9 дәріс "Атмосфераның экологиялық химиясы"
Жер атмосферасы (грекше: atmos –бу және sphaіra – шар) – Жерді қоршап тұрған газды қабықша. Атмосфера деп Жерді онымен бірге айнала жүріп, оны қоршап тұрған газды ортаны айтамыз. Атмосфераның массасы 5,15-5,9 х 1015 тонна. Атмосфера Жер бетіндегі барлық тіршілік процестерінің жүруін қамтамасыз етіп, адамзат тіршілігінің барлық жақтарына үлкен әсер етеді.
Атмосфера биогеоценоздың компоненті ретінде топырақ бетіндегі, топырақтағы және топырақ қуыстарындағы ауа қабаттарын құрайды.
Өндірістің қарқындап дамуына және отын түрлерін кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал көмірқышқыл газының мөлшері жоғарылауда. Нәтижесінде табиғаттағы көміртектің айналымы бұзылды деуге болады. Академик А.П. Виноградов зерттеулер нәтижесінде көмірқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0,2% ға ұлғайып отырғанын анықтады. Адамзат қоғамында адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейін түрлі жану процестерінде 273 млрд. тонна оттегі жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соңғы жарты ғасырда жұмсалған. Көміртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмірқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы Жердегі барлық химиялық тепе-теңдікке үлкен әсер етеді.
Атмосфера табиғи және жасанды (антропогендік) жолмен ластанады.
Табиғи ластану табиғатағы құбылыстармен байланысты. Оларға жанартаулар, тау жынытарының ұшуы, жел эрозиясы, өсімдіктердің қарқынды өсуі, орман мен дала өрттерінен шыққан түтін т.б. жатады.
Антропогенді ластану адамның тіршілік барысында әртүрлі ластаушы заттарды тастауы.
Техносфера дамуының қазіргі этаптарында табиғи сулардың ластануының экологиялық зардаптары көптүрлі. Судың ластануының көп түрі бар – биологиялық ластану (өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар), химиялық (токсикалық немесе су құрамын өзгертушілер), физикалық (жылулық, радиоактивті заттар). Жағымсыз экологиялық зардаптарға және экологиялық апаттарға судың саны мен сапасының таусылуы жатады (Арал теңізінің апаты).
9 Практикалық сабақ Тақырыбы: Атмосфера туралы түсінік. Атмосфераның құрамы, құрылысы, ластану көздері, экологиялық мәселелері.
Достарыңызбен бөлісу: |