1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет28/76
Дата03.01.2022
өлшемі1.47 Mb.
#450892
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76
ТОКСИКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ555

9.1.14. Тақырыбы: Өндірістік уларының адамға әсер ету мәндері

Сағат саны – 1 сағат

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1 Уларға жыныстық және жастық сезімталдықтың түрлері

2. Биоритмдер және уытты әсер

Дәріс тезисі:

Жаңа өнеркәсіптік заттарға токсикологиялық баға беру және гигиеналық реттеу - ШРЕК-ны бекіту. Қазіргі уақытта жұмыс аймағы ауасындағы 800-ден астам химиялық заттарға ШРЕК бекітілді. Бұл нормалар өнеркәсіптік өндірістерді жобалауда басты дерек болып саналса, өнеркәсіпте санитарлық дәрігер үшін ағымды санитарлық қадағалауда заңды негіз болып есептелінеді. Біздің елімізде гигиеналық реттеу мақсатымен жүргізілетін эксперименттік зерттеулер принципі бір жүйеге келтірілген, оған сәйкес эксперимент – бұл тек бір ғана заттың әсерін зерттеуге мүмкіндік тудыратын өндірістік жағдайдың үлгісі болып табылады.

Өндірістік жағдайларда организмге бірнеше химиялық және физикалық факторлардың әсер етуі – қосарланып әсер ету орын алады. Осыған байланысты өнеркәсіптік токсикологияның келесі міндеті туындайды ол: өндірістік ортаның бірнеше факторларының сонымен қатар бірнеше уытты заттардың организмге қосар әсерін реттеу.

Удың әсер ету механизмін, интоксикация патогенезін, удың организмге сіңірілуін (түсуін), таралуын, өзгерістерге ұшырауын және организмнен шығарылуын токсикологиялық зерттеу. Бұл мамандарды медициналық тексерулерді дұрыс жүргізіп, интоксикация белгілерін ерте анықтауға, емдеу және профилактикалық шараларды тиімді де сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Өнеркәсіптік заттардың әртүрлі мүшелер мен жүйелерге тигізетін арнайы әсерлерін зерттеу. Мұндай арнайы әсерлерге сенсибилизациялық (Ni,Cr,Be), бластомогендік әсерлер және ұрпақ көбейту қызметіне әсер ету жатады. Соңғысына гонадотропты және мутагенді әсерлер кіреді.

Кешенді әсерлердің теориялық мәселелерін шешіп, тәжірибе жүзінде, адамға тек жұмыста ғана емес, сонымен қатар жұмыстан тыс уақыттарда әсерін тигізетін, қоршаған ортадағы зиянды заттардың шектеулі көлемін гигиеналық реттеуді енгізу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет