1. Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру



бет8/9
Дата13.06.2022
өлшемі62.52 Kb.
#459191
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жалпыға бірдей құқықтық білім беру бағдарламасының жоспары ҚМЖ (1)

Тақырыбы: « Біз қамқорлықтағыларға жауаптымыз »
Мақсаты:Үй жануарлары және олардың адамға пайдасы туралы түсінік беру. Неліктен үй жануарлары - деп аталатыны, адамдар оларға қамқорлық жасайтынын түсіндіру.
Сөздік қорын молайту, тойлау, көру, қабылдау қабілеттерін дамыту.
Үй жануарларына деген қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Үй жануарлары және олардың үлестірмелі суреттері, бетперде ойыншықтар.
Әдісі: Көрсету, ойын, әңгімелету, сұрақ- жауап, көрініс.
Барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар шеңбер құрып, ойыншық төлдерді алып, оларға жылы сөздер ойлап тауып, амандасады.
- Сәлеметсің бе! Сүйкімді лақ, ақ бота, ақ қозы. Т.б.
- Суретте не көріп тұрмыз? (ауыл көрінісі)
- Ауылда қандай малдар жайылып жүр?
Осы кезде есік қағылады. Үй қожасы келеді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерден көмек сұрауға келдім. Менің үй жануарларым орманға қашып, аңдармен араласып кетіпті. Егер сендер дұрыс олардың аттарын айтсаңдар, олар үйге қайтып келеді. Егер сендер, үй жануарларымды жабайы аңдардан бөліп, ажыратып беруге көмектессеңдер, мен сендерді ескерусіз қалдырмаймын. Осы үй жануарларының бірінен алынатын өнімдерінен дәм татқызбақпын.
Тәрбиеші: Қане, балалар, қожайынға көмек көрсетіп, ауылдың тәттісінен дәм татайық.
Көмектесеміз бе?
(Балалардың жауабы)
(Балалар үй жануарлары мен жабайы аңдардың аттарын айтып, екі жаққа бөледі)
- Балалар, біз сонымен қожайынға қандай жануарларды бөліп, аттарын атап бердік?
(Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі, мысық, ит)
Бұларды бір ауыз сөзбен қалай атаймыз?
(Үй жануарлары)
- Олай болса, бүгін біз сендермен осы үй жануарлары жайлы танысып, білетін боламыз.
Тәрбиеші: Қожайын, сіз енді біздің ортамызға келіп қалған екенсіз, бізге бүгін қонақ болыңыз. Сіздің үй жануарларыңыз жайлы біздің балалардың қаншалықты білетінін көріп қайтыңыз.
 Ғ. Мүсіреповтің «Үй жануарлары» әңгімесін оқу, талдау.
Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық, тауық адамның үйінің маңайында тіршілік етеді. Сондықтан олар үй жануарлары деп аталады. Үй жануарлары адамға көп пайда келтіреді. Жылқыға мінеді, оны арба мен шанаға жегеді, сүтінен қымыз ашытады. Түйеге жүк артады, жабағысы күпіге жақсы болады, сатса жүні пұл болады. Сиыр мен қой адамдарды сүтімен, етімен асырайды. Ит қасқыр мен ұрыдан сақтап, қора күзетеді. Осылардың бәрі тегін қызмет етпейді. Олардың қызметі үшін адам асырайды, бағады. Қыстыгүні аяздан тоңбайтын жылы қора жасайды, ұры, бөріден сақтау үшін бақташы қояды.
Мәтін бойынша сұрақтар:
- Адамның үйінде қандай жануарлар тұрады?
- Үй жануарлары қандай пайда келтіреді?
- Жылқыны не істейді?
- Сиыр мен қойды не үшін ұстайды?
«Төлдерін ата» ойыны
Үй жануарларының төлдерін атайды.
-Түйенің төлі – бота.
- Ботаны көрсетші.
- Балалар, сендер үй жануарларының төлдері мен енелерін қалай аталатынын білдіңдер, енді біз олардың дауыстарын тауып, ажыратып көрейік. Ол үшін:
«Дауысынан таны» дидактикалық ойынын онап көрейік.
Балалардан үй жануарлары мен төлдері болып екіге бөлінуін ұсынып, сиыр, жылқы, қой, ешкіні және олардың төлдерінің бетпердесін киюін сұрау. «Қой» болып тұрған бала «мә» деп дыбыс шығарады, ал төлі дауысын танып, жауап беріп қасына барып тұрады. т. б. с. с.
Балалар көрініс көрсетеді.
Ертегі: Бір күні, сиыр, ат, ит үшеуі таласты.
Сиыр: Қожайын мені жақсы көреді. Мен сүт беремін, айран беремін. Менің пайдам өте көп.
Ат: Мені жақсы көреді. Менің етімнен қазы, қарта, шұжық жасайды. Сүтімнен қымыз жасайды. Менің пайдам өте көп.
Ит: Жоқ, қожайын мені жақсы көреді. Мен үй күзетемін. Қасқырды жолатпаймын. Менің пайдам өте көп.
Қожайын: Сендер босқа таласпаңдар. Маған бәрің керексіңдер.
Тәрбиеші: Жақсы, қожайынға сиыр да, ат та, ит те керек. Олар бәрі адамға пайда әкеледі.
Қорытынды:
Тәрбие сағатын қонақта отырған, қожайын сөзімен қорытындылап, тәрбие сағатына жақсы қатысқан балаларды атап өту, мақтап, мадақтау.
Қожайын, балаларға рахметін айтып, үй жануарларына әр уақытта қамқор көрсетіп, күтіп – баптаса, олардың берер өнімі көл – көсір екендігін айтып, дорбасынан ауылдың тәттісін үлестіріп, балалардың көмектеріне рахметін айтып, қоштасып, ауылына қайтады.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді? (Қожайын)
Ол кісі қандай жануарлардың қожайыны екен? (Үй жануарлары)
Бізде сол қожайынның арқасында, үй жануарларының пайдасы мен олардан алынатын өнімдері жайлы білдік. Енді оларды күтіп – баптап, қамқорлық көрсететін болайық!
Бағалау.
Тәрбие сағатына жақсы қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет