1. Пемфигус кезіндегі біріншілік бөртпе



Дата24.12.2022
өлшемі64.05 Kb.
#467856
дерма620


1.Пемфигус кезіндегі біріншілік бөртпе:
төмпешік
дақ
түйіншек
көпіршік+++
күлдіреуік
2. Эпидермис деңгейіндегі терінің бұзылуы:
лихенификация
эрозия+++
қабық
қабыршық
жара
3. Бактериалды вагиноздың қоздырғышын атаңыз:
herpes simplex virus
trichomonas vaginalis Donne
Candida albicans
chlamidia crachonatis
garhnerella Vaginalis+++
4. Токсикодермия кезіндегі біріншілік бөртпе:
іріңдік
дақ+++
түйін
күлдіреуік
төмпешік
5. Акантолиз – бұл:
дерманың емізікті қабатының жедел ісінуі
тікенекті қабат жасушаларында сұйықтықтың жиналуы
жасушааралық байланыстардың еруі+++
жасуша ішінде сұйықтықтың жиналуы
жасушааралық ісіну
6. Пемфигуста ауыздың шырышты қабығында пайда болады:
күлдіреуіктер
көпіршіктер+++
түйіншектер
геморрагиялық дақтар
іріңдіктер
7. Гонорея кезіндегі инкубациялық кезеңнің орташа ұзақтығы:
3-5 күн+++
10-14 күн
2 ай
1 ай
1,5 ай
8. Жарылған көпіршікшенің орнында пайда болады:
тыртық
экскориация
эрозия+++
ойық жара
вегетация
9. Нәтижесінде қабыршақ пайда болады:
гранулеманың пайда болуы
папилломатоз
акантоз
паракератоз+++
көпіршіктің жарылуы
10. Гонореяның қоздырғышы:
стрептококк
коринебактерия
грам-оң диплококк
грам-теріс диплококк+++
микобактерия
11. 13 жасар ер адамның дерматологқа қаралған кезде аяғында көлемі 05 см, Ортасынан түк шығып тұрған, айналасында қабыну жиегі бар іріңдікті бөртпелер. Қандай жергілікті емдеу әдісі ең ықтимал:
күкірт майы
топикалық стероидтар
салицил жақпа
мырыш пастасы
анилин бояғыштары+++
12. Төмпешіктің түйіншектен айырмашылығын көрсетіңіз:
инфекциялық гранулема+++
жараға бейім емес
эволюциясы екіншілік пигментация
инфильтративті элемент
консистенциясы ағаш тәрізді
13. Көпіршікшенің пайда болу механизмін көрсетіңіз:
паракератоз
гранулез
спонгиоз+++
акантолиз
инфильтрация
14. Күлдіреуік пен түйіншек арасындағы айырмашылықты атаңыз:
тез пайда болып, тез жоғалады+++
беті қабыршақтанған
жарты шар тәрізді
субъективті сезімдердің болмауы
пішіні дөңгелек
15. Қандай қоздырғыш, басқа патогенді микроорганизмді сіңіріп алуға қабілетті:
гарднереллез
соз
хламидиоз
кандидоз
трихомоноз+++
16. Жүкті әйелді тексергенде уретра еріндері ісінген және қызарған, аздаған көпіршікті-іріңді бөлінді, зәр шығарғанда біраз кесу сезімі. Жағындыда мұртшалар тобынан қарапайымдар табылған. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
гарднереллез
кандидоз
трихомониаз+++
хламидиоз
соз
17. Дерматовенерологтың қабылдауына 48 жастағы әйел ауыз қуысының шырышты қабатындағы, денесіндегі бөртпелерге шағымданып келді. Ауыз қуысының шырышты қабығын тексеру кезінде беті тегіс ашық қызыл және шетінде шырышты қабықтың үзінділері бар эрозиялар. Кеудесінде әртүрлі көлемдегі шетке қарай өсуге бейім эрозиялар. Никольский симптомы күрт оң. берілген диагноздардың ең ықтималы
токсикодермия
пиодермия
Дюринг дерматиті
қарапайым пемфигус+++
көпіршікті эпидермолиз
18. Дерматовенерологқа 32 жасар ер адам таңертең уретра еріндерінің жабысып қалуына, ауырғаны 3 ай болғанына, ішімдік ішкеннен кейін бөліндінің көбейуі, кесу сезімінің пайда болуына шағымданып қаралды. Емделмеген. Бірінші белгілері кездейсоқ жыныстық қатынастан кейін 3 күннен соң пайда болған. Объективті: уретраның сыртқы ернеуі аздап, қызарған, бөлінді аз мөлшерде. Екі стакандық сынамада екі стакандағы зәр мөлдір, аздап жіпшелер көрінеді. Жағындыда грам теріс диплококк анықталды. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
жаңа соз, торпидті тоталды уретрит
созылмалы соз+++
жаңа соз, жеделдеу тоталды уретрит
жаңа соз, жедел тоталды уретрит
латентті соз
19. Емханада профилактикалық тексеру кезінде, 53 жастағы, 2 типті қант диабетімен ауыратын ер адамның табанында гиперкератоз және ұн тәрізді қабыршықтар, башпайдың тырнақ пластиналарының қалыңдауы, түсінің өзгеруі (сарғыш-қоңыр) және көлденең сызаттар анықталды. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
экзема
эпидермофития
псориаз
кандидоз
рубромикоз+++
20. Дерматологқа ер адам денесінің жоғары бөлігіндегі бөртпелерге шағымданып келді. Теңізде демалған соң пайда болған. Субьективті белгілері жоқ. Қарап тексергенде ақ түсті домалақ дақтар әлсіз байқалады. Мерез ауруына серологиялық реакция теріс. Берілген диагноздың ең ықтималы:
Жүйелі қызыл жегі
Кебекті теміреткі+++
Мерездік розеола
Псориаз
Парапсориаз
21. Емханаға 22 жастағы ер адам, аграрлық сектордың қызметкері қаралды. Тексеріп қарағанда: бастың шашты бөлігінде қабыршықтар және сарғыш сұр түсті, ортасы түсіңкі скутулалармен жабылған эритематозды-инфильтративті ошақтар анықталды. Шаш, жансыз, сынғыш. Науқастан спецификалық "тышқан" иісі шығады. Төмендегі айтылғандардың қайсысы ең ықтимал қоздырғыш болып табылады:
Кандида албиканс
Трихофитон рубрум
Трихофитон schonllein+++
Микроспорум канис
Эпидермофитон флокоссом
22. Диспансерге 21 жасар ер адам оң жақ жағындағы ауратын ісікке, бас ауруына, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Тексергенде: жедел қабынулы конус тәрізді түйін, көлемі 2,0 см, бетіндегі тері кернелген, ортасында –жасыл түсті некрозды өзегі бар жара. Мойынның лимфа түйіндері оң жағында ұлғайған және ауырады. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
Сыздауық+++
қарапайым эктима
терең трихофития
қарапайым импетиго
үшіншілік гуммозды мерез
23. 35 жастағы әйел ауруханаға дене мен қолдың терісінде көпіршіктер пайда болуы, тамақ ішкен кезде ауыз қуысында ауырсыну шағымдарымен түсті. Тексеру кезінде Никольский, Асбо Хансен симптомдары оң. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
Пемфигус+++
кандидоз
біріншілік мерез
токсикодермия
қызыл жазық темiреткi
24. 29 жасар әйел жағымсыз иісті көпіршікті бөліндіге, қышу сезіміне шағымданады. Айнамен қарағанда - жатыр мойны ісінген және қызарған. Жағындыда алмұрт пішінді мұртшасы бар микроорганизмдер. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
бактериалды вагиноз
хламидиоз
кандидоз
трихомониаз+++
соз
25. Ер адам новопассит ерiтiндiсiн қабылдағаннан кейiн: әлсiздiк, бас ауыруы, дене қызуы 38,00 С пайда болды. Тексеріп қарағанда дене терiсiнің барлық жерiнде жайылған эритематозды-уртикарлы, түйіншекті қышу сезiмiмен жүретін бөртпелер пайда болды. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
дерматит
есекжем
токсидермия+++
жалқықты эритема
нағыз экзема
26. Емханаға 22 жастағы ер адам, аграрлық сектордың қызметкері қаралды. Тексеріп қарағанда: бастың шашты бөлігінде қабыршықтар және сарғыш сұр түсті, ортасы түсіңкі скутулалармен жабылған эритематозды-инфильтративті ошақтар анықталды. Шаш, жансыз, сынғыш. Науқастан спецификалық "тышқан" иісі шығады. Төмендегі айтылғандардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады:
Фавус+++
Микроспоия
Эпидермофития
Кандидоз
Трихофития
27. Дерматологтың қабылдауына 57 жасар ер адам ауру сезімі бар бөртпеге шағымданып қаралды. Ауырғанына 1 ай. Тексергенде: мойынның артқы бетінде көлемі 2,0 см, бірнеше инфильтрат бар. Бетіндегі терінің түсі көкшіл-қызыл түсті, ортасындағы жыланкөздерден ірің бөлініп тұр. Науқаста қант диабетінің 2 түрі. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
Фурункулез+++
қотыр эктимасы
іріңдікті мерез
инфильтративті-іріңді трихофтития
созылмалы жаралы пиодермия
28. Дерматологтың қабылдауына келген 40 жасар ер адам табанына шыққан бөртпелерге шағымданды. Тексеріп қарағанда үрдіс жедел қабынулы, симметриялы, табан терісінде орналасқан. Қақпағы тығыз көпіршікшелер ісінген эритема фонында "саго дәндері" түрінде көрінеді. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
эпидермофитияның сквамозды түрі
эпидермофитияның аралас түр
эпидермофитияның интертригинозды түрі
эпидермофитияның дисгидротикалық түрі+++
эпидермофитияның инфильтративті түрі
29. Дерматологиялық бөлімге 34 жастағы ер адам ауыз қуысының шырышты қабатындағы бөртпелерге шағымданып түсті. Объективті: ауыз қуысының шырышты қабатында, ернінде көптеген ауырсынатын эрозиялар. Берілгендердің ішінде эрозияның орнында болған біріншілік бөртпенің ең ықтималы:
күлдіреуік
түйін
төмпешік
дақ
көпіршік+++
30. 22 жасар әйелді, әйелдер кеңесі бөлімінен тексеруге жіберген, өйткені оның жұбайы диспансерде жаңа созбен емделуде. Әйел бөгде адаммен жыныстық қатынаста болмаған. Тексергенде: қынаптың шырышты қабаты және жатырдың мойны қызарған, қынаптың артқы ылдиында көп мөлшерде іріңді бөлінді. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
созылмалы соз
гонококк тасымалдаушы
жаңа торпидті соз
жаңа жедел соз+++
клиникалық белгісі жоқ соз
31. Дерматологқа 46 жасар әйел бөртпеге, қышынуға шағымданып қаралды. Анамнезінен: бір апта бұрын созылмалы тонзилиттің асқынуына байланысты сумамед қабылдаған. Тексергенде: Денесінде көп мөлшерде ашық қызыл түсті көлемі 2.0 см. кей жерлерде қосылуға бейім дақтар анықталды. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
кебекті теміреткі
жанаспалы дерматит
токсикодермия+++
Дюринг дерматиті
есекжем
32. 22 жастағы жігітте уретра еріндерінің ісінуі және қызаруы, біраз шырышты-іріңді бөлінді, зәр шығару кезінде аздап ашу сезімі бар. Жағындыда мұртшалар класынан қарапайымдылар табылды. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
кандидоз
хламидиоз
гарднереллез
трихомоноз+++
соз
33. Қыз баланың 2 күн бұрын бетінде тез кеуіп қабық түзуге бейім көпіршікшелер пайда болған. Сабынды ыстық сумен бетін жуғаннан кейін, бөртпелер тез өршіп кеткен. Объективті: ауыз бұрышында, мұрын ерін қатпарында қою – жасыл қабық және жеке аздаған айналасы жіңішке, ақшыл-қызғылт жиекпен қоршалған, қуысында лайлы сұйықтығы бар, босаң көпіршікшелер. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
Импетиго+++
эктима
ыздауық
шанкр тәрізді пиодермия
итемшек
34. Дерматологтың қабылдауына 32 жасар ер адам ауру сезімі бар бөртпеге шағымданып қаралды. Ауырғанына 3 ай. Өз бетімен емделген: ихтиол майымен таңғыш қойған. Бөртпенің аузы ашылып, ірің аққан, бірақ жаңадан басқа жерлерде жаңа бөртпелер пайда болған. Тексергенде: арқасында көлемі 1,0 х 1,5 см, 10 шақты инфильтрат бар. Кейбіреуінің бетіндегі тері ашық-қызыл түсті, ісінген, түйіндердің ортасында іріңдіктер бар. Кейбір жеке бөртпелердің түсі көкшіл-қызыл түсті, ортасында – болар-болмас жара, одан ірің бөлініп тұр. Сонымен қатар, көлемі 0,5 х 0,5 см көкшіл-қызыл түсті, жаңа тыртықтар бар. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
Фурункулез+++
инфильтративті-іріңді трихофтития
қотыр эктимасы
іріңдікті мерез
созылмалы жаралы пиодермия
35. Әйел адам жыныс мүшелерінен өткір иісі бар, қышу мен күйдіру сезімімен қабаттасқан бөліндіге шағымданды. Тексергенде: қынап шырышты қабығының және жатыр мойнының қынап бөлігінің біраз қызаруы. Қынаптың қабырғасында ақ-сұр түсті, өткір балық иісі бар бөлінді. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
соз
хламидиоз
бактериалды вагиноз+++
трихомониаз
уреаплазмоз
36. 31 жасар әйелдің шап – сан қатпарында, сүт безінің астында, қолтық асты аймағында ірі, бір-бірімен қосылған, жиегі иректелген дақтар. Айналасында ұсақ ошақтар бар. Субъективті қышу сезімі. Микроскопиялық зерттеу кезінде мицели жіпшелері табылды. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
руброфития
дерматит
есекжем
псориаз
эпидермофития+++
37. 29 жасар әйелдің мойнының артқы бетінде дақтар пайда болған, аздаған қышу сезімі. Ауырғанына 6 ай болған. Тексергенде: желке аймағында көптеген қабынусыз, әртүрлі пішіндегі және көлемдегі, сарғыш-қоңыр түсті бетінде кебекті қабыршықтары бар дақтар. Берілген диагноздың ең ықтималы:
рецидивті мерез
себореялық дерматит
токсидермия
кебекті теміреткі+++
Жибердің қызғылт теміреткісі
38. Дәрігер – дерматологқа 20 жасар ер адам бет терісіне бөртпе шығуына байланысты қаралды. Тексергенде: көлемі үлкен емес, жарты шар тәрізді ортасынан түк шығып тұрған, айналасы ашық-қызыл түсті қабыну жиегімен көмкерілген іріңдік. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
жай теміреткі
сыздауық
остеофолликулит+++
стрептококты импетиго
шиқан
39. 23 жасар әйел сыртқы жыныс мүшесі аймағындағы ашу, қышу, жағымсыз иісті, сүт түстес бөліндіге шағымданып дәрігерге қаралды. Клиникалық қарау нәтижесінде келесі өзгерістер анықталды: жедел кольпит, артқы ылдиында көп мөлшерлі ірімшік тәрізді бөлінді, 10% КОН сынамасы оң. Жағындыда лейкоциттер саны көп, «кілттік» жасушалар>20%, бүршіктенуші ашытқылы жасушалар және жалған мицеллилер. Дақылдық ортада қынап трихомонадасы табылмады. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
урогениталдық хламидиоз, кандидоз
урогениталдық микоплазмоз, гарднерелез
урогениталдық кандидоз,бактериалды вагиноз+++
урогениталдық кандидоз, трихомониаз
урогениталдық уреаплазмоз, гарднерелез
40. Нативтік препараттарда жалпақ эпителиалдық жасушалардың үстіне орналасқан бұрыш сепкен сияқты, болып көрінетін, басқаша айтқанда «кілттік» микроорганизмдер анықталды. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
трихомоноз
хламидиоз
соз
мерез
гарднереллез+++
41. Дерматология бөліміне 3 айлық қыз баласымен анасы стационарлық ем қабылдауда. Қыз баланың 2 күн бұрын бетінде тез кеуіп қабық түзуге бейім көпіршікшелер пайда болған. Объективті: бетінде қабаттасқан іріңді қабықтары және жеке-жеке орналасқан қуысында лайлы сұйықтығы бар, жіңішке, қызғылт жиекпен қоршалған босаң көпіршікшелер. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
Импетиго+++
Эктима
Жай ұшық
Сыздауық
Белдеулі теміреткі
42. Дерматологқа 35 жасар ер адам сол жақ қолтық астындағы ауру сезіміне, дене қызуының 38,0С көтерілуіне шағымданып қаралды. Ауырғанына бір апта болған. Тексергенде: сол жақ қолтық аймағында түйіндер, тері түсі қошқыл-қызыл түсті, жұқарған, пальпация кезінде қою ақ түсті ірің бөлінеді. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
лимфаденит
флегмона
сыздауық
итемшек+++
шиқан
43. Ауруханаға 4 жасар ұл бала түсті. Үш күн бұрын беті қызарып, содан кейін іріңді сұйықтығы бар босаң көпіршік пайда болған, біраз уақыттан кейін біркелкі емес ақшыл сары түсті қабыққа айналған. Зақым ошағы бүкіл бетіне таралды. Бала балабақшаға барады. Топтағы екі баланың терісіндеде осыған ұқсас ұқсас бөртпелер бар. Тексергенде: бет, маңдай терісінде, көздің айналасында, құлақ қалқанында эритема фонында бал-сары түсті қатпарлы қабықтар. Негізгі ошақтың айналасында бірен-саран ұсақ фликтеналар. Мұрынның оң жақ кіре берісінің терісінде сарғыш түсті қабық. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
Тілме қабыну
Шанкр тәрізді пиодермия
Жел шешек
Фолликулиттер
Стрептококты импетиго+++
44. 23 жастағы ер адам, дерматологқа мұрын-ерін үшбұрышына шыққан бөртпеге, күйдіру сезіміне шағымданып келді. Ауырғанына 2 жыл. Алғашында жоғарғы еріннің үстіндегі теріде ортасында түгі бар, жеке іріңдіктер пайда болған. Іріңдіктер тез кеуіп қабық түзген, сол жерде қайтадан жаңа бөртпелер пайда болған. Зақым ошағы біртіндеп ұлғайып, қабынған, ісінген сақал-мұрын аймағын толық қамтыған. Қосалқы ауырулары созылмалы ринит, холецистит. Тексергенде:зақым ошағында тері қабынған, ісінген. Сақал-мұрын аймағында ортасында түгі бар көптеген іріңдікті бөртпелер, кір сарғыш түсті қабықтар. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
нейродермит
қатынас дерматиті
жасөспірімдер безеуі
экзема
сикоз +++
45. 13 жасар ұл баланың дерматологқа қаралған кезде аяғында көлемі 0.5 см, ортасынан түк шығып тұрған, айналасында қабыну жиегі бар іріңдікті бөртпелер анықталды. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
фликтена
фолликулит+++
эктима
гидраденит
акне
46. Дәрігерге 51 жасар толықтау келген әйел оң жақ қолтық астындағы ауру сезіміне, дене қызуы 38 С дейін көтерілуіне шағымданып келді. Қарап тексергенде: оң жақ қолтық астының шұңқырында қошқыл-қызыл түсті көтеріңкі ауыратын инфильтратар бар. Берілгендердің ішіндегі біріншілік бөртпенің ең ықтималы:
көпіршік
үйіншек
көпіршікше
түйін+++
төмпешік
47. Дерматологтың қабылдауына анасы 4 жасар баласымен бет терісіндегі, аяқ-қолдарындағы бөртпелерге шағымданып келді. Тексеру кезінде: зақым ошағында қуысында лайлы сұйықтығы бар фликтеналар, іріңді қабықтар. Ванна қабылдағаннан кейін бөртпе көбейіп кеткен. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
сикоз
стрептодермия+++
итемшек
остеофолликулит
фурункулез
48. Дерматологиялық бөлімге 60 жастағы әйел түсті, цефтриоксон инъекциясын еккеннен кейін дене температурасы 40°C-қа дейін көтерілген. Дененің, беттің, аяқ-қолдардың терісінде босаң үлкен көлемді көпіршіктер пайда болды. Екіншілік бөртпе шетке қарай өсуге бейім эрозия түрінде. Никольский симптомы күрт оң. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
нағыз экзема
Дюринг ауруы
Стивенс-Джонсон синдромы
пемфигус
Лайелл синдромы+++
49. 62 жастағы әйелдің алақаны мен табанында әсіресе тері жүлгелерінің бойында орналасқан ұн тәрізді қабыршықтану байқалады. Қолындағы және аяғындағы барлық тырнақ пластинкалары-сұрғылт-сарғыш түсті, қалыңдаған, жартылай бұзылған. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
табан сүйелі
екіншілік мерез
алақан және табан рубромикозы+++
алақан-табан псориазы
кәсіби экзема
50. 57 жасар ер адамның мойынның артқы жағына қатты ауыратың түйін пайда болған. Зақым ошағындағы тері қошқыл- қызыл түсті, ортасы көкшіл, бетінде бернеше тесіктері бар одан жасыл түсті қан аралас іріңді некротикалық масса бөлініп тұр. Берілген екіншілік элементтердің ең ықтималы:
жарылу
эрозия
қабыршық
жара+++
вегетация
51. 10 жасар баланың бетінде: ашық-қызыл түсті қабыну жиегімен қоршалған лайлы сұйықтығы бар босаң іріңдік. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
қарапайым теміреткі
сыздауық
стрептококкты импетиго+++
шиқан
остиофолликулит
52. 20 жасар әйелді, әйелдер кеңесі бөлімінен тексеруге жіберген, өйткені оның жұбайы жаңа созбен емделуде. Бөгде адаммен жыныстық қатынаста болмаған. Тексергенде: қынаптың шырышты қабаты және жатырдың мойны қызарған, қынаптың артқы ылдиында көп мөлшерде іріңді бөлінді. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
клиникалық белгісі жоқ соз
жаңа жедел соз+++
гонококк тасымалдаушы
жаңа торпидті соз
созылмалы соз
53. Дәрігерге 55 жастағы әйел күйдіру, ауру сезімі, қабаттасқан ауыз қуысындағы бөртпелерге шағымданды. Объективті: ауыз қуысының шырышты қабатындада, көлемі 1см эрозиялар бар. Никольский симптомы оң. Цитологиялық зерттеу кезінде акантолитикалық жасушалар анықталды. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
көпіршікті эпидермолиз
қарапайым пемфигус+++
Сенир-Ашер пемфигусы
Дюринг дерматиті
нағыз экзема
54. Дәрігердің қабылдауына 35 жасар ер адам башпай арасында орналасқан бөртпеге, қышу және күйдіру сезіміне шағымданып түсті. Тексеру кезінде 3-ші және 4-ші, 4-ші және -5ші, башпай аралықтарында ісіну, ақжемделу, эрозия және жарылу анықталды. Ауырғанына 4 ай. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
ихтиоз
интертригинозды эпидермофития+++
екіншілік мерез
алақан-табан кератодермиясы
дисгидротикалық экзема
55. Гинекологқа 35 жасар әйел ішінің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне, дене қызуының көтерілуіне және қынаптан бөлінетін шырышты бөліндіге шағымданып қаралды. Анамнезінде: жоғарыда көрсетілген шағымдар 4 апта бұрын пайда болған. Жағындыда қызғылт түсті цитоплазматикалық қосындылар табылған. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
трихомониаз
хламидиоз+++
уреаплазмоз.
соз
гарднереллез
56. 49 жастағы ер адамның қолы мен бет терісінде қатты қышу сезімі бар. Ол 3 жыл бойы ауырып, амбулаторлық жағдайда емделді. Ем нәтижесіз. Аурудың соңғы қайталануы жүйке стрессімен байланысты. Объективті: Қол, білек, сирақ терісінде ісіну, айқын эритема, "серозды құдықтар"түріндегі ылғалдану байқалады. Науқасты сыртқы емдеудің қандай тактикасы ең ықтималы:
лак
сулы таңба+++
крем
жақпа май
ванна
57. Дерматологтың қабылдауына келген 8 жасар ұл баланың тексеру кезінде басының шашты бөлігінде зақым ошақтары анықталды. Ошақта шаш тері бетінен 5-8 мм деңгейінде сынған. Диагноз қою үшін қандай диагностикалық әдіс ең ықтимал:
иммуноферменттік талдау
тері-аллергиялық сынама
микроскопиялық зерттеу+++
жалпы зәр анализі
Вассерман реакциясы
58. Диспансерге 21 жасар ер адам оң жақ жағындағы ауратын ісікке, бас ауруына, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Тексергенде: жедел қабынулы конус тәрізді түйін, көлемі 2,0 см, бетіндегі тері кернелген. Мойынның лимфа түйіндері оң жағында ұлғайған және ауырады. Қандай жергілікті емдеу тактикасын тағайындау ең орынды болып табылады:
салицил майы
гормоналды майлар
интерферон майы
таза ихтиолмен таңба+++
цинк пастасы
59. 63 жасар ер адамды созылмалы бронхиттің асқынуына байланысты дене қызуы көтеріліп, әлсіздік мазалайды. Қарап тексергенде: ауыз қуысының шырышты қабатында көлемі 1.0 см көпіршіктер, эрозиялар. Еріннің қызыл жиегінде қатпарлы қанды қабықтар. Қолының сыртқы бетінде көкшіл-қызыл түсті дақтар анықталды. Қандай емдеу әдісі ең ықтимал:
антибиотиктер
анаболикалық гормондар
антимикотиктер
кортикостероидтар+++
витаминдер
60. 60 жастағы әйел күйдіру, ауру сезімі, әлсіздік, дімкәстікпен қабаттасқан ауыз қуысындағы көпіршікті бөртпелерге шағымданды. Объективті: ауыз қуысының шырышты қабығында босаң көпіршіктер, көлемді эрозиялар бар. Никольскийдің симптомы оң. Сөйлеу, тамақтану қиын. Төменде берілген қай ауру түрімен салыстырмалы диагностика жүргізу ең ықтимал:
Дюринг дерматиті.
Пемфигоид
Стивенс-Джонсон синдромы+++
Пиодермия
Кандидоз
61. 6 жасар қыз балаға стрептококты импетиго диагнозы қойылды. Жергілікті ем тағайындау үшін төменде берілген дәрілердің қайсысы ең орынды болып табылады:
Антибактериалды+++
паразитке қарсы
саңырауқұлаққа қарсы
гормоналды
вирусқа қарсы
62. 42 жастағы адам 10 жылдан берi терi ауруымен ауырады. Бөртпелер алақан, табан терісінде орналасқан. Алақан, табан терісінде ашық қызыл түсті, бетiнде ақ күмiс түсті қабыршақтары, іріңдіктері бар, анық шектелген табақшалар орналасқан. Диагноз қою үшін қандай диагностикалық әдіс ең ықтимал:
тері-аллергиялық сынама
гистологиялық зерттеу+++
Вассерман реакциясы
жалпы зәр анализі
иммуноферменттік талдау
63. 31 жасар әйелдің шап – сан қатпарында, ірі, бір-бірімен қосылған, жиегі иректелген дақтар. Айналасында ұсақ ошақтар бар. Субъективті қышу сезімі. Микроскопиялық зерттеу кезінде мицели жіпшелері табылды. Төменде берілген қай ауру түрімен салыстырмалы диагностика жүргізу ең ықтимал:
пемфигус
псориаз
токсикодермия
эритразма+++
пиодермия
64. 40 жастағы ер адамды тексеру кезінде: денесінде ашық қызыл түсті сулы, пішіні полициклді эрозия анықталды. Сыртқы емдеу үшін тізімдегілердің ішінен қандай дәрілік препаратты тағайындау орынды:
метилен көгінің сулы ертіндісі+++
салицил жақпа
гормоналды крем
кератолитикалық жақпа
мырыш майы
65. Венерологтың қабылдауына 25 жасар ер адам жыныс мүшесінен бөлінген бөліндіге, ауру, күйдіру сезіміне шағымданды. Қарап тексергенде уретра еріндері қызарған, ісінген. Бөлінді көп мөлшерде, іріңді. Ауырғанына 4 күн. Анамнезінде цефолоспорин тобының антибиотиктеріне аллергиялық реакция. Төменде берілген дәрілердің қайсысын этиотропты ем ретінде тағайындау орынды болып табылады:
метронидазол
доксициклин+++
преднизолон
цефтриоксон
метотрексат
66. 48 жасар ер адам қолтық астындағы, субъективті сезімі жоқ даққа шағымданып қаралды. Қолтық астының терісін қарағанда көлемі 8х10 см, анық шектелген, қоңыртым-қоңыр түсті, шеті иректелген, кебекті қабыршықтармен жабылған дақ анықталды. Микроскопияда мицели жіпшелері анықталды.Төменде берілген дәрілердің қайсысын тағайындау ең орынды болып табылады:
антигистаминді
иммуномодуляторлар
фунгицидты+++
вирусқа қарсы
дәрумендер
67. Дерматологқа 34 жастағы ер адам денесіндегі бөртпеге шағымданды. Қарап тексергенде: денесінде "сүт қосылған кофе" түстес дақтар, эритематозды-қабыршықты ошақтар анықталды. Төмендегі тексеру әдістерінің қайсысы диагноз тағайындауда ең ықтималы:
Ядассон сынамасы
Бальцер сынамасы+++
Кебнер феномені
Поспелов симптомы
Ауспиц триадасы
68. 58 жасар әйелдің дене мен аяқтың терісінде көлемі жаңғақ тәрізді көпіршіктер бар. Көпіршіктер босаң. Көпіршіктердің сұйықтығы мөлдір. Дәрігер көпіршікке басқан кезде сұйықтық эпидермистің іргелес бөліктерін сыдырып, көпіршіктің көлемі үлкейеді. Дәрігер қандай ең ықтимал клиникалық тексеру әдісін жүргізді:
Кебнер феномені
Асбо-Хансен симптомы+++
Бальцер сынамасы
Ядассон сынамасы
Уикхэмнің торы
69. Емханаға қабылдауға келген 32 жастағы әйел жыныс мүшелерінен бөлінген бөліндіге шағымданды. 15 күн бұрын кездейсоқ жыныстық қатынас болған. Өз бетімен күн сайын 1 таблеткадан сумамед қабылдаған, ешқандай нәтиже болмады. Жағындыда цитоплазматикалық қосындылар табылды. Клиникалық көрінісінде қандай бөлінді ықтимал:
мардымсыз шырышты бөлінді+++
көпіршікті бөлінді
балықтың иісі бар бөлінді
көп мөлшердегі іріңді бөлінді
ірімшікті бөлінді
70. Тері бөліміне 35 жастағы ер адам дененің жоғарғы бөлігінің бөртпелеріне шағымданып келді. Субъективті белгілер жоқ. Тексеру кезінде сүт қосылған кофе түсіндей дақтар анықталды. Мерезге серологиялық реакциялар теріс. Диагноз қою үшін қандай диагностикалық әдіс ең ықтимал:
Дерматоскопия
Дермографизм
Вазопресия
Граттаж
Бальцер сынамасы+++
71. 55 жасар ер адам кеуде терісіндегі бөртпелік элементтерге шағымданады. Ауырғанына 3 жыл. Бөртпелер шығар алдында қатты ашу мен шаншу сезімі болады. Объективті: кеуде, іш, арқа терісінде дақтар, түйіншектер, көпіршікшелер, көпіршіктер мен күлдіреуіктерден тұратын полиморфты бөртпелер бар. Бөртпелер топтасып орналасқан. Көпіршікшелер мен көпіршіктер айналасындағы тері ісінген, қызғылт-қызыл түсті. Жарылған көпіршіктер орнында қабықтармен жабылған эрозиялар. Берілген дәрілік препараттардың қайсысын тағайындау ең ықтимал:
саңырауқұлаққа қарсы
сульфон тобының препараттары+++
безгекке қарсы
цитостатиктер
антибиотиктер
72. 60 жастағы әйелдің цефтриоксон инъекциясынан кейін дене температурасы 40°C-қа дейін көтерілді. Жалпы жағдайы ауыр. Дененің, беттің, аяқ-қолдардың терісінде босаң үлкен көлемді көпіршіктер пайда болды. Екіншілік бөртпе шетке қарай өсуге бейім эрозия түрінде. Никольскийдің симптомы күрт оң. Аурухананың қай бөліміне жатқызу орынды:
дерматология бөліміне
күйік бөліміне
хирургия бөліміне
терапия бөліміне
реанимация бөліміне+++
73. 60 жастағы ер адамды тексерген кезде табанында тоқыраулы гиперемия, гиперкератоз, қабыршықтар. қатар жүретін аурулар кезінде Қолданылатын жергілікті дәрілік заттың ең ықтималын таңдаңыз:
бриллиант көгі
салицил майы+++
жасыл сабын
Дорогов пастасы
цинк пастасы
74. Дерматологқа 19 жастағы жасөспірім қасаға аймағындағы бөртпелерге, ауырсынуға шағымданып келді. Өзін бейтаныс әйелмен жыныстық қатынастан кейін 15 күн бойы ауру деп санайды. Провизордың кеңесі бойынша өз бетінше емделді, ем нәтижесіз. Объективті: қасаға аймағындағы теріде ісіну мен эритема фонында көптеген папулезді-іріңдікті элементтер бар. Микроскопияда мицели жіпшелері анықталды. Бұл ауруға қандай симптом тән:
серозды құдықшалар белгісі
ысқы симптомы
бал сотысы феномені+++
уртикарлы дермографизм
изоморфты реакция
75. 60 жастағы әйел адам, денесіндегі қышу сезімі бар бөртпеге шағымданды. Ауырғанына 3 жыл. Асқынуы жиі күз көктем айларында. Тексергенде: кеудесінде, жамбасында, арқасында, аяқ-қолында көп мөлшердегі топтасуға бейім, полиморфты бөртпе. Бөртпе эритематозды дақ, түйіншек, көпіршікше, көпіршік, геморрагиялық қабық және экскориациялардан тұрады. Анамнезінде: созылмалы гастрит, холецистит. ҚЖА – эозинофилия. Қандай профилдік дәрігердің кеңесін тағайындау ЕҢ орынды болып табылады:
аллерголог
гастроэнтеролог
терапевт
дерматолог+++
ревматолог
76. 58 жасар әйелдің дене мен аяқтың терісінде көлемі жаңғақ тәрізді көпіршіктер бар. Көпіршіктер босаң. Көпіршіктердің сұйықтығы мөлдір. Дәрігер көпіршік қақпағының қалдығын тарту кезінде эпидермистің сыдырылуы орын алды. Дәрігер қандай ең ықтимал клиникалық тексеру әдісін жүргізді:
Уикхэмнің торы
Кебнер феномені
Бальцер сынамасы
Никольский симптомы+++
Ядассон сынамасы
77. 63 жасар ер адамда созылмалы бронхиттің асқынуына байланысты дене қызуы көтеріліп, әлсіздік мазалайды. Қарап тексергенде: ауыз қуысының шырышты қабатында көлемі 1.0 см көпіршіктер, эрозиялар. Еріннің қызыл жиегінде қатпарлы қанды қабықтар. Қолының сыртқы бетінде көкшіл-қызыл түсті дақтар анықталды. Берілген тексеру әдістерінің диагноз қою үшін қайсысы орынды болып табылады:
акантолитикалық жасушаға зерттеу+++
биохимиялық зерттеу
гистологиялық зерттеу
дақылдық зерттеу
серологиялық зерттеу
78. 45 жастағы ер адам аяқтың тырнақ пластиналарының өзгеруіне шағымданып қабылдауға жүгінді. Тексеру кезінде: аяқтардың барлық тырнақ пластиналары сарғыш-сұр түсті, күнгірттенген, көлденең сызылған, тырнақ пластиналарының бос шеті үгітіліп жатыр. Айқын тырнақ асты гиперкератозы байқалады. Қандай емдеу әдісі ең ықтимал:
кортикостероидтар
цитостатиктер
антибикотиктер
хирургиялық емдеу
антимиотиктер+++
79. 5 жасар ұл баланың ауыз бұрышында ауру сезімі мазалайды. Тексергенде ауыз бұрышының терісі ісінген және қызарған, жиегі қызарып инфильтрацияланған жырық тәрізді, салбырап тұрған ақшыл түсті сыдырылған эпителимен көмкерілген эрозия. Қандай жергілікті емдеу тактикасын тағайындау ең орынды болып табылады:
сұйық азотпен күйдіру
левомиколь
лазерлік ем
ультродыбыстық ем
фукорцинмен өңдеу+++
80. 70 жастағы ер адам кеудесіндегі, арқасындағы, аяқ-қолындағы бөртпелерге шағымданды. Ауру жиі көктем, күз айларында өршиді, тез аяқталады. Бөртпе, ашу, шаншу және қышу сезімдерінен кейін пайда болады. Клиникалық көрінісі көп мөлшердегі полиморфты бөртпеден тұрады: топтануға бейім, эритематозды дақ, түйіншек, көпіршікше, көпіршік, геморрагиялық қабық және экскориация. Цитологиялық зерттеуде эозинофилия. Диагноз қою үшін берілген лабораторлық көрсеткіштердің қайсысы ең ықтимал:
Ig Е-ң қанда жоғарылауы
жалпы қан анализінде нейтрофилдердің анықталуы
акантолитикалық жасушалардың анықталуы
РИФ әдісімен зерттегенде Ig A-ң анықталуы+++
РИФ әдісімен зерттегенде Ig G-ң анықталуы
81. 17 жасар ер балада қышу сезіміне терінің құрғауына шағымданады. Үш айынан бастап ауырады. Тексергенде: периорбитальды аймақ терісінде пигментация, Денье –Морган қатпары айқын. Бет терісі құрғақ, қызарған. Сыртқы ем тағайындау үшін тізімдегілердің ішінен қандай дәрілік препаратты орынды:
Кремдер+++
сулы таңба
лосьондар
лак
ұнтақтар
82. Дерматологтың қабылдауына анасы 4 жасар баласымен бет терісіндегі, аяқ-қолдарындағы бөртпелерге шағымданып келді. Тексеру кезінде: зақым ошағында қуысында лайлы сұйықтығы бар фликтеналар, іріңді қабықтар. Ванна қабылдағаннан кейін бөртпе көбейіп кеткен. Қандай жалпы емдеу әдісі ең ықтимал:
витаминдер
кортикостероидтар
антибиотиктер+++
антимикотиктер
антигистаминдер
83. Дерматовенерологқа 22 жасар әйел қынаптан бөлінген көп мөлшердегі жағымсыз исі бар бөліндге, қышу, күйдіру, жыныстық қатынас кезіндегі ауру сезімне шағымданды. Қарап тексергенде: қынаптың және кіре берістің шырышы ісінген, қызарған. 10% КОН сынамасы оң. Дәрігер болжамды гарднереллез диагнозын қойды. Төменде берілген бактериалды вагиннозға тән ең ықтимал диагностика критериі қайсысы:
аминотест оң+++
диплококктың анықталуы
лейкоцитоз
кілттік жасушаның болуы
псевдомицелидің анықталуы
84. Дәрігер дерматологқа 63 жасар науқас алақан және табандағы, әсіресе тері қыртыстарындағы ұн терізді қабыршықтануға байланысты қаралды. Саусақ және башпайдың барлық тырнақтары – сұрғылт-сары түсті, қалыңдаған, сынғыш. Сіздің ең ықтимал тексеру тактикаңыз:
иммунологиялық
дақылдық+++
серологиялық
жалпы клиникалық
гистологиялық
85. Емханаға қабылдауға келген 32 жастағы әйел жыныс мүшелерінен бөлінген бөліндіге шағымданды. Жүйелі кортикостероидтарды қабылдаған. Өз бетімен күн сайын 1 таблеткадан сумамед қабылдаған, ешқандай нәтиже болмады. Дақылдық зерттеу кезінде Кандида албиканс табылды. Клиникалық көрінісінде қандай бөлінді ықтимал:
көпіршікті бөлінді!
ірімшікті бөлінді!+++
көп мөлшердегі іріңді бөлінді!
балықтың иісі бар бөлінді!
мардымсыз шырышты бөлінді!
86. Венерологқа 27 жасар әйел сол жақ бүйіріндегі етеккір кезінде күшейетін ауру сезіміне, мардымсыз бөліндіге шағымданып келді. Клинико-лабораторлық зерттеу кезінде хламидиоз диагнозы қойылған. Төменде берілген дәрілердің қайсысын тағайындау ең тиімді болып табылады:
флуконазол
канамицин
азитромицин+++
трихопол
пенициллин
87. 40 жасар әйел етеккір келген кезде күшейетін сол жақ бүйіріндегі ауру сезіміне, мардымсыз жалқықты бөліндіге шағымданды. Акушерлік гинекологиялық анамнезі: соңғы екі жүктілігі ерте мерзімде жүктіліктің 8-9 аптасында түсікпен аяқталған. Романовски-Гимзе тәсілімен боялған препаратты микроскоппен зертегенде, қызғылт түсті цитоплазматикалық қосындылар табылған. Берілген тексеру әдістерінің диагноз қою үшін қайсысы ықтимал болып табылады:
экспресс-диагностика әдісі
полимеразды тізбекті реакция+++
дақылдық зерттеу
нативті препараттарды зерттеу
Грамм бойынша боялған шырыш қырындысы
88. 4 жастағы баланың бас терісінде диаметрі 1-2 см-ге дейін қызғылт түсті дөңгелек бірнеше зақым ошақтары бар. Ошақтарда шаш 5-8 мм тері деңгейінен биіктікте сынған. Люминесценттік зерттеу кезінде зақымданған шаштың микроспорияға тән жарқылын көрсетіңіз:
Ақ қар тәрізді
Изумрудты-жасыл+++
Ақ қар тәрізді көкшіл реңмен
Қоңыр
Маржан қызыл
89. Дерматологтың қабылдауында болған балаға: Инфильтративті-іріңді трихофития диагнозы қойылды. Қандай клиникалық ерекшелік осы ауру үшін ең ықтимал болып табылады:
эритема және ісіну
фолликулярлы емес абсцесс
экзематозды құдықтар
Цельстің бал сотысы+++
вегетациялар
90. 62 жастағы ер адамның алақаны мен табанында әсіресе тері жүлгелерінің бойында орналасқан ұн тәрізді қабыршықтану байқалады. Қолындағы және аяғындағы барлық тырнақ пластинкалары-сұрғылт-сарғыш түсті, қалыңдаған, жартылай бұзылған. Микроскопиялық зерттеу кезінде мицели жіпшелері анықталды. Қандай емдеу әдісі ең ықтимал:
паразитке қарсы
антибиотиктер
вирусқа қарсы
цитостатиктер
антимикотиктер+++
91. Анасы 7 жасар баласымен бетіне және қолдарына шыққан бөртпе элементтеріне шағымданып келді. 7 күн бойы ауырады. Тексеру кезінде: фликтеналар, серозды геморрагиялық қабықтар апықталды. Ем тағайындау мақсатында тексерудің қандай тактикасы ең орынды:
бактериологиялық зерттеу+++
гистологиялық зерттеу
жалпы зәр анализі
иммуноферменттік талдау
Вассерман реакциясы
92. 40 жасар әйелдің ішінің төменгі бөлігіндегі тартып ауыратын ауру сезімі, көп мөлшердегі көпіршікті бөлінді. Тексергенде: қынаптың шырышты қабығы қызарған, қынаптың артқы ылдиында көп мөлшерде іріңді көпіршікті бөлінді. Берілген тексеру әдістерінің диагноз қою үшін қайсысы ең ықтимал болып табылады:
микроскопиялық зерттеу+++
биохимиялық зерттеу
гистологиялық зерттеу
бактериологиялық зерттеу
микрореакция
93. 58 жасар әйелдің дене мен аяқтың терісінде көлемі жаңғақ тәрізді көпіршіктер бар. Көпіршіктер босаң. Көпіршіктердің сұйықтығы мөлдір. Көпіршікке басқан кезде сұйықтық эпидермистің іргелес бөліктерін сыдырып, көпіршіктің көлемі үлкейеді. Көпіршік қақпағының қалдығын тарту кезінде эпидермистің сыдырылуы орын алады. Цитозда акантолитикалық жасушалар анықталды. Қандай қосымша зертханалық және диагностикалық зерттеулер қарапайым пемфигус диагнозын растайды:
биохимиялық зерттеу
культуральдық зерттеу!
иммунофлюоресценттік әдіс (жанама және тікелей РИФ)+++
иммуноферменттік зерттеу!
Вассерман реакциясы
94. 60 жастағы әйел күйдіру, ауру сезімі, әлсіздік, дімкәстікпен қабаттасқан ауыз қуысындағы көпіршікті бөртпелерге шағымданды. Объективті: ауыз қуысының шырышты қабығында босаң көпіршіктер, көлемді эрозиялар бар. Никольский симптомы күрт оң. Сөйлеу, тамақтану қиын. Қандай профилдік дәрігердің кеңесін тағайындау ең орынды болып табылады:
хирург
терапевт
ревматолог
стоматолог
дерматолог+++
95. Емханаға 35 жасар ер адам қаралды. Тексеру кезінде 5-ші және 4-ші, 4-ші және 3-ші башпай аралықтарында эритематозды–қабыршықты әлсіз қышу сезімі бар ошақ анықталды. Ер адам жүзу тренері болып жұмыс істейді. Қандай емдеу тактикасын тағайындау ең орынды болып табылады:
ацикловир майы
тербинафин кремі+++
эритромицин майы
бетаметозон кремі
цинк пастасы
96. 37 жасар ер адам ауру және күйдіру сезімімен қабаттасқан уретрадан бөлінген көп мөлшердегі іріңді бөліндіге шағымданып келді. Ауырғанына 3 күн. Объективті: уретра ернеулері ісінген және қызарған, көп мөлшердеі іріңді-көпіршікті бөлінді. Микроскопияда диплококтар, қарапайымдар анықталды. Төменде берілген дәрілердің қайсысын тағайындау ең тиімді болып табылады:
метронидазол, итроконазол
цефтриоксон, метронидазол+++
метронидазол, флуконазол
цефтриоксон, клотримазол
цефтриоксон, флуконазол
97. Дерматологқа 68 жастағы әйел адам, денесіндегі қышу сезімі бар бөртпеге шағымданады. Ауырғанына 3 жыл. Асқынуы жиі күз көктем айларында. Тексергенде: кеудесінде, жамбасында, арқасында, аяқ-қолында көп мөлшердегі топтасуға бейім, полиморфты бөртпе. Бөртпе эритематозды дақ, түйіншек, көпіршікше, көпіршік, геморрагиялық қабық және экскориациялардан тұрады. Анамнезінде: созылмалы гастрит, холецистит. ҚЖА – эозинофилия. Ауырудың асқынуының алдын-алу мақсатында қандай диета тағайындау ең ықтимал:
Глютенсіз+++
гипоаллергенді
ақуыздық
жоғары калориялы
калориясы төмен
98. Туылғаннан кейін үшінші күні нәрестенің екі көзі ісіп, конъюнктивасы қызарды. Қабағы қызарып, ісінді, көз саңылауынан көп мөлшерде қою ірің ағып тұр, кірпіктері бір біріне жабысып қалған. Баланың анасында созылмалы соз. Берілген тексеру әдістерінің диагноз қою үшін қайсысы орынды болып табылады:
дақылдық зерттеу
гистологиялық зерттеу
цитологиялық
микроскопия+++
иммунологиялық
99. Учаскелік дәрігерге 47 жасар ер адам әлсіздікке, бөртпелерге шағымданып келді. Бөртпелер сульфаленді қабылдағаннан кейін пайда болды. Объективті: диаметрі 2-3 см дөңгелек пішінді бірнеше эритематозды дақтар бар. Науқасты жалпы емдеудің қандай тактикасы ең ықтимал:
жалпы нығайтатын ем
гипосенсибилизациялайтын ем+++
дәрумендер
антиоксиданттар
стероидты емес қабынуға қарсы
100. Дерматологтың қабылдауына анасы 4 жасар баласымен бет терісіндегі, аяқ-қолдарындағы бөртпелерге шағымданып келді. Тексеру кезінде: зақым ошағында қуысында лайлы сұйықтығы бар фликтеналар, іріңді қабықтар. Ванна қабылдағаннан кейін бөртпе көбейіп кеткен. Қандай жергілікті емдеу әдісі ең ықтимал:
күкірт майы
мырыш пастасы
салицил жақпа
топикалық стероидтар
анилин бояғыштары+++
1.Көпіршікте ажыратады:
тереңдігін
жиегін
негізін
инфильтратты
қақпағын+++
2. Хламидиозға тән биологиялық қасиет:
цилиндрлік эпителий жасушаларына тропизм
жоғары жұқпалылық
ЖЖЖИ басқа қоздырғыштарымен ассоциациясы
облигатты жасуша ішілік даму циклі+++
L-трансформациялау қабілеті
3. Көпіршікшенің пайда болу механизмін көрсетіңіз:
паракератоз
гранулез
инфильтрация
спонгиоз+++
акантолиз
4. Диспансерге 33 жастағы әйел қынаптан аққан шырышты-іріңді сипаттағы аздаған бөлінділерге шағымданды. Объективті: жатыр мойны ісінген, қызарған, сыртқы аңқаның айналасында орташа көлемді эрозия бар. Романовский-Гимзе әдісімен боялған препараттарда микроскопиялық зерттеу кезінде күлгін түсті цитоплазмалық қосындылар табылды. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
микоплазмалық эндоцервицит
трихомонадалық эндоцервицит
гонореялық эндоцервицит
хламидиялық эндоцервицит+++
стафилококкты эндоцервицит
5. Диспансерге 70 жасар еркек, ерін аймағындағы ауру сезімене шағымданды.Тексергенде: езу терісі ылғалды, ақжемделген, қызарған, тез алынатын ақшыл түсті өңезбен жабылған (өңезді алғанда беті тегіс қызыл түсті эрозия ашылады); төменгі ерінде кейбір қызарған аймақ үстінде ақ нүкте тәрізді түйіршікті өңез (өңезді алғанда асты ылғалды, жылтыр). Науқаста имплантантты тістер. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
күбіртке
эктима
кандидоз+++
біріншілік мерез
стрептококты импетиго
6. Дерматовенерологқа 30 жасар ер адам кіші дәретке отырғанда ауру сезімі, қышу, күйдіру сезімі, несепағардан бөлінген аздаған бөліндіге шағымданып келді. Анамнезінен 4 апта бойы антибиотик қабылдағаны анықталды. Объективті тексеру кезінде жыныс мүшесінің басында ұсақ ірімшікті масса, уретра еріндері ісінген және қызарған. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
урогениталдық кандидоз+++
урогениталдық хламидоз
трихомониаз
соз
микоплазмоз
7. Дәрігердің қабылдауына 75 жастағы қарт адам, ауыздың бұрыштарындағы бөртпелерге шағымданып келді. Қант диабетімен ауырады. Жергілікті статус: ауыздың бұрыштарында бал-сары қыртыстармен жабылған сызықты жарылулар бар, оларды алып тастағанда эрозиялар ашылады. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
Стрептодермия+++
хейлит
атопиялық дерматит
пемфигус
жай ұшық
8. Дәрігерге 68 жастағы ер адам, кеудесіндегі, арқасындағы, аяқ-қолындағы бөртпеге шағымданады. Ауырғанына 5 жыл. Ауру жиі көктем, күз айларында өршиді. Клиникалық көрінісі көп мөлшердегі полиморфты бөртпеден тұрады: топтануға бейім, эритематозды дақ, түйіншек, көпіршікше, көпіршік, геморрагиялық қабық және экскориация. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
нағыз экзема
Дюринг дерматиті+++
қарапайым пемфигус
көпіршікті эпидермолиз
Сенир-Ашер пемфигусы
9. Ауруханаға 45 жасар ер адам башпай арасында орналасқан бөртпеге, қышу және күйдіру сезіміне шағымданып түсті. Тексеру кезінде 5-ші және 4-ші, 4-ші және 3-ші башпай аралықтарында ісіну, ақжемделу, эрозия және жарылу анықталды. Ауырғанына 2 ай. Емделмеген. Моншада жұмыс істейді. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
интертригинозды эпидермофития+++
екіншілік мерез
алақан-табан кератодермиясы
дисгидротикалық экзема
ихтиоз
10. Ауруханаға түскен 50 жастағы ер адам ауыз қуысының шырышты қабатындағы бөртпелерге, тамақтану кезінде ауырсынуға шағымданады, шамамен 4 ай ауырады. Емделмеген. Тексеру кезінде: ауыздың шырышты қабығында ашық қызыл түсті эрозиялар. Жағындыда Тцанк жасушалары анықталды. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
жай ұшық
Лайелл синдромы
Пемфигус+++
Дюринг ауруы
нағыз экзема
11. Дәрігердің қабылдауында 17 жасар ер бала, уретра ернеуінен аққан іріңді бөліндіге, зәр шығару кезінде күйдіру сезіміне шағымданды. Ауырғанына 3күн. Ауруды кездейсоқ жыныстық қатынаспен байланыстырады. Тексеру уретра ернеулері қызарған және ісінген, көп мөлшерде іріңді бөлінді. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
трихомониаз
соз +++
уреаплазмоз
хламидиоз
кандидоз
12. 26 жасар ер адам дерматология бөліміне түсті. Ауырғанына 1 апта болған, ауруын суықтанумен байланыстырады. Қарап тексергенде: аяқ-қолының сыртқы бетінде көкшіл-қызыл түсті ортасында ойығы бар дақтар анықталды. Төмендегі айтылғандардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады:
көптүрлі жалқықты эритема+++
Қарапайым пемфигус
Нағыз экзема
Көпіршікті эпидермолиз
Дюринг дерматиті
13. 29 жасар әйел көп мөлшердегі қынаптан бөлінген жағымсыз исі бар бөліндіге, қышу, күйдіруге шағымданып келді. Объективті: қынаптың және кіре берістің шырышы ісінген, аздап қызарған. 10% КОН сынамасы оң. Жағындыда < 20% «кілттік» жасушалар анықталды, аздап лейкоциттер бар. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
микоплазмоз
трихомониаз
гарднерелез+++
хламидиоз
уреаплазмоз
14. 28 жасар ер адамда бір апта бұрын шап аймағында қышу және күйдіру сезімі пайда болды. Әйелдің салмағы артық және жиі терлейді. Тексергенде шап аймағында анық шектелген, қабыршықтанған, қызғылт-қызыл түсті, ошақтар көрінеді. Шетінде ісінген және қызарған фонда көптеген лайлы сұйықтығы бар көпіршікшелер және іріңдіктер. Қабыну ошағының ортасында тері таза. Ошақтың пішіні сақина тәрізді. Берілген диагноздың ең ықтималы:
токсидермия
рецидивті мерез
шап эпидермофитиясы+++
Жибердің қызғылт теміреткісі
кебекті теміреткі
15. Дәрігерге 23 жасар қыз бала оң жақ қолтық астындағы ауру сезіміне, дене қызуының көтерілуіне шағымданып қаралды. Ауырғанына бір апта болған. Тексергенде: оң жақ қолтық аймағында көлемі 2 см түйіндер, тері түсі қошқыл-қызыл түсті, пальпация кезінде қатты ауырсынады. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
сібір жарасы.
Итемшек+++
шиқан
терең фолликулит
сыздауық
16. Гинекологтың қабылдауына 23 жасар жүкті әйел сыртқы жыныс мүшелері аймағындағы және қынаптағы кешке қарай күшейетін қышу, күйдіру сезімі, «ірімшік» тәрізді жағымсыз иісті бөліндіге шағымданып келді. Объективті: қынап қабырғасында ұсақ сұрғылт ақ түсті ошақтар, Микроскопияда: бүршіктелген ашытқы тәрізді жасушалар және псевдомицелилер. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
гарднереллез
кандидоз+++
уреаплазмоз
соз
микоплазмоз
17. Дәрігерге 35 жасар әйел жағымсыз балық исі бар қаймақ тәрізді ақшыл сұрғылт түсті бөліндіге шағымданды. Анамнезінен әйел 2 жыл бұрын жатыр ішілік спираль қойдырғаны белгілі болды. Лабораторлық тексеруде: амино-тест оң. РН>4,5. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
кандидоз
уреаплазмоз
трихомониаз
бактериалды вагиноз+++
хламидиоз
18. Ер адамның сақал аймағында ашық-қызыл түсті қабыну жиегімен қоршалған, кішкентай жарты шар тәрізді, ортасында шаш түгі бар іріңдіктер анықталды. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
стрептококкты импетиго
қарапайым теміреткі
шиқан
сыздауық
остиофолликулит+++
19. Дәрігер дерматологқа 44 жасар әйел қышу, ауру сезімі, тыртысумен байқалатын табанда орналасқан бөртпелерге шағымданды. Науқас жиі бассейнге барады. Тексергенде: табан күмбезінде және башпай аралықтарында ісінген эритема фонында топтасқан қақпағы тығыз, ақшыл түсті, лайлы сұйықтыққа толы, езілген күріш дәніне ұқсас, көпіршікшелер және көпіршіктер байқалады. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
эпидермофития, интертригинозды түрі
дисгидротикалық экзема
табан рубромикозы
эпидермофития, қабыршықты түрі
эпидермофития, дисгидротикалық түрі+++
21. Дәрігердің қабылдауына екі апта бұрын бейтаныс әйелмен жыныстық қатынасқа түскен 44 жасар ер адам келді. Жыныстық қатынастан кейін 5 күннен соң зәр шығарғанда кесу сезімі, уретрадан көп мөлшерде іріңді көпіршікті бөлінді пайда болды. Объективті: уретра еріндері ісінген, қызарған, көп мөлшерде іріңді көпіршікті бөлінді. Уретрадан алынған жағындыда қарапайымдар анықталды. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
Трихомониаз+++
хламидиоз
кандидоз
гарднереллез
соз
22. Дәрігерге 35 жастағы әйел сол жақ қолтық астындағы ауру сезіміне, дене қызуының көтерілуіне шағымданып қаралды. Ауырғанына бір апта болған. Тексергенде: сол жақ қолтық аймағында көлемі 2,5 см түйіндер, тері түсі қошқыл-қызыл түсті, пальпация кезінде қатты ауырсынады. Жазылу барысында қандай екіншілік бөртпе пайда болуы ықтимал:
қабыршық
жырылу
эрозия
лихенификация
тыртық+++
23. Урологтың қабылдауына 47 жасар ер адам бел және шап аймағындағы ауру сезіміне, кіші дәретке жиі отыруына, ертеңгілік аздаған іріңді бөліндіге шағымданды. Дақылдық зерттеу кезінде гонококтар анықталды. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
создық уретрит
создық простатит+++
создық литтреит
создық везикулит
создық куперит
24. Дәрігерге 30 жасар әйел, ішінің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне, дене қызуының көтерілуіне шағымданды. Қарап тексергенде қынаптың шырышты қабаты қызарған және ісінген, айнамен қарағанда - қынаптың шырышты қабаты және жатыр мойны ісінген және қызарған. Пальпация кезінде іштің төменгі бөлігінде қатты ауру сезімі. Микроскопияда диплококтар анықталды. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
Бартолинит
Уретрит
Вульвовагинит
Эндоцервицит
Эндометрит+++
25. 23 жастағы науқаста жедел серонегативті полиартрит, екі жақты конъюнктивит, созылмалы катаралды хламидиалды простатит анықталды. Ауруы 1 ай ішінде дамыған. Берілген диагноздың ең ықтималы:
ревматоидты полиартрит
подагра
псориатикалық артрит
Рейтер ауруы+++
Бехтерев ауруы
26. Ер адамның сақал аймағында ашық-қызыл түсті қабыну жиегімен қоршалған, кішкентай жарты шар тәрізді, ортасында шаш түгі бар іріңдіктер анықталды. Жазылу барысында түзілетін ықтимал екіншілік бөртпе:
қабыршық
қабық+++
жарылу
вегетация
атрофия
27. Ұл баланың бет, маңдай терісінде, көздің айналасында, құлақ қалқанында эритема фонында жасылтым-сары түсті қабықтар. Ең ықтимал біріншілік бөртпені атаңыз:
түйін
түйіншек
іріңдік+++
күлдіреуік
көпіршікше
28. Дәрігерге әйел адам, жыныс мүшесінен бөлінген көп мөлшердегі іріңді бөліндіге, зәр шығару кезіндегі күйдіру сезіміне шағымданды. Ауырғанына 6 күн. Ауруын кездейсоқ жыныстық қатынаспен байланыстырады. Қарап тексергенде қынаптың шырышты қабаты қызарған және ісінген, айнамен қарағанда - қынаптың шырышты қабаты және жатыр мойны ісінген және қызарған. Жыныс мүшесінен көп мөлшерде іріңді бөлінді. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
гарднереллез
кандидоз
соз+++
хламидиоз
трихомониаз
29. 10 жасар ұл балаға стрептококты импетиго диагнозы қойылды. Жергілікті ем тағайындау үшін төменде берілген дәрілердің қайсысы ең орынды болып табылады:
вирусқа қарсы
антибактериалды+++
саңырауқұлаққа қарсы
гормоналды
паразитке қарсы
30. Емханаға 27 жастағы әйел жыныс жолдарынан бөлінуге шағымданған. Өзін антибиотикпен емдегеннен кейін 3 жыл бойы науқас деп санайды. Тексеру кезінде: жыныс мүшелерінің шырышты қабаттары қаныққан қызыл, ісінген, жылтыр беті бар, ақшыл-сұр жабындымен жабылған. Өңізді тампонмен алып тастауға болады, сол кезде гиперемияланған және оңай қан кететін бет ашылады. Берілген тексеру әдістерінің диагноз қою үшін қайсысы орынды болып табылады:
биохимиялық зерттеулер
серологиялық зерттеулер
гистологиялық зерттеулер
дақылдық зерттеу+++
жалпы клиникалық зерттеулер
31. 35 жасар әйел оң жақ қолтық аймағындағы қатты ауру сезіміне, дене қызуының 38,0 С-қа көтерілуіне шағымданып емханаға түсті. Ауру жедел басталған, эпиляциядан кейін 6 күннен соң, ауру сезімі бар тығыз бөртпелер пайда болған. Тексергенде: оң жақ қолтық шұңқырында көлемі 2-3 см, қою-қызыл түсті, беті жұқарған, пальпация кезінде қою, ақ түсті ірің бөлінетін бірнеше инфильтрат анықталды. Антибиотик (цефтриаксон 5 күн бұлшық етке) қабылдап, аутогемотерапия жасаған. Қандай емдеу тактикасы ең ықтимал:
Лазерлік ем
магнитті-сәулелі ем
анилин бояуларымен өңдеу
сұйық азотпен күйдіру
хирургиялық ем+++
32. 30 жасар әйелдің антибиотик қабылдағаннан кейін сыртқы жыныс мүшелері аймағында қышу, күйдіру сезімі, жағымсыз иісті сүт түстес көп мөлшердегі жағымсыз иісті бөлінді пайда болған. Объективті: артқы ылдида көп мөлшердегі ірімшік тәрізді бөлінді, қынап қабырғасында ұсақ ірімшікті масса, оларды сылған кезде ашық қызыл түсті беткей ашылады. Берілген тексеру әдістерінің диагноз қою үшін қайсысы ықтимал болып табылады:
гистологиялық зерттеу
Грамм бойынша боялған шырыш қырындысы
экспресс-диагностика әдісі
нативті препараттарды зерттеу
дақылдық зерттеу+++
33. 68 жасар ер адам табандағы қышу сезіміне, тырнақ пластинкаларының өзгеруіне шағымданып дерматологқа қаралды. Тексергенде: табан терісі құрғақ, айқын емес эритема фонында, табан қыртыстарында айқын көрінетін ұн тәрізді қабыршықтану. Сондай-ақ табанның барлық тырнақ пластинкалары зақымдалған. Қалыңдаған сұрғылт-қоңыр түсті. Кейбір тырнақ пластинкалары қалыңдаған және қисайған. Қандай емдеу тактикасын тағайындау ең орынды болып табылады:
жалпы нығайтатын ем
аевит, В тобының дәрумендері
орунгал- пульс-терапия+++
неотигазон, 10% салицил майы
дифлюкан, нистатин майы
34. 47 жастағы ер адам дәрігерге ауыз қуысының шырышты қабығында, денесінде пайда болған көпіршіктерге шағымданып келді. Тексеру кезінде жайылуға бейім ылғалды эрозиялар, жиегінде көпіршіктің қақпағының қалдығы анықталды. Көпіршіктің қақпағының қалдығынан тартқанда, эпидермистің сыдырылуы байқалады. Цитологиялық зерттеуде акантолитикалық жасушалар анықталды. Диагноз қою үшін берілген лабораторлық көрсеткіштердің қайсысы ең ықтимал:
Ig Е-ң қанда жоғарылауы
РИФ әдісімен зерттегенде Ig G-ң анықталуы
РИФ әдісімен зерттегенде Ig A-ң анықталуы+++
жалпы қан анализінде нейтрофилдердің анықталуы
қанның жалпы анализінде эозинофилдер
35. 40 жасар әйелдің ішінің төменгі бөлігіндегі тартып ауыратын ауру сезімі, көп мөлшердегі көпіршікті бөлінді. Тексергенде: қынаптың шырышты қабығы қызарған, қынаптың артқы ылдиында көп мөлшерде іріңді бөлінді. Жағындыда Trichomonas vaginalis қоздырғышы анықталды. Төменде берілген дәрілердің қайсысын тағайындау орынды болып табылады:
ацикловир
микосист
диклофенак
цефтриаксон
метронидазол+++
36. 60 жастағы ер адамда, бет, ерін, қатты және жұмсақ таңдайдың өзгермеген шырышты қабығында ашық қызыл түсті көлемді эрозия бар. Дене мен аяқ-қолдың терісінде көлемі жаңғақ тәрізді босаң көпіршіктер. Көпіршікке басқан кезде көпіршіктің көлемі үлкейеді. Емдеу тәсілінің ең ықтимал түрі:
антигистаминдер
кортикостероидтар+++
антимикотиктер
вирусқа қарсы
дәрумендер
37. 60 жастағы ер адамда, бет, ерін, қатты және жұмсақ таңдайдың өзгермеген шырышты қабығында ашық қызыл түсті көлемді эрозия бар. Дене мен аяқ-қолдың терісінде көлемі жаңғақ тәрізді босаң көпіршіктер. Көпіршікке басқан кезде көпіршіктің көлемі үлкейеді. Берілген тексеру әдістерінің диагноз қою үшін қайсысы ықтимал болып табылады:
Поспелов симптомы
Авситидиский симптомы
алма қойыртпағы симптомы
Уикхэмнің торы
Никольский симптомы+++
38. 58 жастағы ер адам, бет, ерін, қатты және жұмсақ таңдайдың өзгермеген шырышты қабығында ашық қызыл түсті көлемді эрозия бар. Дене мен аяқтың терісінде көлемі жаңғақ тәрізді көпіршіктер бар. Кейбір көпіршіктер кернеулі, басқалары босаң. Көпіршіктердің сұйықтығы мөлдір. Көпіршікке басқан кезде сұйықтық эпидермистің іргелес бөліктерін сыдырып, көпіршіктің көлемі үлкейеді. Көпіршік қақпағының қалдығын тарту кезінде эпидермистің сыдырылуы орын алады. Диагноз қою үшін берілген тексеру әдісінің қайсысы ең ықтимал:
бактериологиялық зерттеу
иммуно-ферменттік талдау
биохимиялық зерттеу
акантолитикалық жасушаларға зерттеу+++
серологиялық зерттеу
39. 67 жастағы әйел тіс дәрігеріне тамақ ішкенде ауыратын ауыз қуысының шырышты қабатындағы бөртпелерге шағымданды. Ол өзін 2 ай бойы науқас деп санайды. Тексеру кезінде-беті тегіс, ашық қызыл түсті, көлемі үлкен, жиегінде шырышты қабаттың қалдықтары бар, көптеген эрозиялар. Диагноз қою үшін берілген лабораторлық көрсеткіштердің қайсысы ең ықтимал:
Тцанк жасушаларын анықтау+++
тромбоцитоз
эозинофилия
LE жасушаcын анықтау
лейкоцитоз
40. 58 жасар әйелдің дене мен аяқтың терісінде көлемі жаңғақ тәрізді көпіршіктер бар. Көпіршіктер босаң. Көпіршіктердің сұйықтығы мөлдір. Көпіршікке басқан кезде сұйықтық эпидермистің іргелес бөліктерін сыдырып, көпіршіктің көлемі үлкейеді. Көпіршік қақпағының қалдығын тарту кезінде эпидермистің сыдырылуы орын алады. Эрозияларды өңдеуге қай жергілікті дәрі ең ықтимал:
вирусқа қарсы майлар
антибактериалды майлар
кортикостероидты кремдер
анилин бояғыштары+++
саңырауқұлаққа қарсы майлар
41. Дерматологқа 19 жастағы жасөспірім қасаға аймағындағы бөртпелерге, ауырсынуға шағымданып келді. Өзін бейтаныс әйелмен жыныстық қатынастан кейін 15 күн бойы ауру деп санайды. Провизордың кеңесі бойынша өз бетінше емделді, ем нәтижесіз. Объективті: қасаға аймағындағы теріде ісіну мен эритема фонында көптеген папулезді-іріңдікті элементтер бар. Микроскопияда мицели жіпшелері анықталды. Қай емдеу әдісі ең ықтимал:
Тербинафин 250 мг/сут+++
Преднизолон 60 мг/сут
Флуконазол 150 мг/сут
Ацикловир 200 мг/сут
Метронидазол 250 мг\\сут
42. Туылғаннан кейін үшінші күні нәрестенің екі көзі ісіп, конъюнктивасы қызарды. Қабағы қызарып, ісінді, көз саңылауынан көп мөлшерде қою ірің ағып тұр, кірпіктері бір біріне жабысып қалған. Баланың анасында созылмалы соз. Ем тағайындау үшін төменде берілген дәрілердің қайсысы ең орынды болып табылады:
безгекке қарсы
цитостатиктер
анальгетиктер
стероидты гормондар
антибиотиктер+++
43. Дерматологтың қабылдауында болған 37 жасар әйелге: Бас терісінің созылмалы трихофитиясы диагнозы қойылды. Қандай клиникалық ерекшелік осы ауру үшін ең ықтимал болып табылады:
зақым ошақтарында айқын қабыну
ошақтың анық шектелген
үлкен ошақтар, шаштың қатты зақымдануы
шаш түбіндегі ақ муфта
қара нүктелер симптомы бар ұсақ ошақтар+++
44. Емханаға 22 жастағы ер адам, аграрлық сектордың қызметкері қаралды. Тексеріп қарағанда: бастың шашты бөлігінде қабыршықтар және сарғыш сұр түсті, ортасы түсіңкі скутулалармен жабылған эритематозды-инфильтративті ошақтар анықталды. Шаш, жансыз, сынғыш. Науқастан спецификалық "тышқан" иісі шығады. Берілген тексеру әдістерінің диагноз қою үшін қайсысы орынды болып табылады:
биохимиялық зерттеу
дақылдық зерттеу+++
цитологиялық
иммунологиялық
гистологиялық зерттеу
45. Емханаға 45 жастағы әйел күйдіру және қышу сезімісен қабаттасқан бөртпелерге шағымданды. Әйел ұзақ уақыт антибиотиктер қабылдаған. Қарап тексергенде: шап қатпарында эритематозды-ісінген фонда сулы эрозиялар анықталды. Зақым ошағының жиегі анық шектелген, фестонды, сыдырылған эпидермистің жиегімен көмкерілген. Эрозияның беті тегіс, жылтыр, кей жерлері мацерацияланған, ақшыл жабындымен жабылған. Берілген тексеру әдістерінің диагноз қою үшін қайсысы орынды болып табылады:
дақылдық зерттеу+++
серологиялық зерттеулер
гистологиялық зерттеулер
биохимиялық зерттеулер
жалпы клиникалық зерттеулер
46. 42 жастағы адам 10 жылдан берi терi ауруымен ауырады. Бөртпелер алақан, табан терісінде орналасқан. Алақан, табан терісінде ашық қызыл түсті, анық шектелген табақшалар орналасқан, бетiнде ақ күмiс түсті қабыршақтары, іріңдіктері бар. Қандай дәрілік заттарды жергілікті емінде тағайындау ең орынды болып табылады:
күкірт майы
цинк майы
салицил майы+++
ланолин кремі
цинк пастасы
47. Дәрігердің қабылдауына 52 жасар ер адам, оң жақ сирағындағы ауру, күйдіру сезімі бар жараға шағымданып келді. Тексергенде: оң жақ сирағының алдыңғы бетінде, шеті иректелген, жиегі тығыздалған, қабынған, түбі тегіс емес, айтарлықтай іріңді бөліндісі бар жара. Жергілікті ем тағайындау үшін төменде берілген дәрілердің қайсысы ең орынды болып табылады:
ихтиол майы
гормоналды крем
ихтиолмен сулы таңба+++
гормоналды май
цинк пастасы
48. 3 жасар баланың ауырғанына 5 күн болған. Иегінде қызару, содан кейін іріңді сұйықтығы бар босаң көпіршік пайда болған, біраз уақыттан кейін біркелкі емес ақшыл сары түсті қабыққа айналған. Тексергенде: Иек терісінде эритема фонында бал-сары түсті қатпарлы қабықтар. Негізгі ошақтың айналасында бірен-саран ұсақ фликтеналар. Мұрынның оң жақ кіре берісінің терісінде сарғыш түсті қабық. Жалпы ем тағайындау үшін төменде берілген дәрілердің қайсысы ең орынды болып табылады:
Антибиотик+++
цитостатиктер
паразитке қарсы
антимикотик
вирусқа қарсы
49. Емханада профилактикалық тексеру кезінде, 53 жастағы, 2 типті қант диабетімен ауыратын ер адамның табанында гиперкератоз және ұн тәрізді қабыршықтар, башпайдың тырнақ пластиналарының қалыңдауы, түсінің өзгеруі (сарғыш-қоңыр) және көлденең сызаттар анықталды. Диагноз қою үшін қандай диагностикалық әдіс ең ықтимал:
тері-аллергиялық сынама
иммуноферменттік талдау
жалпы зәр анализі
дақылдық зерттеу+++
Вассерман реакциясы
1. Дәрігерге 7 жасар ұл бала, езу аймағындағы ауру сезіміне шағымданды. Тексергенде: езу терісі ісінген, қызарған, қатпар тереңдігінде ауру сезімі бар жиегі қызарып инфильтрацияланған жырық тәрізді, салбырап тұрған ақшыл түсті сыдырылған эпителимен көмкерілген эрозия. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
күбіртке
езулік+++
эктима
фолликулит
мерез
2. Дерматологқа 72 жастағы ер адам, денесіндегі қышу сезімі бар бөртпеге шағымданады. Ауырғанына 6 жыл. Осы уақыт арасындағы ауруы бірнеше рет асқынған. Әр асқынудың орташа ұзақтығы 2-3 ай, ал ремиссиясы 5-6 айдан бір жылға дейін. Тексергенде: кеудесінде, жамбасында, арқасында, аяқ-қолында көп мөлшердегі топтасуға бейім, полиморфты бөртпе. Бөртпе эритематозды дақ, түйіншек, көпіршікше, көпіршік, геморрагиялық қабық және экскориациялардан тұрады. Анамнезінде: созылмалы гастрит, холецистит. Диагноз қою үшін берілген диагностикалық әдістердің қайсысы ең ықтимал:
Бенье-Мещерский белгісі
Ядассон сынамасы+++
Никольский белгісі
Поспелов белгісі
Бальцер сынамасы
3. 3 жасар баланың ауырғанына 5 күн болған. Иегінде қызару, содан кейін іріңді сұйықтығы бар босаң көпіршік пайда болған, біраз уақыттан кейін біркелкі емес ақшыл сары түсті қабыққа айналған. Анасы зақым ошағын «адвантан» кремімен өңдеген, нәтиже жоқ. Бала балабақшаға барады. Топтағы екі баланың терісіндеде осыған ұқсас ұқсас бөртпелер бар. Тексергенде: Иек терісінде эритема фонында бал-сары түсті қатпарлы қабықтар. Негізгі ошақтың айналасында бірен-саран ұсақ фликтеналар. Мұрынның оң жақ кіре берісінің терісінде сарғыш түсті қабық. Жергілікті ем тағайындау үшін төменде берілген дәрілердің қайсысы ең орынды болып табылады:
метилен көгі+++
таза ихтиол
йод
цинк пастасы
Вишневский майы
4. Дерматология бөліміне цефтриоксон инъекциясынан кейін дене температурасы 40°C-қа дейін көтерілген 60 жастағы әйел түсті. Дененің, беттің, аяқ-қолдардың терісінде босаң үлкен көлемді көпіршіктер пайда болды. Екіншілік бөртпе шетке қарай өсуге бейім эрозия түрінде. Никольский симптомы күрт оң. Қандай емдеу әдісі ең ықтимал:
цитостатиктер
преднизолон+++
пенициллин
сульфаниламид
диаминодифенилсульфон (ДДС)
5. 32 жасар әйелде маникюрдан кейін, оң қолының ІІІ саусағында ауру сезімі пайда болды. Тексерген кезде жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы 37,0 С, оң қолының ІІІ саусағындағы тырнақ көбесінің айналасы ісінген, терісі айқын қызарған, ірің бөлініп тұр. Қандай профилдік дәрігердің кеңесін тағайындау ең орынды болып табылады:
Хирург+++
дерматолог
терапевт
ревматолог
кардиолог

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет