Тақырыбы: Мінез-құлық мәдениеті Мақсаты



Дата27.03.2024
өлшемі0.6 Mb.
#496628
Мінез-құлық мәдениеті тәрбие сағаты




Тақырыбы: Мінез-құлық мәдениеті

Мақсаты:

  • оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту;

  • мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету, сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

  • жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайдтар, қанатты сөздер, бейнежазба, үнтаспа


Әдісі: сұрақ-жауап, ізденушілік жұмыс, кім жылдам, автор орындығы, сын
тұрғысынан ойлауды дамыту.
Күтілетін нәтиже:

  • оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейеді;

  • мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата алады;

  • жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиеленеді.



Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушылардың іс -әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

«Есімдер аллитерациясы»
Нұсқау:Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып,өзіңіздің мінезіңіз туралы айтып кету керек.

Оқушылар мен ақылды–Ақнұрмын.Ақкөңілмін,тез ашуланам.



Топтастыру

2 түсті стикерлерді бір-бірден таңдап,бірдей түстілер бір топ болады.

Оқушылар стикерлердің түстеріне қарай 2 топқа бөлінеді.

«Ой қозғау» әдісі

«Ата ана мен бала» бейне жазбадан көрсетемін.
Жетелеуші сұрақтары:
Мына бейне жазбадан не байқадыңдар?
Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсың?

Оқушылар бейне бойынша өз ойлаын ортаға салады.

Постер қорғау

«Жақсы адам», « жаман адам» қасиеттер жиынтығынан постер қорғау

Оқушылар берілген тақырыпшалар бойынша постер қорғайды

Іскерлік ойын – «Өзімді бағалаймын»


Таратылған стикерлерді
Жағымды қасиеттерім , Жағымсыз қасиеттерін жапсырады Ол үшін алдымен өзіңіздің бойыңызды қандай қасеттер бар соны ойланып алып, екі бағанға бөліп
Бұл жаттығуды жүргізудегі негізгі мақсатымыз біріншіден өзімізді, екіншіден басқа адамдарды танып білу үшін болса, үшіншіден бойымыздағы жаман қасиеттерді жойып, жақсы қасиеттерімізді асыру болады.

Оқушылар өз бойларында бар жақсы және жаман қасиеттерін тақтаға жабыстырады

«Есте сақтау» әдісі

«Шегенің ізі» бейне жазбасы көрсетіледі

«Кім жылдам» ойыны

«Мінез құлық мәдениеті» тақырыбына қатысты сөздерді ішіне жазу керек, ал қатысы жоқ сөздерді сыртына жазу керек: ақылды, мейрімді, бойшаң, мейрімсіз, ашуланшақтық, өкпелегіш, тәтті,өзімшілдік, жайдарлы , көрікті, ажарлы, ренжігіш, қатал, тұйық, ақкөңіл, қыңыр, сабырлы, сұлу, ақымақ.

Оқушылар ішіне- сыртына стратегиясын толтырады

Қорытынды

Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез-құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі-өнеге тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді.Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатыма жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн.

Рефлексия

Өзіңе пайдалы мәлімет ала алдың ба?
Қандай әсер алдың?
Тілегің мен ұсынысың бар ма?

Оқушылар кері байланыс айтады


Тақырыбы: Мінез-құлық мәдениеті
Сыныбы: 1 ә» сыныбы
Сынып жетекшісі: Изтлеуова К.Б

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет