1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


Оқу мотивациясының мазмұнының құрылымы



бет56/57
Дата07.12.2023
өлшемі375.48 Kb.
#485734
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері-emirsaba.org

78. Оқу мотивациясының мазмұнының құрылымы.
Мотивацияны зерттеуде (В.Г. Асеев, Дж. Аткинсон, Л.И. Божович, А. Маслоу, Е.К. Савонько) оны белгілі бір иерархияланған құрылымдар енетін күрделі жүйе ретінде түсіну дұрыс. Бұл жерде, құрылым элементтердің, олардың қатынастары мен обьектінің тұтастығының салыстырмалы тұрақты бірлігі ретінде, жүйе инварианты ретінде түсіндіріледі. Мотивация құрылымын талдау В.Г. Асеевке, оның ішінен а) процессуалдық және дискреттік мінездемелердің бірлігін және б) қос модальды, яғни оны құраушылардың жағымды және теріс негіздерін бөлуге мүмкіндік берді. Зертеушілердің мотивациялық аясы құрылымы – қатып қалған, статикалық емес, керісінше білім берудің өмірлік іс-әрекеті процесінде дамитын, өзгермелі деген ережелері де маңызды.
Мотивация қҧрылымын зерттеу үшін, маңыздысы, Б.И. Додонов бөлген оның төрт құрылымдық компоненті: іс-әрекеттің өзіне қанағаттану, оның тікелей нәтижесінің тұлға үшін маңыздылығы, іс-әрекет үшін сыйлаудың «мотивациялық» күші, тұлғаға мәжбүр еткізетін қысым.
Мотивация мен оның құрылымдық ұйымдасуын интерпретациялау адамның негізгі қажеттіліктері терминдерінде де жүргізіледі (Х.Мюррей, Дж. Аткинсон, А. Маслоу және т.б.). Тұлғалық мотивацияны зерттеулердің алғашқыларының бірі (тұлға қажеттіліктері терминінде) Х. Мюррейдің (1938) жұмысы екені белгілі. Ол көптеген мінез-құлықты тудырушылардың ішінен төрт негізгі қажеттіліктерді: жетістікке, үстемдікке, дербестікке, аффилиацияға бөлген. Адамның қажеттіліктер саласының құрылымын қарастыру тұрғысынан А. Маслоудың «қажеттіліктер үшбұрышы» үлкен қызығушылық тудырады, мұнда бір жағынан, адамның әлеуметтік, интерактивті тәуелділігі, екінші жағынан – оның өзін-өзі өзектендірумен байланысты танымдық, когнитивті табиғаты айқын көрінеді.
Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы:өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік,сыйластыққа деген қажеттілік(өзін-өзі сыйлау),әлеуметтік қажеттіліктер,экзистенциялды қажеттілік,физиалогиялық қажеттілік.
79. Тиімді оқыту және оқу тәсілдері.
Тиімді оқыту – оқушылардың икемді дағдыларын қалыптастыра отырып, білім беру процесін жүзеге асыру түрі.
ТИІМДІ ОҚЫТУДЫҢ ЖЕТІ ҚАҒИДАТЫ:
*Оқытуды оқушыға бағыттаңыз, олардың өзін оқушы ретінде сезініп, оқуға деген құлшынысын арттыруға жағдай жасаңыз.
*Оқудың әлеуметтік сипатын түсініп, оқушылардың бірлесіп білім алуын қамтамасыз етіңіз.
*Оқушылардың ішкі ынтасы мен эмоциясына мән беріп, дамытыңыз.
* Әр баланың жеке ерекшелігін ескеріп, оқушылардың барлығын бір өлшемге салудан алыс болыңыз.
*Оқушыларды жалықтырмай, барлық оқушыларды оқу үдерісіне білкелкі тартыңыз.
*Оқу мақсаттарына сәйкес бағалауды қолданыңыз, кері байланысты тиімді пайдаланыңыз.
*Білім салаларының өзара байланысын жүзеге асырыңыз, оқу орталарының қоғамдық ортамен тығыз байланысын орнатыңыз.
Оқу тәсілдерінің бірнеше түрлері бар:
1.БЕЛСЕНДІ ОҚУ / ӨЗ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ НЕГІЗІНДЕ ҮЙРЕНУ: ❑ оқушыларға эксперимент жасау арқылы мәнін ұғынып, білім қалыптастыруға мүмкіндік береді ; ❑ жаңа білімді бұған дейінгі біліммен байланыстырады ; ❑ жіберген қателіктер бізге өзімізді тексеріп, түсінігімізді жетілдіруге жол ашады ; ❑ нәтижесі – терең білім ; ❑ оқуға деген көзқарасты өзгертеді. көзқарасты өзгертеді.
2. БІРЛЕСКЕН ОҚУ /ҚҰРЫЛЫМДАЛҒАН ТОПТЫҚ ЖҰМЫС: ❑ тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіреді; ❑ ақпарат алу және жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын жетілдіреді; ❑ тиімді қарым-қатынасты дамытады – «біз бірлесіп табысқа жетеміз»; ❑ оқушылар арасындағы түсініспестіктерді жояды.
3.САРАЛАУ /ӘР ОҚУШЫНЫҢ ОҚУДАҒЫ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ҚАНАҒАТТАНДЫРУ: ❑ білім-дағдыларды дамытады; ❑ оқушылардың ынтасын арттырады; ❑ оқушыларға идеяларды тереңірек түсінуге көмектесе отырып, шығармашылыққа ынталандырады; ❑ барлық оқушыларға мүмкіндік береді; ❑ барлық оқушылардан күтілетін нәтижені арттыра алады.
4. ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС ПӘНДЕРДІҢ АРАСЫНДА БАЙЛАНЫС ОРНАТУ: ❑ білім беру бағдарламасының мазмұнын кеңейтеді; ❑ тереңірек білім алуға мүмкіндік береді; ❑ көптеген дағдыларды қалыптастырады; ❑ білім мен дағдыларды дамытуға көмектеседі; ❑ оқудың анағұрлым саналы меңгерілуіне көмектеседі; ❑ оқуға деген ынтаны арттырады
5. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ҚАНАҒАТТАНДЫРУ/КЕРІ БАЙЛАНЫС Оқуды бақылау және оқу процесі туралы ақпарат беру мақсатында кері байланыс ұсыну: ❑ оқушылардың ынтасын және өзін-өзі бағалау деңгейін арттырады; ❑ оқыту процесінің бағытын анықтайды; ❑ оқушылардың өз оқуын жақсартуына мүмкіндік береді; ❑ оқушыларға барынша тиімді оқуға көмектеседі
6. ДИАЛОГТІК ОҚУ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ӨЗАРА ТАЛҚЫЛАУЫ: ❑ оқушылардың оқу үдерісіне өз үлесін қосуына мүмкіндік береді; ❑ оқушылардың бір-біріне білім мен дағдыларды үйретуіне мүмкіндік береді; ❑ тақырыпты терең түсінуіне жол ашады; ❑ оқушылардың өз үлгерімі туралы ойланып, әрі қарай не істеу керектігі туралы шешім қабылдауына мүмкіндік береді; ❑ оқушыларды оқуға ынталандырады
7. ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ:
❑ белсенді оқудың қызықты тәсілдерін ұсынады; ❑ оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттырады; ❑ зерттеу жүргізу, қарым-қатынас жасау, бірлесіп жұмыс жасау және ортақ жобалар дайындауға жол
ашады; ❑ оқушылардың ақпарат іздеп, өз жобаларын жасауына мүмкіндік береді ❑ сыныптан тыс өз бетінше білім алуға мүмкіндік жасайды.
8. МОДЕЛЬДЕУ МЫСАЛ ҰСЫНУ ЖӘНЕ ОНЫ КӨРНЕКІ ТҮРДЕ КӨРСЕТУ: ❑ оқушылардың тақырыпты терең түсінуіне және сараптамалық ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді ❑ оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне көбірек мүмкіндік беріп, тапсырманы кезеңдерге бөледі; ❑ үдеріс туралы ойланып, рефлексия жасауға ынталандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет