Сөзжасамдық база орыс. словообразовательная база — белглі бір тілдің сөзжасам жүйесінің негізіне жатқан құрылымдық-морфологиялық ерекшеліктердің жиынтығы.
Сөзжасамдық қосымша (жұрнақтар) орыс. словообразовательный аффикс — Қосымшалар.
Сөзжасамдық мағына орыс. словообразовательное значение — сөз тудырушы негіз бен сөз тудырушы жұрнақтың мағыналарының негізінде туған жаңа мағына. Мысалы: төрт түлік малдың бір түрін білдіретін қой сөзіне мамандықты, кәсіпті білдіретін -шы жұрнағы қосылып, жаңа мағынадағы қойшы сөзін тудырып тұр. Бұл арада негіз сөздің тірек болуымен туған сөзжасамдық мағынаның дәл сипатын анықтаушы қосымшалық мағына болып табылады.
Сөзжасамдық негіз орыс. словообразовательная основа — туынды сөздердің жасалуына негіз болатын сөз. Бір сөзжасамдық ұяға кіретін түбірлес сөздердің өз ішінде бірнеше сөзжасам негізі болуы мүмкін. Мысалы: өкін сөзінен жасалған өкіну, өкініш, өкінішті, өкінішсіз, өкінген, өкінісу т. б. — бір ұядағы сөздер, бірақ олардың бәрі бірдей тікелей өкін сөзінен туып түрған жок. Мысалы: өкінішті, өкінішсіз сөздерінің тікелей тудырушы негізі өкінемес, өкініш сөзі.