1. Полифепанның 250грамда шығатын грануласына рецепт жаз. Жауабы; Rp.: Granulorum Polyphepani 250,0 D. S. шай қасықпен суға езіп ішу үшін



Дата10.12.2022
өлшемі15.96 Kb.
#467000
Фармак рецепт


Рецепт
21.Полифепанның 250грамда шығатын грануласына рецепт жаз.
Жауабы;
Rp.:Granulorum Polyphepani 250,0
D.S.1 шай қасықпен суға езіп ішу үшін
Сіңіргіш дәрілер(сорбенттер)-шырышты қабықшаларды тітіркендірмейтін ж/е суда ерімейтін,үлкен адсорбциялық беті бар,ұнтақ тәрізді инертті заттар б.т.Олар өз бойына химиялық қосылыстарды сіңіріп,сезімтал жүйке ұштарын тітіркенуден қорғайды.АІЖ-ның жарасында ж/е асқазаннан қан кетуде қолдануға болмайды.
Полифепан-гранула ж/е паста түрінде шығарылып,жұқпалы ж/е жұқпалы емес диареяларда,метеоризмде(іш кебуі)ж/е жалпы улануларда қолданылады.

22.Ампициллин натрийінің 5 дециграмда шығатын 10 фл рецепт жаз.
Жауабы;
Rp.:Ampicillini natrii0.5
D.T.D.N10
S.Күніне 1рет б/е егу үшін.

Ampicillinum natrium-ампициллин натрий тұзы Б 0,25ж/е0,5 құрғақ зат фл шығарылып,тәулігіне 4-6рет б/е флакон құрамын 2-3мл еріткішке ерітеді,5-10мл к/т баяу ағынмен,250мл 0,9% NACL ерітіндісімен -тамшылатып енгізіледі.Ампициллиннің микробтарға қарсы әсерінің спектрі кең. Бензилпенициллин белсенділік көрсететін қоздырғыштарға қоса, ампициллин грамм -микроорганизмднрге;сальмонелла,шигелла,ішек таяқшалары,инфлюэнция таяқшаларына әсер етеді.Ампициллин қышқылға тұрақты бірақ пенициллиназа әсерінен жойылады.Аралас инфекцияларда тиімді,бәрақ ұзақ емдеу кезінде суперинфекция шақыруы мүмкін.Кандидамикозды алдын алу үшін нистатинді н/е леворинді бірге қолдану тиімді.

26.Емен қабығының 20,0-200мл қайнатпасына рецепт жазу.
Rp.:Decocti cortices Quercus 20.0-200ml
D.S Күніне 4-5 рет ауызды шаю үшін.
Қайнатпалар-дәрілік өсімдік шикізатынан алынатын сулы сығынды болып табылатын сұйық дәрілік түр.Қайнатпаларды әдетте қатты тығыз өсімдік бөліктерінен;қабықшадан,тамыры мен тамырсабағынан,кейде жапырақтарынан дайындайды.Қайнатпаларды дәріхана жағдайында науқасқа босатар алдында дайындалады.Тез бұзылуына байланысты салқын жерде сақталып,3-4 күн ішуге ғана дайындалады.Емен қабығы гингивит,стоматит,тонзиллит,фарингитте қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет