13.Психологжұмысының жоспарлануы Психологиялық қызметтің мақсаты:
Білім алушының жас ерекшелігіне қарай оқыту, тәрбиелеу және рухани адамгершілік дамуына қолайлы жағдай жасай отырып, психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету.
Білім алушымен жұмыс жасаудың міндеттері:
Білім алушының және білім алушының ұжымының жалпы психикалық, әлеуметтік және психологиялық дамуын бақылау
Білім алушының жас және жеке психологиялық мүмкіндіктерінің дамуына қолайлы жағдай туғызу.
Оқу және дамуында қиындық сезінетін оқушыларға психологиялық – педагогикалық көмек ұйымдастыру.
Білім алушының психологиялық құзыреттілігін дамыту.
Ата – анамен жұмыс жасаудың мақсаты: Білім алушымен ата – ана арасында тығыз достық қарым – қатынас құруына жағымды әсер ету,жалпы кластың білім мен даму процесіне ата – ананы баулу.
Мұғалімдермен жұмыстың мақсаты:
Білім алушылардың дамуындағы психологиялық педагогикалық мәселелерді бірігіп шешу.
Білім алушының білім алуымен дамуын қалыптастыруына ықпал ететін әлеуметтік психологиялық ортаны жобалау және жүзеге асыру.
Психологиялық қызметтің жұмысы төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Психологиялық диагностиканың мақсаты:
Баланың тұлғалық немесе интеллектуалдық дамуындағы құндылықтарды анықтау. Психологиялық диагностика психологиялық мәселені анықтау, жеке немесе топтық жоспар құру, әдістемелік құралдарды таңдау сатылары бойынша жүзеге асады.
Психологиялық түзету дамыту жұмысының мақсаты:
Білім алушының бойында «мен» тұжырымдамасын қалыптастыра отырып, психологиялық қолдау беру және жетістік ситуациясын орнату. Түзету дамыту жұмысы жүргізілген психологиялық диагностика жұмысының нәтижесі бойынша жүргізіледі.
Психологиялық алдын – алу жұмысының мақсаты:
Жасөспірімдердің психологиялық, эмоционалдық күйін реттей білу, зиянды әрекеттерден бойын аулақ ұстауға қалыптастыра отырып, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.
Психологиялық кеңес беру мақсаты:
Білім алушы, ата – ана және педагогикалық ұжымға күнделікті туындайтын қиындықтарды шешуге және өзін – өзі жетілдіруге көмектесу. Психологиялық кеңес беру оқу мәселесі, жас ерекшеліктеріне байланысты туындайтын мәселелер, өзара қарым – қатынас құру, кәсіптік бағдар т.б. мәселелерге байланысты жүргізіледі.