Сабақтан тыс жұмыс мақсаттары, мазмұны мен тәсілдері бойынша оқу үрдісінің сабақтан тыс уақыттағы жалғасы бола отырып, онымен үйлеседі және үнемі еріктілік сипатта бола бермейді.
Оны жоспарлау мен ұйымдастырудағы анықтаушы рөл педагогтың үлесіне тиеді. Оған пән мұғалімдері дарынды оқушылармен бағдарламалық материал бойынша білімдерін көтеру мен тереңдету үшін, сонымен бірге артта қалушылармен білімдерін толықтыру үшін жүргізетін жұмыс мысал бола алады.
Оқудан тыс жұмыс – бұл негізінен оқушылар ұжымдарына мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің бағдар беруімен оқушылардың өзін-өзі басқаруды, белсенділігі негізінде жүргізілетін сыныптан тыс шаралар.
Сыныптан тыс жұмыс әр түрлі әрекет түрлерінің жиынтығы, оқушыларға оң ықпал етудің кең мүмкіндіктеріне ие және сабақтағы жұмыспен өзара байланыста жүзеге асатын мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысының жеке дара аясы болып табылады. Осыған байланысты сыныптан тыс іс-шаралардың кейбір түрлерін қарастырайық.
Факультатив
Факультативтік сабақта барынша өз бетінше оқушының танымдық іс әрекеті өзі басқару және оқушылардың саны аз болуы керек. Компьютердегі практикалық жұмыс істеу уақыты барлық уақыттың 75 % құру керек. Факультатив сабақтардың тақырыптық үлгісі екі бағыттан тұрады:
компьютер – құрал ретінде
компьютер және программалық қамтылу – оқу объектісі ретінде.
Факультативтік сабақтардың басты мақсаты білімді тереңдету мен кеңейту, оқушылардың пәнге қызығушылықтарын дамыту, олардың қабілеттерін дамыту, оқушылардың бойында қызығушылықты қалыптастыру, олардың шығармашылығы мен ықыластарын дамыту болып табылады. Факультативтік сабақтар өткізудің қазіргі уақыттағы басты түрлері берілген факультативтік курстың түйіндік сұрақтарын мұғалімнің баяндауы (дәрістік тәсілмен), семинарлар, әңгімелесулер (пікірталастар), есептер шығару, оқушылардың рефераттары (теориялық сұрақтар бойынша да, есептер циклын шешу бойынша да) оқушылардың баяндамалары, т.б. болып табылады.
Информатикадан факультативтік сабақтарды өткізудің мүмкін болатын түрлерінің бірі әрбір сабақты екі бөлімге бөлу болып табылады. Бірінші бөлім жаңа материалды оқу мен теориялық және практикалық сипаттағы тапсырмалар бойынша оқушылардың өз бетімен жұмыстарына арналады. Сабақтың бұл бөлімі аяқталған соң оқушыларға теория мен оның қосымшаларын оқу бойынша үй тапсырмасы беріледі. Әрбір сабақтың екінші бөлімі жоғары қиындықты есептерді шешуге және рекше қиын немесе қызықты есептерді шешу жолдарын талқылауға арналады. Факультативтік сабақтарды өткізудің бұл түрі мектептегі оқытудың түрлері мен тәсілдерінен жоғары оқу орындарында оқытудың түрлері мен тәсілдеріне ойдағыдай өтуге септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |