Ақпараттық өзара қарым-қатынас құралдарын пайдаланудың болашақ бағыты. Телекоммуникация мен Интернет желісінің жылдам дамуы, біріншіден – бүгінгі күнде ақпараттық технологиялар туралы ғана айтқанда ғана емес, сонымен бірге ақпараттық және коммуникациялық технологияларға да байланысты. Қазіргі уақытта көптеген бағдарламалар мен ақпараттық ресурстарды Интернет арқылы қол жеткізуге болады, себебі интерфейс неғұрлым жеңілдетілген.
Екінші маңызды технологиялық өзгерістердіңі бірі – CD ROM қолдану болды. Бұл оптикалық сыртқыларды CD ROM (Compact Disk Read Only Memory) компакт-дискілеріне сақтайтын құрылғы, оның жабы көлемі үлкен (бірнеше мегабайт) болып келеді. Оған үлкен гипертексттерді, мульти- және гипермедиа және т.б. сақтайтын инструменталды бағдарламалық құрал болып саналады.
Мультимедиа технологиясы – бұл CD ROM-технологиясын қолдануға негізделген, аудиовизуалды ақпараттарды беру, сақтау, өңдеу, продукциялау әдістері, тәсілдері мен т.б. жиынтығы. CD ROM-технологиясын қолдануға негізделген мультимедиа-операциялық ортасы интерактивті диалог мүмкіндіктерін қолдана отырып, әр түрлі формада (видеофильм, мәтіт, графика, анимация, слайдтар, музыка) берілген аудиовизуалды ақпараттарды интеграциялау мүмкіндігін береді.
Ақпараттық технологияларды оқытудағы аппараттық және инструменталдық бағдарламалық құралдардың дамуындағы маңызды прогресс дидактикалық идеяларды жүзеге асыруға арналған жақсы техникалық мүмкіндіктерді көрсетеді.
Сонымен қорытындылай айтатын болсақ, кәсіби білім беруді ақпараттандыру педагогикалық технологияларға тек оқытудың жаңа құралдарын қолдану ғана емес, сонымен бірге компьютерлік телекоммуникациялар негізінде оқыту әдістері екеніне көзімізді жеткізуге болады.
Педагогикалық программалық құралдар (мультимедияық – электрондық оқулықтар, электрондық тестілеу программасы) компьютерде көрнекі түрде көрсетіледі және онда мына мәселелерге баса назар аударылуы керек:
· Оқу мақсаты мен оның негізгі идеясы;
· Оқу мақсатын жүзеге асырудың толымдылығы;
· Программалық безендірілуі;
· Қолданушылық интерфейсі;
· Оқу процесі мен сабақтарға программаның құрылу бағыты;
· Программаның қолдану әдістемесі;
· Программаның қолдануға арналған нұсқаулары;
Қоғамның қазіргі даму кезеңі жедел ақпараттандырылу процесімен сипатталады. Ақпараттық компьютерлік технологиялардың білім беру жүйесіне енуі жаңа тарихи - әлеуметтік жағдайлардың талабы болып отыр. Компьютерлік технологиялардың дамуы мектеп түлегінің функционалдық сауаттылығына тағы бір көрсеткіш, компьютерлік сауаттылық көрсеткішін, енгізіп отыр. Яғни бүгінгі таңда мектеп түлегінің білім сапасын, компьютерлік сауаттылығын жоғарлату үшін тек қана информатика сабағында ғана емес, барлық пән сабақтарында, соның ішінде қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды тиімді қолдану міндет болып отыр. Бірақ бұл технологияларды біз қалай қолдануымыз керек?
Егер біз бұл технологияларды бұрыңғы білім беру жүйесіне бұлжытпай кірістірсек, компьютер сабақта тек қана техникалық құрал ретінде қолданылып қала береді. Компьютерді - білім беретін бағдарламалық педагогикалық құрал ретінде қарастыру қажет. Яғни компьютерді тек қана техникалық жағынан қамтамасыз ететін құрал ретінде ғана қолданып қоймай, оқушымен сұхбаттасатын таза білім “сақтаушысы” ретінде қарастырған жөн.
Сонда ғана мультимедиа жүйесі:
· қазіргі қоғамды ақпараттандыру жағдайдағы жеке тұлғаны дамытуға арналған міндеттерге сәйкес білім мазмұнын, оқыту әдістері мен ұйымдастыру түрлерін іріктеу әдіснамасын жетілдіруге;
· тілді белсенді оқытудың әртүрлі үдемелі әдіс-тәсілдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге;
· оқушының интеллектуалдық потенциалын дамытуға, өз бетімен білім алу білікіліктерін қалыптастыруға, ақпараттық оқу, зерттеу әрекетін ұйымдастыруға;
· оқушының оқуға деген қызығушылығын қазіргі кездің кешенді ұсынатын және көру, есту негізінде қабылданатын ақпаратты құбылтып өзгертетін құралдарды қолдану арқылы арттыруға мүмкіндік береді.
Сабақта келесі бағдарламаларды қолдануға болады:
1. Тренажер – бағдарламалар;
2. Бақылаушы - бағдарламалар;
3. Тәлімгерлік бағдарламалар;
4. Көрнекіліктер бағдарламалары;
5. Ақпараттық-анықтамалық бағдарламалар
Тренажер – бағдарламалар оқушының білімін, білік-дағдысын бекітуге, пысықтауға арналған.
Бақылаушы - бағдарламалар бақылауға қажетті тұрақтылықты, көпнұсқалықты, бағаның мұғалімнің субъективтік көзқарасынан және тағы да басқа факторлардан тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, білім беру үрдісінің сапасын жоғарлатып, оқытушының еңбек өнімділігін, нәтижелілігін жоғарлатады.
Тәлімгерлік бағдарламалар - оқушылардың жауабын өндейтін бағдарламалар.
Көрнекілік - бағдарламалары арқылы компьютерді көрнекілік құралы ретінде қолдана отырып оқушыларды жаңа тақырыпқа керекті материалдармен таныстыруға болады.
Ақпараттық-анықтамалық бағдарламалар керекті ақпаратты алуға арналған. Оқушы компьютер арқылыкезкелгенақпаратқорынанақпаратжинайалады.
Педагогикалықкомпьютерлікбағдарламалыққұралдарды (ПКБҚ) құрастырыпқолданамындегенмұғалімкелесіталаптардыескерукерек:
1. ПКБҚ базистіккурстыңбағдарламасынқамтукерек;
2. ПКБҚ жүйелітүрде де, эпизодтықтүрде де қолданылукерек;
3. ПКБҚ оқыту, бақылау, ізденісфункцияларынорындаукерек;
4. ПКБҚ мазмұныныңкөлеміресмиоқулықтардыңкөлеміненасыптүсукерек;
5. ПКБҚ дидактикалықмазмұнынкомпьютерсізоқытуда да қолдануүшін, бағдарламабасыпшығаратынөнімменқамтамасызетілуікерек.
Сабақты канспектіні лекциаларды Internet-презентациа түрінде орналастыру қиын емес. Бұл материалдарды мектеп сайтына орналастыруға болады.
Гиперсілтеме терминін Тед Нельсон 1965 жылы енгізген. Ол белгили бир созге басып сол туралы маңлұматтар алуды женілдетеді. Мысалга мұнай слтемелерді оңай Internet тен коруге болады жане тегін
Вертуалды саяхат.
Музей ,галерея, көрме сайттарынан керемет вертуалды саяхат сабағын қткізуге болады.Дал сол сиякты көптеген зовод, фабрикалардын жумыстарын да вертуалды көріп танысуға болады.Көптеген қалалар сайты да бар солар арқылы география сабағын да вертуалды өткізуге болады, web-камераны қолданып елдің түкпір-түкпірін көруге болады.
Мультимедиалық технологиялар.
– бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.
Мультимедиа құралдары деп әр түрлі орталарды: графиканы, гипермәтінді, дыбысты, анимцияны, бейнелік көріністерді пайдалана отырып тұтынушының компьютермен әрекеттесуін жүзеге асыратын ақпараттық және программалық құралдардың біріктірілген кешендерін айтады. Мультимедиа жарнамалық бизнесте, компьютерлік ойындар жасауда кең қолданылады. Мультимедиа технологияларынң қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауда және де басқа оқып үйренуге арналған материалдар дайындауда көп пайдаланылады. Мультимедиалық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологиялары дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.
Мультимедиа технологиялары құралдарын оқу әдістемелік материалдары кешендерін жасауда қалай қолдануға болады? Оларға әр түрлі мультимедиалық эффектілерді жай мультимедиаәтіндермен салыстырғанда қандай көлемде қосуға болады? Оқу құжаттарында мультимедиалық қосымшыларды пайдалануға шек қойыла ма? Осындай мультимедиаәселелерді шешу бағытында нақты зерттеу жұмыстарын жүргізу керек, өйткені гармонияны бұзу өте жақын, әсерлі қосымшаларды мультимедиалық эффектілерді шамадан тыс қолдану оқушылардың жұмыс қабілетін төмендетіп, оларды тез шаршатуы да ықтимал. Осындай сұрақтарға жауап беру оқыту ісіндегі шамадан асып шарықтауды болдырмау, оқу - әдістемелік материалдарын тек эффектілі түрде көрсетпей, оның тиімді жағын қамтамасыз етуі керек.
1. Виртуальды семинарлар менконсультациялар
Мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты ешким өзгерте алмайды бірақ технологияның дамуымен оқытудың формасыда өзгеруде.Көптеген программалардың арқасында аудио және видео канференциялар өткізуге болады.Оқушы мен мұғалім бір бірінен алшақ болса бұл табылмайтын ақыл.
2. Тестік технология
Оқушылар білімін, білігін және дағдысын тексеру – оқыту үрдісінің ең маңызды бөлімінің бірі. Ол оқушының үлгерімін қадағалау арқылы іске асады. Жүйелі түрде тексерудің диагностикалық, білім беру және тәрбилік маңызы зор. Дидактикалық белгілеріне қарай білімді тексеру күнделікті, алдын-ала, қорытындылау деп бөлінеді. Әдістеме бойынша ауызша, жазбаша және эксперементтік деп бөлуге болады. Оқушылар білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде, соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып отыр.Тест ағылшын сөзі (test) аударғанда байқау, бақылау, зерттеу деген мағынаны білдіреді. Педагогикада тест пайдалану 130 жылдан астам уақытты қамтиды. Ең алғашқы тестіні 1864 жылы ағылшын Джодж Фишер құрастырып, оны Гринвич госпиталінде пайдаланған. Содан бері білімді тестік жүйемен тексеру Америка, Франция, Англия сияқты елдерде кеңінен тараған. Білім деңгейін тест арқылы тексерумен айналысып жүрген ғалым-педагогтар, тест – оқушылардың өз-өзін тексеруге мүмкіндік ашатын есеп беру, оқыту әдісі деп есептейді. Сондықтан бұл әдіс сабақ үрдістерін бір-бірімен байланыстырып қана қоймай, білімді тексеру, бекіту, қайталау, жүйелеу құралы болып отыр. Тағы бір тиімді жағы уақыт үнемделеді, оқушылар қызығып, белсенділігі артады. Тест тапсырмаларын құрудың әдістемесіне тоқталайын. Жұмыс тестің мақсатын анықтаудан басталады. Одан соң тексерілетін білім, білік элементтері анықталып, әр түрлі кезеңде білім берудің жалпы және дара мақсатымен деңгей эталондары нақтыланады. Тест тапсырмаларының қандай түрін болмасын сұрақ не тапсырма ретінде бергеннен гөрі қайтарылған жауапқа байланысты бекіту, қорытынды ретінде құру тиімді болады.Тестік тапсырмалардың әр түрлі типтері болады. Олар: толықтыру тесті, еске түсіру, балама, таңдау, салыстыру, ретімен маңызына қарай тізбелеу, құрастырмалы, кәсіптік бағдарлы тестілер.Тест тапсырмаларының жауабын цифр немесе перфокартаның көмегімен беруге болады. Перфокарта дәптер парағының көлеміндей қаттылау қағаздан жасалады. Онда тік бағытты тапсырма, ал көлбеу бағытта жауаптары орналастырылады. (3-5 жауап).Содан соң екі бағыт қиылысқан тор көзден дөңгелетіп көзше ойылады.Тест оқушылардың білімін салыстыруға, мұғалім әдістемесінде жіберілген олқылықтарды ашып көрсетуге, білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге, әр түрлі оқу әдісін салыстыруға мүмкіндік туғызады. Білім сапасын тексеру мәселелерін зерттеу нәтижелері 1-кестеде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |