1. Патологиялық физиология туралы түсінік, оның маңызы. Патофизиология



бет1/44
Дата17.09.2023
өлшемі111.86 Kb.
#477777
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
1. Патологиялы физиология туралы т сінік, оны ма ызы. Патофизи


1. Патологиялық физиология туралы түсінік, оның маңызы.


Патофизиология - (гректің pathoз (ауру, дерт, кесел), physis - (табиғат, жаратылыс, функция, қызмет), logos - (ілім, ұғым) деген сөздерінен құралған) дерттану физиологиясы деген ұғымды білдіреді.
Ол ауру организмнің тіршілік заңдылықтарын тексереді.
Атап айтқанда, патологиялық физиология жасушалардың, ағзалардың, жүйелердің және түтас организмнің қалыптан тыс өзгерістерінің ең жалпы зандылықтарын анықтайды.
Патофизиологияның негізгі мақсаты:

  • дерттік үрдістердің (аурудың) пайда болу себептері,

  • даму және сауығу жолдары мен оның салдарларын зерттеу есептеледі.

Патофизиология пәнінің міндеттері:

  • аурудың пайда болу себептік байланыстарын (этиологиясын) зерттеу;

  • аурудың даму және сауығу жолдарының негізгі заңдылықтарын (патогенез) анықтау;

  • тәжірибелік емдеу тәсілдерін жетілдіру;

  • жас мамандар мен оқушыларда клиникалық дүниетанымды қалыптастыру;

  • дерттанудың жалпы қағидаларын қалыптастыру.

Патологиялық физиология жалпы биологиялық ғылымдармен тікелей байланысты және олардың, әсіресе қалыпты физиология мен биохимия пәндерінің, негіздеріне сүйенеді. Олардан айырмашылығы жоғарыда көрсетілген патофизиологияның мақсаттары мен міндеттерінде.
Сонымен бірге патофизиология патанатомия пәнімен тығыз байланысты. Бұл екі пән жалпы биологиялық және клиникалық пәндердің арасында түрады
Егер патологиялық анатомия науқастың ағзалары мен тіндеріндегі жергілікті құрылымдық өзгерістерді зерттесе,
онда патофизиология түтас организмді, оның реттеуші жүйелерімен біріктіріп зерттейді.


2. Патологиялық физиологияны оқытудың негізгі әдістері.


Патофизиологияның негізгі әдістері:
1. Моделдеу (жануарларда, оқшауланған ағзада, жасушалар мен тіндердің
өсінділерінде, математикалық)

  1. Жануарларда моделдеу. Зертханалық жануарларда моделдеу кезінде адам

организмінің, бірталай күрделі екенін және әркашан әлеуметтік факторлардың ықпалында болатындығын әр уақытта есте сақтау керек. Сол себепті, іс жүзінде адам ауруының толық көрінісін алу мүмкін емес.
Бірақ жекелей симптомдарды, синдромдарды және патогенездін ең маңызды тізбектерін жануарларда зерттеуге болады.
Мысалы, жануарларда адамның гипертониялық ауруын толық күйінде моделдеуге болмайды, бірақ оның ең манызды симптомы - кан кысымының тұрақты көтерілуін (гипертонияны) орбітуге болады.
Сонымен катар адамның бірқатар ауруларын (психикалық аурулар, подагра, асқазан обыры және өспелердің кейбір басқа түрлері, кеңірдекшелік демікпе, кызылша, скарлатина және т.б.) эксперимент арқылы туындату тіпті мүмкін емес.
Жануарларда патологиялық үдерістерді зерттеу үшін келесі әдістерді қолданады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет