1 Педагогикалық бағдарламалық құралдардың дидактикалық мүмкіншіліктері



бет5/70
Дата02.01.2022
өлшемі156.95 Kb.
#453911
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Дәріс2

Виртуальды семинарлар мен консультациялар

Мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты ешким өзгерте алмайды бірақ технологияның дамуымен оқытудың формасыда өзгеруде.Көптеген программалардың арқасында аудио және видео канференциялар өткізуге болады.Оқушы мен мұғалім бір бірінен алшақ болса бұл табылмайтын ақыл.

  1. Тестік технология

Оқушылар білімін, білігін және дағдысын тексеру – оқыту үрдісінің ең маңызды бөлімінің бірі. Ол оқушының үлгерімін қадағалау арқылы іске асады. Жүйелі түрде тексерудің диагностикалық, білім беру және тәрбилік маңызы зор. Дидактикалық белгілеріне қарай білімді тексеру күнделікті, алдын-ала, қорытындылау деп бөлінеді. Әдістеме бойынша ауызша, жазбаша және эксперементтік деп бөлуге болады. Оқушылар білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде, соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып отыр.Тест ағылшын сөзі (test) аударғанда байқау, бақылау, зерттеу деген мағынаны білдіреді. Педагогикада тест пайдалану 130 жылдан астам уақытты қамтиды. Ең алғашқы тестіні 1864 жылы ағылшын Джодж Фишер құрастырып, оны Гринвич госпиталінде пайдаланған. Содан бері білімді тестік жүйемен тексеру Америка, Франция, Англия сияқты елдерде кеңінен тараған. Білім деңгейін тест арқылы тексерумен айналысып жүрген ғалым-педагогтар, тест – оқушылардың өз-өзін тексеруге мүмкіндік ашатын есеп беру, оқыту әдісі деп есептейді. Сондықтан бұл әдіс сабақ үрдістерін бір-бірімен байланыстырып қана қоймай, білімді тексеру, бекіту, қайталау, жүйелеу құралы болып отыр. Тағы бір тиімді жағы уақыт үнемделеді, оқушылар қызығып, белсенділігі артады. Тест тапсырмаларын құрудың әдістемесіне тоқталайын. Жұмыс тестің мақсатын анықтаудан басталады. Одан соң тексерілетін білім, білік элементтері анықталып, әр түрлі кезеңде білім берудің жалпы және дара мақсатымен деңгей эталондары нақтыланады. Тест тапсырмаларының қандай түрін болмасын сұрақ не тапсырма ретінде бергеннен гөрі қайтарылған жауапқа байланысты бекіту, қорытынды ретінде құру тиімді болады.Тестік тапсырмалардың әр түрлі типтері болады. Олар: толықтыру тесті, еске түсіру, балама, таңдау, салыстыру, ретімен маңызына қарай тізбелеу, құрастырмалы, кәсіптік бағдарлы тестілер.Тест тапсырмаларының жауабын цифр немесе перфокартаның көмегімен беруге болады. Перфокарта дәптер парағының көлеміндей қаттылау қағаздан жасалады. Онда тік бағытты тапсырма, ал көлбеу бағытта жауаптары орналастырылады. (3-5 жауап).Содан соң екі бағыт қиылысқан тор көзден дөңгелетіп көзше ойылады.Тест оқушылардың білімін салыстыруға, мұғалім әдістемесінде жіберілген олқылықтарды ашып көрсетуге, білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге, әр түрлі оқу әдісін салыстыруға мүмкіндік туғызады. Білім сапасын тексеру мәселелерін зерттеу нәтижелері 1-кестеде көрсетілген.
Оқытудың ақпараттық технологиясы - бұл ақпаратпен жұмыс істеуге арналған арнайы тәсілдер, программалық және техникалық құраладры (аудио, бейне құралдар, компьютерелер, телекоммуникациялық желелер) пайдаланылатын педагогикалық технология.

Қазіргі уақытта оқу пәндері бойынша электронды оқу басылымдары жасалып, пайдалануда, олар оқу әдістемелік материалдар (демонстрациялық, теориялық, практикалық және бақылау) кешенін, сондай-ақ оқыту процесін басқаратын компьютерлік программаларды қамтиды.

Электрондық оқу басылымдарына оқу әдістемелік материалдардың төмендегідей электрондық нұсқалары жатады:

-иллюстрациялық сипаттағы компьютерлік презентациялар;

-электрондық сөздік-анықтамалыр және оқулықтар;

-шынайы процестердегі модельдеу мүмкіндігі бар зертханалық практикумдер;

-жаттықтырушы программалар;

-тест жүйелері.



Электрондық басылымы - прораммалық басқару құралдары мен құжаттамалыры бар және кез келген электрондық ақпарат-магниттік, оптикалық –тасымалдаушысына (CD-ROM,DVD RW және т.б.) орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық көрген сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа да ақпараттар жиынтығы.

Электрондық оқу құралы-құрамында оқу курсының ең маңызды бөлімдері, сонымен қатар, есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу тәжірибесін өткізуге нұсқалар, практикумдар, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындауға әдістемелік нұсқаулары бар берілген басылым түрінде мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы.

Электрондық оқу басылымы - оқытуды және білім бақылауды автоматтандыруға арналған және оқу курсына немесе оның жеке бөлімдеріне сәйкестендіріліп, сонымен қатар, шығу траекториясын анықтауға мүмкіндік беретін және әртүрлі оқу жұмыстарымен қамтамасыз ететін электрондық басылым.

Элетрондық оқулық - құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйеле мазмұны бар және берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы.

Электрондық оқу құралы-бұл оқулықты жекелей немесе толық алмастыратын немесе толықтыраты, басылымның осы түрі үшін арнайы бекітілген электрондық баслым.

Мультимедия технологиясы (ағылшынша-көп компонентті орта) мәтін, графика және бейне мультипликацияны пайдалануға мүмкіндік береді, оқу процесіндегі компьютердің қолдану саласын кеңейту.

Мультимедиа - бұл әртүрлі формада (мәтін,графика,дыбыс,бейне,анимация) берілген ақпаратты біріктіруге мүмкіндік беретін және онымен интерактивті режимде жұмыс істеуге болатын компьютердің ақпараттық және программалық құралдар кешені.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет