22. Роль цифровизации в развитии тяжелого машиностроения
Ауыр машина жасауды дамытудағы цифрландырудың рөлі
Тәуелсіз еліміздің өрлеу дәуіріндегі ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының алдына қойған негізгі мәселелері-мейлінше жаңа технологиялық процестер мен операциялар ашу және халық шаруашылығында осы уақытқа дейін ашылған, пайдаланылып келе жатқан технологиялық процестер мен операцияларды ұтымды қолдану болып отыр. Өнеркәсіп құрылымы күрделі, ол көптеген кәсіпорындардан тұрады. Өндіретін өнімнің пайдаланатын шикізаттың немесе технологияның ұқсастығына байланысты кәсіпорындар салаларға бірігеді. Өнеркәсіпте негізінен өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын: энергетика, металлургия, машина жасау және т.б. салалар басты рөл атқарады.Осы ауыр өнеркәсіп саласындағы,маңыздылары машина жасау онда жаңа машианалар мен құрал-саймандар жасалады, химия өнеркәсібі және электр энергетикасы.Олар экономиканың барлық салаларындағы ғылыми-техникалық прогресті анықтайды.
Машина жасау саласының даму ерекшеліктерімен қоса басты мақсаттарына тоқталған жөн:
1.Елімізде шығарылатын өндірістік бұйымдардың сапасын дүние жүзінде шығарылатын бұйымдардың сапасынан арттыру немесе оларға пара-пар етіп шығару.
2.Бұйым шығаратын өндірістің экологиялық тазалықты сақтауы және өндірістің қауіпсіз жағдайда қызмет етуі.
3.Өндірісті барынша ынталандырып, жоғары сапалы өнімдер алу.
4.Бағдарламамен басқарылатын станоктарды пайдалану.
5.Бұйым шығаратын өндірістің ресурс сыйымдылығын, шығынын (еңбекке, материалдарға, энергияға, негізгі қорларға, өндіріске жұмсалған қаржыға кететін және т.б) азайту.
Осы мақсатта машина жасау саласының маңызды бағыттарымен сәйкес келесі тұжырым жасауға болады:
1.Машина жасау кешенін, ең алдымен, станок жасауды, есептеу техникасы өндірісін, прибор жасауды, электртехника және электрон өнеркәсібін түпкілікті қайта құрып, ілгері дамыту.
2.Машина жасау кешенін дамытуға жұмсалатын күрделі қаржының көлемін едәуір арттыру.
3.Жаңа техника жасау және игеру мерзімін қысқартудағы көптеген техникалық әрі экономикалық мәселелерді шешу.
4.Машиналар мен жабдықтардың өлшемді қуаттарын, экономикалық жағынан аяқталатын шекте арттыру.
5.Қайта реттелетін қолайлы өндірістер мен автоматтандырылған жобалау жүйелері,автомат желілері,микропроцессорлық техника құралдары орнатылған машиналар мен жабдықтар,санды бағдарламамен басқарлатын көп операциялы станоктар,робот-техникалық,роторлы және роторлы-конвейерлі кешендердің кеңінен енгізілуіне жол ашу.
Достарыңызбен бөлісу: |