Сабақтың мақсаты: жер қыртысының құнарлы қабаты ретінде литосфера мен топырақтың экологиялық-химиялық сипаттамасы туралы білімді бекіту; топыраққа антропогендік әсер ету нәтижелерін анықтау.
Әдістемелік нұсқау:
Тарауды алдын-ала оқулықтан, дәріс жазбалары, әдістемелік нұсқаулардан оқып, біліп алыңыздар. Білімді бақылау тақырып бойынша практикалық тапсырмаларды орындау және "Топырақ құнарлылығының әртүрлі көрсеткіштерін зерттеу"ғылыми экспериментін қорғау арқылы жүзеге асырылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Литосфера туралы түсінік.
2. Жер қыртысының химиялық құрамы.
3. Топырақ экологиясы.
1-тапсырма: қажет болған жағдайда ақпараттық ресурстарды қолдана отырып, глоссарий ұғымдарын тізімдеу және анықтау (терминдерді бос жапырақшаларға жазу).
2-тапсырма: Топырақ түзуші факторлардың рөлін сипаттаңыз. Нақты мысалмен химия өнеркәсібі топырақтың құрамы мен құнарлылығына қалай әсер етеді? Нәтижелерді кестеге енгізіңіз:
Достарыңызбен бөлісу: |