ПБҚ типтері. Педагогикалық бағдарламалық құралдар сабақтың жеке бір бөлігін, тұтастай сабақты немесе бірнеше сабақтарды қамтамасыз ететін; оқу пәнінің тақырыбын, тарауларын немесе компьютердік көмегімен курсты қамтамасыз ететін; оқу курсының практикалық сабақтарының белгілі бір бағдарламасын қамтамасыз ететін; «компьютерлік курс» компоненті ретінде, яғни педагогикалық бағдарламалық құралдар – оқу мен оқыту үрдісінде нақты мақсаттарға жету үшін арналған компьютерлік бағдарламалардың жиынтығын қамтамасыз ететін жеке бағдарламалар ретінде қолданылады.
Есептеу техникасының құралдары оқытудағы әр түрлі пәндердің міндеттеріне ғана бейімделген емес, сонымен бірге ағымдық оқытушы әрекетін автоматтандыруға қабілетті, бағдарламалық қамтамасыз етілген білім беру жүйесіне түсу керек. Компьютерлік оқу бағдарламаларын құру мен оны қолдану мәселелері өзекті болып қала береді. ПБҚ-дың сапасы мен оның педагогикалық құндылығы оны өңдеуде есепке алынатын және оларға қойылған талаптар кешеніне байланысты.
Қазіргі уақытта ПБҚ бірыңғай классификациясы жоқ, бірақ та көптеген жұмыстарда ПБҚ енгізуді жүзеге асыратын әдістемелік мақсаттарға байланысты, олардың арасында оның келесідей түрлерін ажыратады:
1 Оқыту бағдарламалары.
2 Тренажер-бағдарламалар.
3 Бақылау бағдарламалары.
4 Басқару бағдарламалары.
5 Демонстрациялық бағдарламалар.
6 Ақпараттық-анықтамалық бағдарламалар.
7 Имитациялық және модельдеу бағдарламалары.
8 Проблемалық оқуға арналған бағдарламалар.
9 Интегривті жүйелер.
10 Оқуға арналған қолданбалы бағдарламалар.
11 Оқу ойындары.
Достарыңызбен бөлісу: |