1 Қоршаған ортада химиялық процестерді зерттейтін біп қатар ғылыми пәндер кешені қазіргі заманда қалыптасқан. Оларды «Қоршаған орта химиясы» жалпы тақырыбымен біріктіреді. ҚО



бет6/57
Дата19.01.2022
өлшемі269.24 Kb.
#454685
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
ЭКОЛ.ХИМИЯ КАЗ УМК

Абиотикалық факторларға ауа райы - жарық, температура, ылғал, ауа қозғалысы, қысым; эдафогендік (топырақ) - механикалық құрамы, ылғал сыйымдылығы, ауа өткізгіштігі, тығыздық; орографиялық – жер бедері, теңіз деңгейінен биіктігі; химиялық – ауа газ құрамы, орта тұз құрамы, концентрация, топырақ ерітіндісінің құрамы және қышқылдығы.

Биотикалық факторларға фитогендік (өсімдік ағзалары), зоогендік (жануарлар), микробиогендік (вирутар, қарапайымдылар, бактериялар, риккетсиялар) және антропогендік (адам әрекеті).

А.С. Мончадский (1962) экологиялық факторлардың ерекше классификациясын ұсынды:

- біріншілік периодтық факторлар (температура, жарық), Жер айналу периодына және жыл мезгілі ауысуына тәуелді;

- екіншілік периодтық факторлар (ылғал, шашыңдар, өсімдік қорегінің динамикасы, су құрамында еріген газдар мөлшері, түрішілік өзара әрекеттесу) біріншіліктің нәтижесі ретінде;

- периодты емес факторлар (эдафиялық факторлар, түрлердің өзара әрекеттесуі, антропогендік әсерлер, топырақ-грунт факторлар), дұрыс периодтылығы жоқ.

Химиялық абиотикалық фактордың тірі ағзаға әсері амплитуданың мүмкін болатын төмен және жоғары шектерімен анықталады, неғұрлым шектері кең болса, соғұрлым ағзаның осы факторға тұрақтылығы (толеранттылығы) жоғары.

Ю.Либихтың (1840) минимум заңы бойынша лимитті фактор дегеніміз концентрациясы минимумда жататын элемент табылады.   Өзінің өсімдіктердің минералды қоректену теориясында өсімдіктердің өнімділігіне артық болатын (СО2 и Н2О) заттар емес минимумда болатын (бор сияқты) заттар ең жиі әсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет