Ip-желісіндегі адрестелу



бет1/2
Дата26.01.2022
өлшемі73.5 Kb.
#454834
  1   2
24.01.IP-желісіндегі адрестелу


IP-желісіндегі адрестелу

  

Дәрістің  мақсаты: студенттерді IP-желідегі адресация ұстанымдарымен таныстыру.



Интернеттің түбегейлі принципі болып оның көмегімен барлық біріккен физикалық желілердің теңдігі табылады: коммунакацияның кез келген жүйесі оның физикалық параметріне, таралатын мәліметтер дестесінің өлшеміне және географиялық масштабқа тәуелсіз Интернет компоненті ретінде қарастырылады. 9.1 суретте Интернет желісіне қосылған кез келген физикалық желіде бірдей шартты белгілер қолданылған.

 

 

9.1 сурет– TCP/IP хаттамалар стегінің төрт деңгейі



 

Әмбебап желі Интернет TCP/IP хаттамалар жанұясының негізінде құрылады және өзіне коммутацияның төрт деңгей хаттамасын қосады.



Желі интерфейсінің деңгейі компьютер қосылған Интернет желісі компонентінің нақты физикалық желісіне желілі қосылыстың қондырғысына жауап береді. Бұл деңгейде операциялық жүйедегі құрылғы драйвері мен компьютердің сай келетін желілі платасы жұмыс істейді.

Желілі деңгей TCP/IP стек хаттамалар негізі. Дәл  осы деңгейде желіаралық қосылыстың принципі іске асырылады, көбіне Интернет желісімен дестелер маршруттауы. IP хаттамасы – желіаралық қосылысты іске асыруға рұқсат беретін желі деңгейінің негізгі хаттамасы. Ол транспортты деңгейдегі TCP және UDP хаттамаларының екеуімен қолданылады. IP хаттамасы TCP/IP желісімен өтетін барлық ақпараттың нақты форматын көрсете отырып Интернет желісінде мәлімет таратудың базалық бірлігін IP дейтаграммасын анықтайды. IP дейгейіндегі бағдарламалық қамтамасыз ету физикалық желі қосылысы бойынша мәліметтер жолын таңдай отырып, маршруттау функциясын жасайды. Маршрутты анықтау үшін арнайы кесте қамтамасыз етіледі. Таңдау компьютер-адресат қосылған желі адрес негізінде жасалады. IP хаттамасы маршрутты әр мәлімет дестесіне жеткізуді керекті ретте сенімділігіне кепіл бермей анықтайды.  Ол таратыдың астында жататын физикалық деңгейге тікелей мәлімет көрсетуді береді және дестелердің жоғарғы эффектілі жеткізуді жүзеге асырады.

Желілі деңгейде IP хаттамасы желіде қосылу қондырғысынсыз жүйеден жүйеге дестелерді кепілді жеткізу қызметін жүзеге асырады. Бұл дестелерді жеткізуге барлық қажеттіліктер орындалатынын білдіреді, бірақ жеткізуге кепіл берілмейді. Дестелер жоғалуы, дырыс емес ретте берілуі, дубликациялануы және т.б. мүмкін. IP хаттамасы коммутацияның беріктігіне қамтамасыз етпейді. Мәліметтер өрісіне қате бақылауы жоқ, тек бастамасы үшін бақылау қосындысы. Мәлімет тарату сенімділігі келесі деңгейді жүзеге асырады, TCP және UDP екі негізгі хаттама дестелік машина-жіберуші мен машина-адресат арасында байланыс жасайтын транспорттық.



Қолданбалы деңгей – бұл төмен деңгейлі протоколдарда тірек ететін киент-сервер түріндегі қосымша. Қалған үш деңгейдегі протоколдардан айырмашылығы қолданбалы деңгейдегі хаттамалар нақты қосымшаның бөлшектерімен айналысады және желімен мәлімет тарату амалдарымен қызықпайды. TCP/IP қосымшасының негіздерінің арасында TELNET терминал эмуляция хаттамасы, FTP файл тарату хаттамасы, SMTP электр пошта хаттамасы, World Wide Web (WWW) жүйесінде қолданылатын SNMP желі басқару хаттамасы, HTTP гипертекст тарату хаттамасы және т.б.

Соңғы жүйелер арасында бірнеше он шақты маршрутизатор және әртүрлі көптеген аралық физикалық желі ретінде қабылдайды. Бұл Интернет технологиясы мен IP хаттамасының негізгі күші мен сипатын шарттайды.



IP-технологиясында қабылданған адресация тәсіл түйіндері аз мөлшерде миллион желілік интерфейсті (өзінің көпмиллионды қолданушыларын еске алайық) идентификациялауға мүмкіндік ететін берілген технологияның кең көлемдігіне әсер етеді. Бірақ TCP/IP технологиясында бұндай мүмкіншілікті қамтамасыз ету үшін арнайы механизмдер мен хаттамалардың бүкіл қатарын қосуға тура келді.

TCP/IP стекінде адрестардың үш түрі қолданылады:

–  жергілікті, немесе аппаратты, желі іші шегінде адрестеу түйіні үшін қолданатын адрестер;

–  желілік, немесе IP-адрестері, барлық құрама желі шегінде түйіндердің бірмәнді идентификациясы үшін қолданылады;

–  доменді аттар – қолданушылар жиі сүйенетін түйіннің символды идентификаторы.

Жалпы жағдайда желілі интерфейсте бір уақытта бір немесе бірнеше жергілікті адрестері және бір не бірнеше желілі адрестері болуда және де бір не бірнеше доменді аттар.

Сонымен, аппаратты (локалді) адрес желі іші шегінде түйінді идентификациялайды. Егер желі іші LAN – Ethernet, FDDI, Token Ring, базалық технологияларының бірін қолданса, онда осындай желі ішіне кез келген түйінге мәліметті жеткізу үшін MAC-адресті көрсету қажет. Осылай, бұл жағдайда аппаратты адрес болып MAC-адрес болады.

Соңғы түйін сол сияқты бірнеше IP-желіге кіре алады. Бұл жағдайда компьютерде желі байланыс саны бойынша бірнеше IP-адрестер болу керек. Солай, IP-адрес бөлек компьютерді не маршрутизаторды емес, бір желілі қосылысты сипаттайды.

IP-желілердегі символды аттар домендер деп аталады және иерархиялық сипат бойынша құрылады. IP-желілердегі толық символды атты құрайтындар нүктемен бөлінеді және келесі ретте есептелінеді: алдымен басты стансаның қарапайым аты, сосын түйін тобының аты (мысалы, ұйым атауы), одан кейін үлкенірек топтың аты (домен іші) солай ең жоғарғы деңгейдегі домен атына дейін (мысалы, географиялық принцип бойынша біріккен ұйымдар домендері: RU — Ресей, UK – Ұлыбритания, SU – АҚШ). Сондықтан доменді аттар DNS-аттар деп те аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет