Ұңғыманың геологиялық қимасын құру тапсырмасы
3 нұсқа
Чинарев кен орнындағы
№ 22 ұңғыма
Ұңғыманың түбінің тереңдігі – 3680 м.
Неоген - төрттік шөгінділері – қалыңдылығы 60 м саздардан тұрады.
Ортаңғы юра шөгінділері –қалындығы 100 м. болатын құмтастардан тұрады, бөлімнің желегінде саздар орналасқан.
Төменгі триас – алевроит желілі қызыл түсті құмтастардан тұрады. Шөгінділер қалыңдығы 510 м.
Жоғарғы пермьнің татар (t) ярусы – құмтас желілі қызыл түсті саздардан тұрады. Ярустың төменгі бөлігінде алевролиттер орналасқан. Шөгінділер қалыңдығы 440 м.
Жоғарғы пермьнің қазан ярусы (kz) – доломит желілі тас тұзынан тұрады. Төменгі бөлігінде 25 м. қалындылықпен әктастар орналасқан. Шөгінділер қалындығы 320 м.
Жоғарғы пермьнің уфа ярусы (u) – саздар мен аргиллиттердің кезектесіп орналасуы. Шөгінділер қалыңдығы 120 м.
Төменгі пермьнің кунгур ярусының (kg) ирень горизонты (iz) – ангидрит желілі тас тұзынан тұрады. Шөгінділер қалыңдығы 1000 м.
Төменгі пермьнің кунгур ярусының (kg) филлиппов горизонты (fl) - доломит желілі ангидриттер. Шөгінділер қалыңдығы 230 м.
Төменгі пермьнің артин-ассель ярусы (ar-as) - әктастар мен доломиттер. Шөгінділер қалыңдығы 900 м.
Достарыңызбен бөлісу: |