Мақсаты Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, тарих пәніне деген қызығушылықты ояту



бет1/3
Дата07.01.2024
өлшемі21.43 Kb.
#488610
  1   2   3
интел игра


Өтілетін уақыты: Мақсаты:1. Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, тарих пәніне деген қызығушылықты ояту. 2. Оқушылардың тарихи ой-өрісін дамыту.3. Оқушыларды шапшаңдыққа, алғырлыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққатәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз» Қатысушылар: 9-10 класс командалары
Қызмет көрсетуші: 8- класс оқушылары
Ойын жоспары:І. Командалардың таныстыруы
ІІ. Сайыс тапсырмалары:«Мәңгі ұмытылмас салаттар», «Тарихи винегрет», «Біздің столдан сіздің столға», «Тарихи рулет», «Жемістер» ассортиі «Балмұздақ» десерті 
ІІІ. Жеңімпаздарды анықтау, марапаттау.

Сайыс барысы:1-жүргізуші:Сәлеметсіздер ме оқушылар!Кешімізді біз бастайық. Әділ бағаға қалтасы толы, әділ-қазыларды шақырайық!

2-жүргізуші: Олар: (Әділ-қазылармен таныстыру)
Құрметті әділ-қазылар, сіздерден кафенің «бухгалтерлік мекеме» деп аталатын бөлмесіне жайғасуларыңыз сұралады.

1-жүргізуші: Қымбатты тарих пәнінің жанкүйерлері мен осы залға жиналған кафе қонақтары! Бүгінгі « Тарихи кафеге» қош келдіңіздер. Біздің кафеде бүгін тарих ғылымының алғырлары, тапқырлары күш сынасады. Осы кафенің ашылуына орай арнайы шақырылған меймандарымыз бар. Ендеше, олармен таныс болыңыздар.

2-жүргізуші: Жиналған ылғи дарындар, Жүректе от, көздерінде жалын бар, «Абылай хан » тобын, халайық қол соғып қарсы алайық! Ортаға «Абылай» қомандасы шығады.

1-жүргізуші: Үлгілі тәртіп, жақсы оқу, Алға қойған мақсаты. Әрқашанда мектепте, Шығып жүрген жақсы аты деп 9-10 класс оқушыларынан құралған «Әл-Фараби» тобын қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші: Құрметті кафе қонақтары! Өздеріңізге арнайы әзірленген столға жайғасыңыздар. Сіздер біздің кафеде уақыттарыңызды қызықты да, мазмұнды өткізесіздер деп сенім білдіреміз. Кафе мәзірінен ыстық және салқын тағамдарды, сонымен бірге тіл үйіртетін, мәңгі есіңізден кетпес, десерт пен сусындарды таба аласыз. Сонымен бірге, біздің кафеде өз қызметін көрсететін, ас мәзірін ұсынатын даяшылар әрқашанда сіздердің қастарыңыздан табылады. Ендеше, астарыңыз дәмді болсын!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет