1: Практикалық психология пәні, мақсат-міндеттері


В. Райхтың денеге бағытталған терапиясының негізгі шарттарын талдаңыз



бет24/54
Дата04.11.2022
өлшемі119.14 Kb.
#463993
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54
1-45 практик псих

43. В. Райхтың денеге бағытталған терапиясының негізгі шарттарын талдаңыз
Өмірбаяны

Вильгельм Райх ( 1897-1957) Фрейдтің алғашқы шәкірті. Классикалық психоанализ тұрғысындағы радикалды әлеуметтік критиканың мүмкідіктерін дамытты. Ол «бұлшықет панцирясы» теориясын құрастырды. Әрқашан байланыста болатын адамның бұлшықетін оның мінез-құлығымен байланыстырды. Вильгельм Райх өзінің жеке мінез-құлық теориясын шығарды.


Вильгельм Райх – австриялық және америкалық психолог, еуропалық психоанализ мектебінің іргесін салған өкілінің бірі. Вильгельм Райх 1897 жылы 24-ші наурызда Буковинада Добрынивцы ауылында ( қазіргі Черновицкая облысы, Заставнянский ауданы) туды. Оның әкесі- орташа жағдайлы еврейлік крестьянин- мансапқор, қызғаншақ және ашуланшақ азамат болған. Оның әйеліоны қатты сүйгенінен, оның айтқанынан бір елі шықпайтын, алайда оның мінезінен жапа шегетін.


Вильгельм жергілікті еврей және украин балаларынан алшақ өскен.Оның әкесі еврей тұқымы болғанымен, өзінің мәдениетімен неміспін деп санаған. Сол себепті олардың үйінде тек немісше ғана сөйлеуге болған. Вильгельм өзінің кіші інісін жолдасы ретінде ғана емес, сонымен қатар қарсыласы ретінде санаған. Ол анасын қатты жақсы көрген. Алайда Вильгельм 14 жаста болғанда анасы өзіне қол жұмсап, қайтыс болған. Анасының өлімі Вильгельмнің әкесіне қатты тиеді, көп ұзамай әкесі өкпе қабынуына ұшырап, уақыт өте келе туберкулезден қайтыс болады. Солай Вильгельм 17 жасында жетім қалады. Әкесінің өлімінен кейін Вильгельм Райх оқуын оқып жүріп, ферма басшылығын өз қолына алады. Бірақ 1916 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс осы отбасылық жекеменшілігін жояды. Содан кейін Вильгельм оқуында,үйінде тастап австриялық әскер қатарына түсуге шешім қабылдайды. Офицер болып, ол Италияда соғысады. 1918 жылы Веналық университеттің медицина мектебіне түседі. Кейіннен 1919 жылы Веналық Психоаналитикалық қоғамының мүшесі болып, психоаналитикалық тәжірибесіне жұмысқа кіріседі. Осы кезде өзінің алғашқы әйелі- Анни Пинкпен танысады.


Вильгельм Райх- денеге бағытталған терапияны құрды.


Денеге бағытталған терапия.

Денеге бағытталған терапия- психологиямен психотерапияның қазіргі бағытының бірі. Бұл терапияда денені адамның ішкі дүниесінің жанының бейнесі, оның жанының күйі ретінде қарастырады. Осы терапияның өкілдерінің айтуынша, адамда болатын барлық 90% психикалық ауруларды оның денесіне әсер етуі арқылы емдеуге болады, сонымен қатар психосоматикалық бұзылыстар мен көптеген аурулар адамның бұлшықетінің қысылуынан пайда болады. Денеге бағытталған терапияны қолдану, адамның өміріндегі ең басты-дене, жан және ақылдың өзара ара-қатынасын сезінуге машықтандырады.


Бүгінгі күні аз дегенде, «денемен жұмыс» тәрізді анықталатын 15 әртүрлі көзқарастар сипатталған. Олардың кейбіреулері мәні бойынша таза психотерапиялық, ал басқаларының мақсаты тәннің денсаулығы болып табылатын терапияның әдістері ретінде неғұрлым нақты белгіленген.


Денеге бағытталған психотерапияның практикалық тәжірибе мен ағзаның қызметіндегі рухани және тәндік өзара байланысын көп жылғы бақылау негізінде пайда болды. Ол психотерапияның басқа бағыттарына қарағанда, дамуы әрдайым артып жатқан холистикалық бағытты ұстанады. Дене мен сана дуализмін жеңу және біртұтас тұлғаға оралу адамның мінез-құлқын түсінудің терең өзгерістеріне әкеледі.


Бүгінгі күнгі Денеге бағытталған психотерапияның әдістері біртұтас тәсілдің барлық талаптарына жауап береді. Оларды адамға бүтіндік сезімін қайтаруға, шеттетілген ақпаратты түсінуге ғана емес, сонымен бірге осы уақытта дене мен психиканың бірлігі, бүкіл ағзаның бүтіндігін сезінуге үйретуге тырысу біріктіреді. Денеге бағытталған психотерапияның барлық әдістері науқас өз тәжірибесін психикалық және тәндік өзара байланысы, өзінің әрекет етуінің жақсаруына мүмкіндік беріп, өзін сол күйде қабылдау жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.


Денеге бағытталған психотерапия Райхтың ең белгілі әдістерінің бірі , мінез талдауы және вегетотерапия тәжірибесі болып табылады. Райх науқастармен жұмыс жасауда табиғат пен мінез-құлық қызметтеріне түсініктеме беретін алғашқы аналитик болған. Ол жеке тұлға мінез-құлығының физикалық аспектілеріне, әсіресе «бұлшық ет сауыты» деп атаған созылмалы бұлшық ет қысқышына назар аударудың маңыздылығын атап айтқан. Райх адам денесіндегі тұрақты бұлшық ет күштенуін оның мінез-құлқы мен ауыртатын эмоциональдық тәжірибе қорғанысының түрімен байланыстырып, «бұлшық ет сауыты» теориясын әзірлеген. Оның ойынша, сөзылмалы бұлшық ет қысқыштары үш негізгі эмоциональдық жағдайды блоктайды: үрейлілік, ашу және жеңсіктік қөзу. «Бұлшық ет сауыты» адам сезімдерін шектеп және бұзып, қатты эмоцияларды сезіну мүмкіндігін бермейді. Райх жазған: «Бұлшық еттің құрысуы ығыстыру үдерісінің денелік жағы және оның ұзақ мерзімді сақталу негізі болып табылады» (Reich W., 1997).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет