1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет15/76
Дата03.01.2022
өлшемі1.47 Mb.
#450892
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76
ТОКСИКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ555

9.1.7. Тақырыбы: Организмдегі улардың өзгеруі.

Сағат саны – 1 сағат

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Организмдегі улардың өзгеруі.

2. Әр түрлі улы қоспалар организмде тотығу процесі

3. Металдардың өзгеруі.

4. Улар метаболизмінің түрлік, жастық және жыныстық ерекшеліктері.

Дәріс тезисі:

Улардың көбі организмге түскеннен кейін әр түрлі өзгерістерге ұшырайды. Заттың түріне байланысты олардың өзгеруі әртүрлі деңгейде жүруі мүмкін және олардың организмдегі молекулаларының барлығы немесе белгілі бір көлемі ғана жұмсалуы мүмкін. Соңғы жағдайда молекулалардың қалған бөлігі организмнен өзгермеген күйде бөлінеді.

Толықтай, өзгеріссіз шығарылатын заттар өте аз. Бұған, мысал ретінде қоспалар алифатикалық көмірсутектердің бір қатарын және элементтердің периодикалық жүйесінің нольдік тобындағы инертті газдарды атауға болады. Қоспалардың айтарлықтай көбі организмде кейбір жағдайларда соңғы өнімдеріне дейін (СО2 және Н2О) жететін толық метоболизмге ұрынады.

Толық ыдырайтын заттарға майлы қышқылдардың және алифатикалық спирттердің күрделі эфирлері мысал бола алады.

Метоболизмнің бастапқы фазасы қоспалардың уыттық қасиеттеріне айтарлықтай әсерін тигізетінін ерекше атап өту керек. Ол заттың белсенділігінің күшеюі немесе әлсіреуі түрінде айқын байқалады. Мысалы, көптеген органикалық инсектицидтер организмде тотығу процесіне ұрынады. Барысында неғұрлым белсенді метоболиттерге ауысады, мысалы, актометил неғұрлым уытты фосфорамидоксидке өзгереді, т.с.с.

Организмде бөгде заттардың метоболизмі салыстырмалы түрде химиялық жолмен төменірек деңгейде жүреді: мысалы, тотығу, сирегірек тотықсыздану, метилдену және басқа да синтетикалық процестер. Метилдену процесіне улардың күкірт, глюкурон және сірке қышқылдарымен, аминқышқылдарымен; глицинмен, цистеинмен, орнитинмен және глютаминмен байланысуы жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет