер.

 

1) Гидросфера (гр. Һуdor - су, spһаіrа - шар) - 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы.

Гидросфераның құрамдас бөліктерін зерттейтін ғылымды гидрология деп атайды. Гидрология зерттеу объектісіне қарай екі салаға:

Дүниежүзілік мұхит пен онын бөліктерін зерттейтін мұхиттану және құрлықтағы суларды зерттейтін құрлық гидрологиясына жіктеледі.

Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді. 

2) Гидросфераны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары - өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды.

Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Оның жалпы көлемі 1370,3 млн км3, бұл планета көлемінің 1/800 бөлігін ғана құрайды. Гидросфераның орташа қалындығы 3,8 км-ге жетеді. Мұхиттың ең терең тұсы 11 км-ден асады (Тұнық мұхиттағы Мариан ойысы — 11022 м).

Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Шөгінді (тұнба) таужыныстардың басым көпшілігі гидросфера мен литосфераның жапсарында қалыптасады.  Аздаған мөлшердегі су атмосфера мен тірі ағзаларда шоғырланған. Су массаларының барлық нысандары су айналымы барысында бір түрден екінші түрге өтеді; 


жердің теңіз, мұхит, көл, өзен, мұздықтар мен жер асты суларынан тұратын қабығы, солардың жиынтығы.

Гидросфераның құрамдас бөліктері  және олардағы су көлемі



Гидросфераның құрамдас бөліктері

Су  көлемі, км3

Дүниежүзілік мұхит

1 370 000 000

Жерасты сулары

60 000 000

Топырақ ылғалы

82 000

Мүздықтар

24 000 000

Көлдер

230 000

Өзендер

1 200

Атмосферадағы су

14 000

Барлығы

1 454 327 200

 

3) Судың қасиеттері

Су - Жершарындағы ең көп таралған айрықша зат, химиялық құрамы жөнінен сутек оксиді (Н2О) болып табылалы. Оның өзіне тән қасиеттері бар, бұл қасиеттерінің географиялық қабыққа жүретін процестерінің маңызы зор.

Біріншіден, су қалыпты жағдайдың өзінде үш бірдей күйде бола алады. Судың бір күйден екінші күйге ауысуы белгілі бір мелшерде жылу жұмсалады (булану, қармен мұздың еруі) немесе бөлініп шығады (конденсация, судың қатуы). Мысалы, 1 г суды буландыру үшін жұмсалатын жылу 1 г мұзды ерітуге қажет жылудан 7 еседей артық болады.

Екіншіден, басқа заттармен салыстырғанда су қатқан кезде көлемін ұлғайтады. Таза су қалыпты қысым жағдайында +100°С-тақайнап, 0°С-тақататынын білесіңдер.

Қатқан мезетте судың көлемі күрт артып, бастапқы  сұйық күйіндегі  көлемінен 10%-ға жуық ұлғаяды. Табиғатта судың мұндай өзгерістерге түсуінің өзіндік маңызы бар. Су айдындарының бетін жалған мұз судың төменгі қабаттарының одан әрі салқындауына жол бермейді. Өйткені, су қатқан сайын тығыз бола берсе, су айдындары түбінен бастап қатар еді. Мұндай орасан мол мұз жаз кезінде еріп үлгермес еді, мүның өзі қоршаған ортаға, судағы тіршілікке кері әсерін тигізген болар еді.Үшіншіден, су еріткіш болғандықтан табиғатта таза күйінде болмайды, яғни оның құрамында еріген күйде азды-кепті бөгде заттар кездеседі. Суда тұздардың шоғырлану мөлшері, яғни тұздылығы әркелкі болады. Судың тұздылығын бір литрдегі грамм есебімен (г/л), пайыз (%) және промилле (%о) есебімен өлшейді.

Судың тұздылығы артқан сайын, қату температурасы  төмендей береді. Сол себепті тұздылығы жоғары болатын терең көлдердің небір қатты аяздарда да қата қоюы қиын. Ал мұхит жағдайында беткі түзды су қату барысында біртіндеп тығыздығы артып, теменге батады. Осының нәтижесінде мұхиттың неғұрлым төмен қабаттарына оттек жеткізіліп, ондағы тіршілікті қамтамасыз етеді.Төртіншіден, су баяу жылынып, баяу суиды. Бұл судың жылу сыйымдылығының өте жоғары болуымен түсіндіріледі. Судың жылу сыйымдылығы құмға қарағанда 5 есе, темірмен салыстырғанда 10 есе жоғары. Ал судың ауамен салыстырғандағы жылу сыйымдылығы 3 мың есе жоғары. Яғни, 1 см3 суды 1°-қа салқындату барысында 3 000 см3 ауаны 1°-қа жылытуға жетерлік жылу бөлінеді. Дүниежүзілік мұхиттың ғаламшарымыздағы алып жылу жинақтағыш ретіндегі рөлі судың осы маңызды қасиетімен түсіндіріледі. Тіпті кішігірім су айдынының маңында айрықша жұмсақ климаттың орнайтындығы да осыған байланысты.

Судың аталған ғажайып қасиеттері

Жер  шарында тіршіліктің пайда болып, дамуына және сақталуына жағдай жасады. Қасиеттеріне байланысты су географиялық қабықта жүріп жатқан проаегкряа маңызды рөл атқарады.

 

4) Гидросфераның ластануы - ластағыш заттардың гидросфераға көп мөлшерде түсуі, олардың өзен, су қоймалары, көлдер мен теңіздер, мұхиттар мен жер асты суларын ластап, су ортасының қалыпты жағдайын бұзуы.



Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. Өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, ТМД елдерінде 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XXI ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрден асып отыр. Су ресурстарының “мұхит-атмосфера-жер-мұхит” системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиеті - өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау. Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл атқарады. Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су жұмсалады.  
Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді. Органикалық заттары көп мұндай суларда көк-жасыл, қоңыр балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер тез көбейіп, өледі, нәтижесінде судағы органикалық заттардың массасы артады, сондықтан суда оттектің жетіспеушілігі туындайды. Соның нәтижесінде су тіршілікке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды.

Табиғаттағы су айналымы, оның манызы ауырлық күші әсерінен гидросфера, атмосфераны қамтитын үздіксіз айналымын Дуниежузілік ылғал  деп атайды. Күн жылуы әсерінен теңіздер мен мұхиттардың, көлдермен  қатар, топырақ пен өсімдіктерде буландырушы сфераға бөлініп шығады. Су айналымында ауа алғалдығылығы: ауа массалары мұхит үстінен буланған ылғалдық апарып жеткізеді. Жаңбыр күйінде жер бетіне қайта су айдындарын толықтырып, біразы топыраққа сіңеді, өсімдіктер оның артық бөлігін қайтадан бу күйінде атмосфераның Құрлық өзендері өз суын теңіздер мен мұхиттарға жеткізіп, орнын толтыруға өз үлесін қосады. Ал теңіздер мен эсухнтадам су атмосфераға түсіп, айналым тұйықталады.Дегенмен соңғы жылдардағы зерттеулер су айналымының төмендігін дәлелдеп отыр. Өйткені, атмосфераның жоғары қабатына күн сәулесінің әсерінен оттек пен сутек иондарына ыдырап, ғарышқа өтіп кетеді. Ал жанартау атқылаулары барысында жердін ішкі келетін су (шамамен, жылына 130 млн т) гидросфераны толықтырып, осы сулар есебінен гидросфераның көлемі ұлғайып келеді деген болжам бар, өйткені мантиядағы су мөлшері 20 млрд км3 (гидросфера көлемінен 151 артық) деп шамалануда.Судың барлық табиғат құрамбөліктерін қамтитын айналымы миллиондаған жылдар бойы тоқтаусыз жүруде. Жыл ішінде гидросфераның мардымсыз бөлігі ғана айналымға түседі

 

Гидросфераның құрамдас бөліктерінің жанару кезеңдері



Гидросфераның кұрамдас беліктері

Жаңару  кезеңі

Дүниежүзілік  мұхит

2500 жыл

Жерасты сулары

1400 жыл

Топырақтағы ылғал

1 жыл

Полярлық  мұздыктар мен тұракты қар  қабаты

9700 жыл

Тау мұздықтары

1600 жыл

Көпжылдық тоң аймактарындағы жерасты мұздары

10000 жыл

Көлдер

17 жыл

 

Батпақтар

 

5 жыл

Өзен  арналарындағы сулар

16 тәулік

Атмосфералык  су

8 тәулік

Биологиялык су

Бірнеше сағат

 

Су  айналымы литосфера, гидросфера мен атмосфераны бір-бірімен байланыстыру арқылы географиялық қабықты қалыптастырды. Осы шарының жаңа қабығы — биосфераның (тіршілік қабығы) түзілуіне жасады. Су айналымының табиғаттағы айрықша рөлі мұнымен ғана тоқталмайды. Ылғал айналымы барысында жылудың алмасуы қоса жүреді. Өйткені бір жерде булануға жылу жұмсалса, екінші бір жерде ылғалдың конденсациялануы барысында, керісінше жылу бөлініп шығады. Бір жыл ішінде су айналымына Күннен келетін жылудың 25%-ға жуығы қатысады. Сонымен су мен жылуды тасымалдау арқылы су айналымы Жер шарының табиғат кешендерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.Су айналымына адамның шаруашылық әрекеті елеулі түрде ықпал етуде. Ормандардың жойылуы, орасан зор егістік алқаптардың пайда болуы, батпақтарды құрғату мен шөлдерді суландыру, жасанды алып бөгендердің құрылысы, шаруашылық мақсатта пайдаланылатын су мөлшерінің күрт артуы Жер шарындағы гидрологиялық, яғни сумен байланысты процестердің жүру барысын өзгертуде. Өйткені, су айналымын үздіксіз тізбек түрінде елестетсек, сол тізбектің бір буынындағы өзгеріс бүкіл тізбектегі өзгерістерге себепші болады.Адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде өзен суларының жылдық ағыны өзгерген. Өндірісте пайдаланылатын сулар өндірілген өнім құрамына еніп немесе қалдық су күйінде жердің терең қойнауына кетіп, айналымға тусуі қиындайды. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен ластанған сулар табиғаттағы су айналымының нәтижесінде гидросфераның барлық дерлік бөлігіне таралуда. Ғалымдар қазіргі кезде адамзат үшін судың тапшылығы емес, ластануы басты проблема деген пікір айтуда.

 

10 Практикалық сабақ Тақырыбы: Гидросфера туралы түсінік. Табиғи сулардың құрамы, қасиеттері, гидрофераның ластану көздері, экологиялық мәселелер





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет