1. Оқу пәнінің төлқұжаты Пәннің атауы «Әдебиет теориясы» Міндетті компонент пәні Кредит саны мен оқу мерзімі


-тақырып. Көркем сөз бен мәтін. Шығармашылық әлем және әдеби болмыс. Жазу кезеңдері



бет5/10
Дата19.11.2023
өлшемі155 Kb.
#483657
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
6-тақырып. Көркем сөз бен мәтін. Шығармашылық әлем және әдеби болмыс. Жазу кезеңдері.
Стилистика. Лингвисикалық поэтика мен стилистиканың айырмашылығы. В.Виноградов: лингвистикалық және әдебиеттанушылық стилистика терминдері. Көркем сөз қабаттары: лексико-фразеологиялық амалдар, сөздік семантика, фонетикалық деңгей. Сөз әуені. Дыбыс мәні. Интонация. Дауыс ырғағы. Өлең сөз бен қара сөз. Даму жолдары. Құрылымдық, эмоционалдық ерекшеліктері. Мәтін. Текст ұғымының әр алуан мағыналары. Лингвистика мен әдебиеттану аяларындағы мәтін туралы түсініктер. Текстология ғылымы. Мәтінді семиотика және мәдениеттану тұрғысынан бағалау. Сөзсіз мәтіндер. Текст-толғамдар. М.Бахтин және Ю.Лотман пікірлері. Мәтіндегі диалогтық қатынас. Текстегі әртілділік. Мәтіннің мәдени әрі қарым-қатынас субъектісі ретіндегі маңызы. Мәтін шексіздігі (Ж.Деррида,Р.Барт) жайлы постмодернистік тұжырым.
Қаламгердің еңбек тәртібіне тән еркіндік. Белгілі бір схема, ереженінің болмауы. Шығармашылық процестегі ой өзегінің ролі. Оның пайда болу, қызмет ету түрлері. Кездейсоқтық факторы. Мақсатты ізденіс. Шығармашылқ үшін жазушы өмірбаянның елеулі маңызы. Өмір материалын іздеу, табу, қоршаған ортаны, адамдарды зерттеу. Жоспар құру. Қосымша деректер жинастыру, фактілерді анықтау. Түптұлғаны таңдау, іріктеу. Әр суреткердің күй таңдау, жұмысты жүргізу, аяқтау ерекшеліктері.


7-тақырып. Әдеби тек. Эпос, лирика, драма. Әдеби жанрлар. Роман. Повесть. Поэма. Әңгіме және новелла. Лирикалық жанрлар. Баллада. Трагедия. Драма.
Бұл ұғымының күрделі болмысы. Тарихи сипаты. Терминді анықтаудағы шартты пікірлер. Эпос, лирика, драманың шығу тегі. Тұрмыс-салт жырлары, өнердегі синкретизм. Эпос. Өткенді баяндау. Уақыт алшақтығы. Авторлық толғам. Адамның ішкі өмірі. Баяндауыш тұлғасы. Баяндауыш монолог. Драма. Эпоспен қарайластық. Әрекет құдіреті. Автор сөзі. Кейіпкер сөздері мен монологтар. Уақыт межесі. Театр шарттары. Сахна талаптарының бейімделу. Актер ойыны, режиссер шешімдері. Лирика. Жекелік сана мен сезім көріністері. Көңіл күй ахуалы. Лирикалық әсер. Лирикадағы сыртқы әлем. Шағын формалардың ұтымдылығы. Ықшамдылық. Толғану сәттері. Лирикалық экспрессияның синтаксистік-ырғақтық құрылымы. Әсер тұтастығы. Әнге ыңғайлас сипат. Шартты түрдегі қосымша әдеби тектер. Очерктер, жолжазбаларындағы шынайылылық пен автор толғаныстары. «Сана тасқынының» әдебиеті. Ой мен әсер хаосы.
Жанр жіктемесінің күрделі сипаты. Жанрды анықтайтын сапалардың неғұрлым тұрақтылығы. Жанрлық канондар. Жанрлық дәстүрлер және уақыт. Жанр мен композицияның төркіндестігі. Роман. Кең тыныстылық. «Жүрек поэзиясы» мен «тұрпайы тіршілік» (Гегель) арасындағы тартыс. Қаһарманның жан-жақтылығы (Белинский). Романдағы адам мен тағдырдың «сәйкессіздігі» (Бахтин). Повесть- аралық жанр. Повестің тарихы. Тақырыбы. Баяндау ауқымы. Мазмұн тереңдігіне мән арту. Повесть пен поэманың ұқсастығы һәм айырмашылығы. Әңгіме және новелла. Алғашқы мағыналары мен қазіргі сипаты. Әңгімедегі көлем және айтар ойдың жарасымды өрімі. Лирика жанрлары. Баллада. Баллада мен өлең сөзге құрылған мысалдың лиро-эпикалық жанрларға тән сипаты. Сюжеттегі жаңалықты тыныс пен қуатты ширығыс. Қазақ өлеңінің ұлттық болмысы. Арнау лирика, толғау лирика, баяндау лирика. Трагедиядағы жеке мүдде мен сыртқы күштердің арасындағы шешілмес қайшылық. Көне дәуір шығармаларындағы тағдыр үкімімен күрес сарыны. Кейінгі дүниелерде мистикалық сипаттың жоғалуы. Драмадағы қайшылықты тұрмыстық, қарапайым тілек-мұрат ыңғайындағы мағына алуы. Қаһарманның әлеуметтік белсенділігі. Өз дәуірінің рухани-адамгершілік мәселелерін көтеру. Шектеулі дәрежедегі, ымыраға келетін қақтығыстар. М.Әуезов, Ж.Аймауытов, Т.Ахтанов т.б. туындылары. Комедияның дүниеге келуіндегі тарихи алғы шарттар. Сахна өнері, сайқымазақшылармен тығыз байланыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет