1 Педагогтың сабақ жоспары Поурочный план педагога №1 Кіріспе (саба қтын т ақырыбы/тема занятия) Модуль/ пән атауы/ Наименование модуля /дисциплины Ақпараттық желілер д айындаған оқытушы


Желілерді жіктеудің басқа да түрлері бар, мысалы



бет4/4
Дата03.01.2022
өлшемі30.42 Kb.
#450199
түріСабақ
1   2   3   4
Кіріспе

Желілерді жіктеудің басқа да түрлері бар, мысалы:

  • қызмет саласына қарай: банк желісі, ғылыми мекемелер желісі, университет желісі, т.б.;

  • жұмыс түріне байланысты: коммерциялық немесе тегін желі, корпоративті және жалпы мақсаттағы желілер;

  • атқаратын қызметіне байланысты:

есептеу желісі - берілген мәліметті өңдеу тәсіліне қарай басқару есептерін шығаруға арналған;

информациялық желі - тұтынушылардың сұранысы бойынша әр түрлі мәлімет алуға арналған;

аралас желі – есептеу және информациялық функциялар қатар орындалатын желілер, т.б.

Желінің негізгі программалық және аппараттық компоненттері

Желі құрамындағы негізгі элементтер:



  • Компьютерлер: (ПК; ноутбуктер; мэйнфреймдер).

  • Коммуникациялық жабдықтар: (коммутаторлар; маршрутизаторлар; байланыс арналары).

  • Операциялық жүйелер: (Windows; Novell NetWare; Unix).

  • Желі қосымшалары: (желілік принтер; желілік диск; мәліметтер базасы).

Желінің программалық-аппараттық құралдарын бірнеше сатыға бөлінген модельмен беруге болады, олар:

А) Компьютердегі стандартты аппараттық жабдықтамалар – желі тұтынушысының шеткі жүйесі болып табылатын компьютер немесе терминалдық құрылғы (кез келген мәлімет енгізу-шығару немесе информация бейнелеу құрылғысы). Олар хост-машина-мен байланысады. Хост-машина деп желі тораптарында (түйіндерінде) орналасатын негізгі компьютерлерді айтады.

Ә) Коммуникациялық жабдықтар. Желідегі мәлімет өңдейтін негізгі элемент компьютер мен оның программалары болғанмен, соңғы кездерде коммуникациялық құрылғылар да компьютер тәрізді маңызды рөл атқара бастады.

Б) Желінің программалық жабдықтамалары - бұлар операциялық жүйелер немесе системалар (ОС).

Жергілікті немесе аймақтық желі ресурстарын басқару негізіне алынған ОС типіне қарай жалпы желінің жұмыс тиімділігі де өзгеріске ұшырайды

Желіні жобалау кезінде таңдап алынған ОС-тің басқа ОС-термен қалай дұрыс байланыса алатындығы, оның мәліметтерді сақтау, қорғау мүмкіндігі, қай деңгейге дейін тұтынушылар санын көбейте алатындығы, ОС-тің басқа компьютерге жеңіл көшірілетіні және т.б. қасиеттері есепке алынады.

В) Ең соңғы сатыға желідегі қолданбалы программалар жатады. Олар: желілік мәліметтер базасы, пошта жүйесі, мәліметтерді сығу (архивтеу) программалары, ұжымдық жұмысты автоматтандыру жүйелері, т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет