1-практика Алаш идеясы, қозғалысы, ұраны. Жаңа атаулар, ықшамдалған және төлтума сөздер емлесі


-практика Алаштың ғылым-білім үйрету бағдарламасы



бет19/23
Дата06.10.2023
өлшемі100.64 Kb.
#480026
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
1-ïðàêòèêà Àëàø èäåÿñû, ?îç?àëûñû, ?ðàíû. Æà?à àòàóëàð, û?øàìäàë

14-практика
Алаштың ғылым-білім үйрету бағдарламасы.
1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» ұлттық саяси партиясы құрылып, басшы органдары сайланған болатын. Партияның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. қазақ зиялылары енді. 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарияланған «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасы Алаш автономиясының мемлекеттілік негіздерін айқындайтын келесідей 10 бөлімнен тұрды: Мемлекет қалпы, Жергілікті бостандық, Негізгі құқық, Дін ісі, Билік һәм сот, Ел қорғау, Салық, Жұмысшылар, Ғылым-білім үйрету, Жер мәселесі. Табиғатынан дарынды жаратылған бұл буын өкілдері қазақы тал бесікте тербетіліп, исламның иманды бұлағынан нәр алып, мұсылманша хат танып, одан кейін жәдитше, орысша оқып, орта, жоғары дәрежелі білім алған: Орынбор, Омбы, Семей, Алматы, Ташкент, Уфа, Қазан, Мәскеу, Петербор секілді шаһарлар тәрбиесін көрген, өз заманының көзі ашық зиялылары. Бұлар мұғалімдік, инженерлік, заңгерлік, экономистік, дәрігерлік секілді сан алуан мамандық иелері. Түркі, славянды былай қойғанда, араб-парсы, ағылшын, неміс, француз секілді жеті жұрттың тілін меңгерген. Күрес жолына шыққан кезде бұл ерлердің бес қаруы сай еді. Сол замандағы кез келген озық елдің зиялыларынан асып түспесе, кем соқпайтын, әртүрлі ғылым негіздерін меңгерген, сегіз қырлы, бір сырлы тұлғалар еді. Алаш қозғалысына қатысып, Алаш партиясын құрысып, Алашорда өкіметін жасаған қайраткерлер ішінен қазақ әдебиетінің алтын діңгек, сом тұлғалары шықты. Отаршылдықпен шайқас, артта қалушылыққа қарсылық, надандықты мансұқ ету, азат, тәуелсіз демократиялық, дербес мемлекет құруды биік нысана ету, белгілі бір тап мүддесі емес, жалпы ұлт мақсаты үшін күресу, өркениетті нысана тұту – бұл ағымда болған ұлылы — кішілі азаматтардың баршасының дүниетанымына ортақ, етене қасиет сапалар еді [1]. Алаш қайраткерлерінің түп қазық идеясы – қазақ мемлекеті болды. Ол үшін ата- баба қанын төгіп қорғаған, сақтап қалған, мыңжылдар бойы ешқайда көшпей, тұрақты мекен еткен жерді бөлшектемей, жатжұртқа таптатпау, сатпау, жерден айрылғаның барлық байлықтан, дәулетіңнен, құт-берекеңнен айрылу, өлу, өшу деген сөз; мемлекеттік басқару дәстүрлерді сақтай отырып, алдыңғы қатарлы Еуропа, Америка, Жапония үлгісіндегі қағидаттарға негізделген демократиялық сайлаушылар арқылы жасалған жүйелермен жүру керек; бұл ретте ешкімнің нәсіліне, жынысына, дәулетіне байланысты шектеу жоқ; шикізат емес, ұқсатып жасаған, пайда әкелетін өнім шығару мемлекет әрекетінің ең бірінші шарты; қазақ тілін дамыту, оқулықтар, сөздіктер жасау, мектептер, университеттер ашу; өз ақшасын шығару, әскер құрып, елді – мемлекетті қорғау керек екендігін алаш зиялылары өздеріне басты міндеттер етіп қойды. ХХ ғ. басындағы Ұлт көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың Қазақ автономиясын құрса, оның астанасы Алаш халқының орталығы — Қараөткел болса, онда университеттер салып, қазақтың жастарын оқытсақ, сонда қазақтың тек халық емес екендігін Еуропа білер еді деген көрегендік жоспары қазіргі Қазақстан мұраттарымен сабақтас. 1997 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдың 10 желтоқсанынан республика астанасы болып алаш зиялылары жоспарлағандай Қараөткел (Ақмола қаласы) жарияланды. Ал қазақтың жаңа Елордасында сан салалы бір емес бірнеше жоғары оқу орындары ашылды. Бүгінгі күні қазақтың ұлан-ғайыр даласының дәл төсінде бой көтерген Астана қаласы еліміздің ұлы мұраттары мен игі бастамаларының ұйытқысына айналса, жаңа астанада Президенттің бастамасымен құрылған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық деңгейлі жоғары оқу орны болып саналады. Ұлттық білім ордасын Еуразияның жүрегінде орналасқан Қараөткелде ашуды жоспарлаған алаш зиялылары білім және ғылым саласы турасында «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасының «Ғылым-білім үйрету» деп аталынатын ІХ бөлімінде оқу 439 орындарында білім алу жалпы халыққа қол жетімді, әрі тегін болуын, бастауыш мектептерде ана тілінде оқыту, ұлттық орта мектептер мен университет ашу қажеттігін көрсете келе, одан әрі: «оқу жолы өз алды автономия түрінде болуы; хүкмет оқу ісінде кіріспеу; мұғалімдер — профессорлар өзара сайлаумен қойылуы» деген оқу-білім мәселесіне қатысты белгілеген басты бағыттар қазіргі күнгі әлемдік білім беру деңгейіне сәйкес келетін негізгі талаптар екендігіне көз жеткіземіз. Ендеше, біздің ұлттық зиялыларымыз осыдан тоқсан жыл бұрын озық тәжірбиелі шетелдік білім беру жүйесін таңдаған. Өйткені, Алаш идеологиясының түпкі мәнісі «Жұртта білім болса, байлық, құрмет, барша рахат та табылмақшы. Егерде білім, өнер жоқ болса, дүниедегі кеңшіліктің бәрінен де құр қалып, көрінгенге жем болып, шөліркеп, азып-тозып бітпекші» дегенге сайып келді. Сонымен, ХХ ғасырдың басындағы Әлихан Бөкейханов бастаған алаш зиялылары «өз отанының болашағын әлемдік өркениетпен тұтастықта көрген». Алаш идеясының өзегі ұлттық идея болғандығы турасында Елбасы: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал», — деп айтқан болатын. «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметі бағдарламасы белгілі дәрежеде қазақ жұртына большевиктер ұсынған кеңестік даму жолымен бір мезгілде өмірге келген балама (альтернативтік) өркендеу жолы болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет