2. Информатика ғылым және мектептегі пән ретінде айрмашылығы қандай? Венн диаграммасына түсіріңіз.
Қ адіргі жаһандану заманында информатика пәні барлық салалардың құрамдас бөлігіне айналып бара жатыр. Сондықтан қазіргі уақытта информатика саласы барлығына мәлім мектептегі пән деңгейінен, басты ғылым саласының біріне айналды. Келесі Венн диаграммасында информатика саласының ғылым және мектептегі пән ретіндегі айырмашылықтары көрсетіледі:
3. Информатика пәнін оқытудың жалпы және нақты мақсаттарын атаңыз. Сабақ жоспарлаудағы оқыту мақсатымен қандай байланысы бар? мысал келтіріңіз.
Қазіргі кезде ақпарат және оны білім беру саласына енгізу жалпы қоғамның дамуын анықтайтың шешуші фактор екені талас тудырмайды. Осы тұрғыдан қарасақ, республикамыздың білім жүйесін қайта құрудың негізгі бағыттарын қамтитын мәселе оны ақпараттандыру болып табылады.
Қазіргі уақыта ”қоғамды ақпараттандыру,” “білім беруді ақпараттандыру ” деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогересс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интелектуалды түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарлауына байланысты объективті үрдісс.
Уақыт өте білім беру жүйесін компютерлендірудің ойдағыдай жүзеге асып келе жатқандығын практика көрсетіп келеді. Бұл мәселені: есептегіш техникамен, оның програмалық қамтамасыз етілуінің біртіндеп жүзеге асырылуы, мұғалімдердің дайындалу қарқыны, информатика курсын оқытудың теориясының, оның ішінде нақты тақырыптарды оқыту теориясының қалыптасып келе жатқандығынан байқауға болады. Информатика және есептегіш техника негіздері жалпы білім беретін орта мектепке міндетті пән ретінде енгізілгелі бері курсты оқытудың белгілі тәжірибелері жинақталды. Сонымен қатар, курсты оқытудын дидактикалық жүйесі де қалыптасып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Білім беру жүйесін ақпараттандыруға бағытталған бағдарламасына байланысты бірқатар шаралар жасалуда. Атап айтқанда, жалпы білім беретін орта мектептер қазіргі заман талабына сай техникамен және програмалық құралдармен жабдықталу үстінде. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында орта мектептегі информатика курсы бойынша Мемлекеттік білім беру стандарты құрылып, оку үрдісіне енгізілді. Мемлекеттік білім беру стандарты бойынша курс 7–кластан бастап оқытылады. Бұдан информатика курсын оқытудың әдістемелік жүйесін айқындау мәселесі алдыңғы кезекке шығады.
Қоғамды индустриаландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдынғы кезекте, маманданған сауатты орындаушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау. Бұл мәселенің негізгі ядросы жалпы білім беретін орта мектептегі информатика курсынан басталады. “Информатиканы оқыту теориясы және әдістемесі ” деп аталатын пәнді оқытуда мектептегі информатика курсының жалпы ғылыми оқу - әдістемелік, дидактикалық, ұйымдастырушылық, педогогикалық, психологиялық мәселелерін жан – жақты қарыстыратын болады. Сонымен жоғарыда айтқандай информатика сөзіне анықтама берейік. Информатика – ЭЕМ-дың көмегімен информацияны іздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өндеудің әдісі, тәсілдері мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым. Қазіргі информация ағымын адамзат тек ЭЕМ-нің көмегі арқылы ғана қабылдайды. ЭЕМ информацияны автоматты түрде өндеуді жүзеге асырады. Сондықтан ЭЕМ-да программалау информатиканың негізгі ядросы болып табылады, ал қазіргі есептегіш техникалар – оның материалдық базасы.
Жалпы білім беретін орта мектепте “Информатика және есептегіш техника негіздері” курсының енгізілуіне байланысты педогогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу обьектісі – информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқыту заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатиканың дамуының нақты кезеңіне сай келеді.
Қазіргі кезде информатиканың оқыту әдістемесі қарқынды даму үстінде; оның көптеген мәселелері теориялық жағынан зерттеуді талап етеді. Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрі толық бір мәнді болу үшін информатиканың барлық деңгейде оқытылуы, зерттелуі керек: мектепке дейінгі кезенде, мектепте, орта оқу буындардың барлық типтерінде, жоғары мектепте, информатиканы өзінше оқитындар үшін және т.с.с. Осы ғылымның алдында өзіне тән проблемаларын қоюда.
Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты - әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары. Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл – ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді.
Сонымен, информатиканы оқытудың білім беру – дамытушылық мақсаты – оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл-ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты – оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.
Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, программалаудың ЭЕМ-нің қазіргі кезеңдегі өндірістік рөлі мен маңызын айқындау болып табылады. Информатика курсында кәсіптік бағдарлау мақсатында информатикаға және ЭЕМ-ға байланысты мәліметтер, ЭЕМ-ны пайдаланатын басқа ғылымдар жайында мәліметтер берілуі тиіс. Мұнымен қатар, информатиканың практикалық мақсатының “тұрмыстық аспектісі” де бар. Ол күнделікті өмірде, тұрмыста жастарды компьютерлік техниканы сауатты пайдалануға үйретеді. Қорыта келгенде, информатиканы оқытудың практикалық мақсаты – оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту үрдісінде практикалық есептерді шешуге және оны ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |