1. Патологиялық физиология туралы түсінік, оның маңызы. Патофизиология


Патогенездегі себеп- салдар қатынастар



бет6/44
Дата17.09.2023
өлшемі111.86 Kb.
#477777
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
1. Патологиялы физиология туралы т сінік, оны ма ызы. Патофизи

11.Патогенездегі себеп- салдар қатынастар.
Патогенез (гр. pathos - бүліну, ауру, genesis - даму) аурудың даму жолдарының жалпы заңдылықтарын, оның өтуі мен салдарларын зерттейтін ілім. Ол аурудың этиологиясымен өте тығыз байланысты. Бұл кезде дене
мүшелерінің кез-келген бөлшектерінде организмнің себепкер ықпалмен өзара әсерлері нәтижесінде алғашқы бүліністер пайда болады. Қандай да болмасын дерттің негізінде белгілі құрылымдық өзгерістер жата-
ды. Бұл бүліністерге организм жағынан жауап ретінде қорғану-икемделу үрдістері дамиды. Аурудың даму кезінде бүліну және қалпына келу үрдістері тығыз байланыста және өзара әсер етуде болады.
Себепкер ықпалдың қарқыны тым қатты болғанда немесе олар ұзақ мерзімде әсер еткенде организмнің қорғану-икемделу жолдары жеткіліксіз болады. Қорғану-икемделу жолдары ауруға организмді азды-көпті бейімдеп тұрғанда аурудың теңгерілген сатысы болса, кейін олардың жеткіліксіздігі кезінде аурудың теңгерілмеген (декомпенсациялық) сатысы дамиды.
Патогенездің негізгі және ең жалпы зандылығы - өзін-өзі дамыту, өзін-өзі реттеу заңдылығы болып табылады. Демек, дерт бір кезде пайда болып, содан ары қарай тізбектеліп өтетінін көрсетеді. Мәселен, басталған сыздауық немесе теріскен барлық сатыларынан өтпей аяқталмайды. Ауру ұдайы дамып, өзгеріп, құбылып тұратын динамикалық үрдіс.Осыған байланысты аурудың әрбір даму сатыларына сәйкес "себеп-салдарлық" арақатынастар пайда болады. Мәселен, дененің жарақаттануы бүлінген тіндердің сезімтал рецепторларын қоздырып, ауыру сезімталдығына әкеледі. Ауыру сезімі орталық жүйке жүйесінде қантамырларының қимылдық орталығын әлсіретеді, содан артериалық қан
қысымы төмендейді. Артериалық қан қысымы төмендеуі қанмен қысымы төмендейді. Артериалық қан қысымы төмендеуі қанмен оттегінің тасымалдануы бұзылуына, тіндерде оттегінің жеткіліксіздігіне
(гипоксияға) әкеледі. Ары қарай гипоксия зат алмасу үрдістерінің бұзылуына, қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің метаболизмдік ацидоз жағына ығысуына т. с. с. өзгерістерге әкеледі.
Бұл көрсетілгендер жарақаттану дертінің патогенезіне жатады. Мұнда алғашқы бірінші себепкер ықпал болып жарақаттану есептеледі, оның салдары ауыру сезімі. Артынан ауыру сезімі қан айналымының бұзылыстарына себепкер ықпал болады. Қан айналым бұзылыстары гипоксия дамуына әкеледі. Осылай жарақаттық ауру дами береді. Сонымен, бірінші себеп, белгілі бір салдарға әкеліп, екінші реттегі себептің пайда болуына, екінші себеп үшінші реттегі себептің дамуына әкеліп, дерт ары қарай тізбектеліп өтеді. Аурудың дамуындағы осындай арақатынастарды себеп-салдарлық арақатынастар дейді.
Аурудың даму жолдарындағы себеп-салдарлық арақатынастардың ішіндегі
ең маңызды тізбегін патогенездің негізгі тізбегі дейді. Мәселен, жоғарыда
келтірілген жарақаттық сілейменің (шоктың) негізгі тізбегі болып ауыру
сезімі есептеледі. Сол себептен ол дертті емдеу үшін ауыру сезімін баса-
тын дәрілер қолданылады.
Сол жақ жүрекше-қарынша аралық тесіктің тарылуы көптеген бұзы-
лыстардың тізбегіне әкеледі. Бұл кезде сол жүрекшенің қуысы кеңиді,
қан кіші қанайналым шеңберіне жиналып қалады, оң қарыншаның
қызметі бұзылады. Артынан қан үлкен қанайналым шеңберінде жинала-
ды, оттегінің тасымалдануы бүзылады, гипоксия дамиды, ентігу т.с.с. пайда
болады. Бұл көрсетілгендердің ішінде осы ауру дамуындағы негізгі тізбек
болып, сол жақ жүрекше-қарынша аралық тесіктің тарылуы есептеледі.
Осыдан митралдық қақпақшаны кеңіту (комиссуротомия жасау) дерттің
барлық көріністерін жоғалтады.
Қантты диабеттің негізгі тізбегі болып инсулиннің жеткіліксіздігі,
Аддисон ауруының негізгі тізбегі бүйрек үсті бездерінің сыртқы
қабатының гормондары өндірілмеуі немесе тым аз өндірілуі болады. Сон-
дықтан бұл аурулар кездерінде инсулин немесе кортикостероидтык гор-
мондар енгізу оларға тән барлық әйгіленімдердің жоғалуына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет