1. Оқу пәнінің төлқұжаты Пәннің атауы «Әдебиет теориясы» Міндетті компонент пәні Кредит саны мен оқу мерзімі


-тақырып. Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар. Қазақ әдебиеттануы ғылымындағы эстетика мен теория мәселесі



бет4/10
Дата19.11.2023
өлшемі155 Kb.
#483657
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
3-тақырып. Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар. Қазақ әдебиеттануы ғылымындағы эстетика мен теория мәселесі.
Формализм – XX ғасырдың басындағы белгілі теориялық ағымдардың бірі. 1920 жылдарындағы орыс зерттеушілері құрған ғылыми ұйымның аты – ОПОЯЗ. Іргелі өкілдері: В.Шкловский, Б.Эйхенбаум, Ю.Тынянов, Р.Якобсон, В.Томашевский. Тұрпайы социологизм. В.Фриче, В.Шулятников, В.Переверзев т.б. Әлеуметтік ортаны, қоғам сипатын артық қою, тұрақталмаған әркелкі көзқарас. Э.Кассирер. «Символикалық формалардың философиясы» атты зерттеуі. Дж. К.Рэнсомның 1941 жылы жарық көрген –«Жаңа сын» атты еңбегі. Америка әдебиеттанудағы және батыс елдеріндегі соны ғылыми мектептің қалыптасуы. Структурализм – формализмнің бір тармағы. Француз мәдениеттанушылары Р.Барт, Кл.Леви – Стросстың 1950 жылдардан бергі ізденістері. Р.Барттың бәрінен бұрын мәтінге көңіл аударуы. Ю.Кристеваның лингвистикалық структурализм шеңберінен шығуы. Роман тексі (1970), «Поэтикалық тілдің революциясы» (1974) атты кітаптары. «Текст өнімділігі», «Семиотикалық ырғақ» туралы. Шетел әдебиеттанудағы антропологиялық теориялар. А. Шопенгауэрдің өзгермес дүние туралы пікірлеріне сүйену. А.Кестлердің К.Г.Юнгтің архетип терминін пайдалануы. Орыс әдебиеттанудағы М.Бахтин еңбектерінің философиялық, теориялық мәні. Ю.Лотманның «Поэтикалық тексті талдау», «Көркем текст құрылымы» атты кітаптары. Математикалық, статикалық зерттеу тәсілдері. Әдебиеттанудағы АҚШ-та серпін алып отырған семантикалық-символикалық сын. Қазіргі миф, символ, метафора жайлы жайлы теориялар. Символдық формалар дербестігі. Көркем шығарманың біртіндеп тұйықталу процесі. Табиғат, адам және қоғам қарым-қатынасы. Әдебиет пен өнерге қатысты синэнергетика жетістіктерін пайдалану (Г.Хакен, И.Пригожин, И.Стенгерс, И.Евин). Тәртіп параметрінің, тұрақтылық пен тұрақсыздық ұстанымы. Құпия символы, апат, секірмелі, сапалық өзгерістер, ырғақ пен синхрондылық, керемет, бедел ұғымдары.
Әсемдік туралы талғам, пайымдардың ұлттық фольклордан бергі үзілмес арнасы. XIX ғасырдағы поэзия өнеріне қатысты арнайы пікір, толғамдар. Ш.Уәлихановтың «Манас» жырын, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» лиро-эпосын жазып алып, насихаттауы. Ы.Алтынсаринның ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жариялаудағы еңбегі. Абай шығармаларындағы поэзияның әлеуметтік, эстетикалық сипатына байланысты пйымдаулар. «Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалятының газетінде», «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» газеттерінде, «Айқап» журналында әдеби-эстетикалық талап –тілектердің өсіп-толысуы үшін атқарған рөлі. М.Жұмабавтың Ақан сері, Базар жырау, Ә.Диваев туралы мақалалары. Ж.Аймауытовтың М.Жұмабаев шығармашылығын талдайтын еңбегінде стиль, әдеби әдіске қатысты пікірлер. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» (1926) - қазақ әдебиеттанудағы алғашқы теориялық кітап. 1920-30 жылдардағы әдеби сын. Зерттеу және айтыс-дау сарындағы мақалалар. Прокультшілер. Тұрпайы социологизм. Ғ.Тоғжановтың Абай, Мағжан шығармашылығы жайлы кітаптарының мәні. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов сияқты көрнекті қаламгерлер айтқан ой-тұжырымдардың шығармашылық әлемімен тығыз байланысы. Е.Смайловтың, Қ.Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы» пәні бойынша дайындаған оқулықтарының әдебиеттану ғылымдарының негіздерін танып-білудегі орны. З.Қабдоловтың «Сөз өнері» атты жоғары оқу орындары филология факультеттерінің студенттеріне арналған оқулығындағы жаңалықтар. Өлең құрылысы мен поэтикалық тіл табиғатын зерттейтін З.Ахметовтың еңбектері. Поэзия және проза, драма поэтикасын, жанрлар сырын сарапқа салатын зерттеулер. М.Қаратаевтың реализм, эстетика табиғатына байланысты мақала зерттеулері. Лирика, поэма жанрларын таразылайтын С.Қирабаев, М.Базарбаев, М.Дүйсенов, Ә.Нарымбетов, Қ.Мәшһүр-Жүсіптің еңбектеріндегі ой-толғамдар, Т.Кәкішевтің әдеби-сын, Р.Нұрғалиевтің драмадағы поэтика, мазмұн мен пішін байланысына орай жазылған кітаптарындағы, Р.Бердібаев, Ш.Елеукенов, Н.Ғабдуллин, Ж.Дәдебаев, Т.Есембеков, А.Жақсылықов сияқты ғалымдардың проза, роман болмысы жайлы еңбектеріндегі ғылыми-эстетикалық тұғырнама. Т.Қожекевтің сатира жанрларын берген анықтама, талдаулары. Салыстырмалы әдебиеттану. Ш.Сәтбаева, Л.Әуезова, Н.Жуанышпеков, Б.Мамыраев, М.Маданова т.б. еңбектері. Коммуникативтік поэтика мәселелері. Қазақ әдебиеттануының әдебиет тарихы, фольклористика саласындағы табыстары. Салыстырмалы әдебиеттану.


4-тақырып. Көркем әдебиеттің табиғаты. Әдебиет және өнер түрлерінің шығу тегі. Әдебиет және эстетикалық категориялар. Көркем әдебиеттің ерекшелігі. Көркем әдебиеттің әлеуметтік сипаты. Әдебиет пен өнердің танымдық мәні.
Өнер түрлерінің пайда болуындағы сатылық даму. Табиғи тұрмыс-кәсіптік өмірдің алғышарт ретіндегі орны. Рулық қауым. Өнердің синкреттілік болмысы. Кәсіптік өзгешеліктерідің уақыт алмасу үрдісімен сабақтастығы. Көне деректердегі Дионис туралы миф. Қоғамдық құрылымдағы ірілену. Құдайларға табыну. Көркем би, әуен, сөздік лириканың тууы. Көне түркі заманы. Отырықшылық пен көшпенділік. Көне жәдігерлер. «Түймекент», «Тас-ақыр қамал» аңыздарындағы тарихи өзек. Соңғы палеолит, сақ-сармат өнеріндегі қиялдың ролі, табиғатпен бірлікке ұмтылыс. Мал шаруашылығы. Аңшылық. Неолит заманындағы миф. Бұғы суретіндегі көне таным. Ай мен күнге табыну. Аруаққа сыйыну, жоқтау өлеңдері. От-анаға табыну. Әсемдік-эстетикалық қасиет ұғымның баламасы. Ажарлылық пен әсемдіктің айырмасы. Түр, көлем, түс, ырғақ, симметрия, үйлесім туралы сезімдердің тарихы. Әсемдік нысандары мен қабылдау сезімдері. Әр дәуірдің, әр ғұламаның сұлулыққа байланысты өз ұғымдары. Әсемдік- объективті құбылыс. Өмірге эстетикалық көзқарас. Эстетикалық таным. Қазақ фольклоры мен әдебиетіндегі әсемдік талғам. Табиғат, жыл мезгілдері, көш суреті, қаһармандық. Тіршілік сәні, әрекет сұлулығы, ой әсемдігі. Қаһармандықтың эстетикалық табиғаты. Әсерлілік. Отан, туған жерге сүйіспеншілік. Қозғаушы күш. Халықтық мүдде. Батырлар және қарапайым адамдардың ерлігі. Трагедиялық сезімнің терең қуаты. Туу және бейнелеу түрлері. Асқақтықтың қаһармандықпен байланысы. Келеңсіздіктің табиғи, әлеуметтік алғышарттары. Жағымсыз әсер және күлкі табы. Сұрқиялықтың эстетикалық болмысы.
Ғылым және әдебиет. Әдебиеттің образдық табиғаты. Әсерлілік. Дүние тану тәсілдері. Образ түрлері. Көрнекілік бейнелердің ғылым мен көркем публицистикадағы орны. Дәлдік пен эмоция. Деректік бейнелер. Көркем бейнеге тән типтендіру әдісі, өмір құбылыстарын қайта сомдау. Көркем образ және таңба. Қиялдау. Шарттылық пен шынайылылық. Әдебиеттегі көркем бейнелердің заттық сипаттан адалығы мен бейзаттығы. Сөздің бейнелік қызметі. Сөздік бейнелердің көзге көрінбеуі. Елес. Сезім. Қиял. Әдебиет пен басқа өнер түрлерінің байланысы және өзгешеліктері. Уақыт пен кеңістікті игерудегі әдебиет туындыларының артықшылығы. Шығармадағы көркемдік кеңістіктің композициялық амал-тәсілдер арқылы берілу ерекшелігі. Өмір құбылыстарын қамту тәсілдері мен қарымдылық. Абай және Пушкин өлеңдеріндегі тіршілік, табиғаттың мол тынысын дәл де әсерлі бедерлеу шеберлігі.
Әдебиет пен өнердің объективті сипаты. Авторлық субъектінің қатысы. Социализм заманындағы көркем творчество. Әдебиет пен өнердің халықтығы мәселесінің тарихи, эстетикалық ролі. Көркем әдебиеттің объективті болмысындағы ұлттық пен жалпыадамдық қасиеттер диалектикасы. Ұлттық және жалпыхалықтықтың түбірлес табиғаты. Ұлт ұғымын құрайтын шарттар. Тілдік, антропологиялық, территориялық, экономикалық факторлар. Тұрмыс-салт, дағды-машық туралы. Ұлттық психика ерекшеліктері. Көркем шығармадағы ұлттық сипат. Тақырып, объект таңдау, эстетикалық талғамдағы тың өрнектер. Бейнелеу жүйесіндегі өмірмен сабақтас детальдар. Қаламгер тұлғасының ерекшелігі. «Тақырып» ұғымының екі түрлі мағынасы. В.Жирмунский мен Б.Томашевскийдің пікірлері. Тақырыптың үш түрлі бастауы. М.Гришманның көзқарасы. Мәңгілік тақырыптар. Тақырыптың антропологиялық аясы. Автор категориясы. Оның өмірбаяндық тәжірибесі.


5-тақырып. Әдеби тұлға, орта, автор. Кейіпкер және көркем образ. Образ және архетип. Шығарманы пайымдау. Шығарманы қабылдау. Автор және шығарма. Әдеби туынды. Теориялық поэтика ұғымы. Шығарма әлемі. Әлем және шығарма.
Таңбалар әлемі. Таңбалар қызметі. Таңбадағы мән. Таңбалар жүйесі. Ф.де Соссюр. Сөз-таңба. Шартты таңба. Ч.Пирс және семиотика. Көркем образдың өзгермелігі мен көп мәнділігі. Жалпы және жекенің бірлігі. Эмоционалдық пен
рационалдық. Объективтілік пен субъективтіліктің бірлігі. Сана және ырықсыздық туралы К.Юнгтің ілімі. Ырықсыздықтың адам психикасындағы объективті сипаты. Ұжымдық ырықсыздық. Архаикалық тәжірибе. Архетип және жеке психиканың даралығы. Архетип түрлері. Сарын ұғымы. А.Веселовский, В.Пропп, Е.Мелетинский пікірлері. XIX-XX ғғ. романдарындағы инициация (шыңдалу) рәсімінің көріністері, мифтік желілер, образдық ой салыстырулары.
Коммуникативтік поэтиканың маңызы. Герменевтика- гумантитарлық ғылымдардың методологиялық негізі. Түсіну ұғымы. Сөз, өнер сөзі. Түсінудің кісіаралық сипаты. Интуитивті тану және интерпретация. Түсінудің шарттылығы. Интерпретацияның (зерделу) таңдамалы және шығармашылық қуаты. Оқырман және автор. Шығарманы зерделеу. Оқырманның дербестігі мен авторға тәуелділігі. Рецептивті эстетика. Оқырманның шығарма болмысына қатыстылығы. Оқырман бейнесі. Қиялдағы оқырман, адресат тұжырымдамасы. Әдеби сынның ролі. Бұқаралық оқырман. Әдеби классика. Бұқаралық әдебиеттің мағыналары. Беллетристика аталымы туралы. Эпигондықтың салдары. Автор мәртебесі: 1) реалды тұлға; 2) автор образы; көркемдік қызмет субъектісі. Шығармашылық субъективтілік көріністері. Дара авторлық бастау және дәстүршілдік сана. Өнердегі артистизм, ойын элементтері. Ойынның нәтижесі, рахат сезімі. Автордың жоғалуы – немесе Автор және Скриптор. (Р. Барт). Оқырман белсенділігі
Нормативті және жалпы поэтика. Теориялық поэтиканың міндеттері. Тарихи поэтика. Көркем шығармашылық әлемінің дискреттілігі (үзілмелігі). Өлең дестелері (цикл). Прозадағы іліктес туындылар. Фрагмент немесе бөліктің дербес сипаты. Музыкадағы сөз мәтіндері, поэма, өлең, әдеби сындағы эпизодтар. Жарияланымдар, ішінара өзгерістер. Форманың үш қыры. Антикалық риторика мен формалистер көзқарасындағы үндестік. Көркем мазмұнға лайық жаңа терминдер, оның синтездік қасиеті. Шығарманың көркемдік әлемі қамтитын аялар: предметтік бейнелеу жүйесі, кейіпкер іс-әрекеті, кейіптемесі, психика құбылыстары, қоршаған болмыс фактілері (заттар, интерьер, табиғат суреттері т.б). Психологизм. Адамның ішкі өмірін кестелеу. Қаһарман пішіндемесінің көркемдік қызметі. Тұрақты кескін белгілері. Дәріптей кестелеу. Жанр сипатымен сабақтастық. Статикалық, динамикалық келбет нышандары. Кейіпкер сөздері. Диалог пен монологтың эстетикалық тұрғыдан қажеттілігі. Әр түрлі функционалдық мағыналары. Көркем туындыдағы заттар әлемі. Олардың психологиялық жағдай тудырудағы ролі. Дүние, мүлік, жиһаздың поэтикалық астары, мінез, өмір салтын танытудағы маңызы. Табиғат көріністері. Әдебиеттегі пейзаждың жан-жақты қызметі. Мәселенің тарихи, эстетикалық сипаты. Әлем және шығарма: уақыт пен кеңістік. Сөз бейнелілігінің уақытпен сабақтасуы. Физикалық уақыт, перцептуалдық уақыт, концептуалдық уақыт. Фольклор мен әдебиеттегі уақыт пен кеңістік. Автор уақыты, кейіпкер уақыты, сюжеттік уақыты. Сюжет пен тартыс. Сюжет туралы А.Веселовскиий, В.Шкловский, Б.Томашевский пікірлері. Фабула ұғымы. Сюжеттің XIX ғасырдағы анықтамасы. Сюжет оқиғаларының өмір құбылыстарымен байланысы. Сюжет табу жолдары. Сюжет түрлері. Композиция. Композицияның шығармадағы реттілік үйлесім тудырушы қызметі. Эстетикалық әсері. Айшықтылығы. Қайталаулар. Өзгерте қайталау. Сарын ұғымының сюжеттік жүйедегі ролі. Сөздік сарындар. Бейнелеудің детальдық түрі. Жасыру тәсілі. Тану тәсілі. Ой астары. Ишара. Монтаж немесе ой арқылы алыстан қиыстыру. Қосымша әңгіме, лирикалық шегініс, уақыт барысындағы алмастырулар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет