Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Сарамандық жұмыс тапсырмасын орындатады.
Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
Жеке жұмыс:
1-тапсырма:
Тізіммен берілген географиялық нысандарды Жартышарлардың және Қазақстанның физикалық картасынан көрсетіңдер.
|
Дескриптор:
Жалпы -3 балл.
- Тізіммен берілген географиялық нысандарды Жартышарлардың картасынан көрсетеді.
- Тізіммен берілген географиялық нысандарды Қазақстанның физикалық картасынан көрсетеді.
|
Оқулық, географиялық карта, жұмыс дәптерлері. Т.б.
|
Жеке жұмыс
|
Сарамандық жұмыс тапсырмасын орындатады.
Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
2-тапсырма:
Берілген географиялық нысандарды топтастырыңдар және кестеге түсіріңдер.
|
Дескриптор:
Жалпы -3 балл.
- Берілген географиялық нысандарды топтастырады.
-Оларды кестеге түсіреді.
|
Оқулық, географиялық карта, жұмыс дәптерлері. Т.б.
|
Жеке жұмыс
|
Сарамандық жұмыс тапсырмасын орындатады.
Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
3-тапсырма:
Географиялық нысандар туралы 1 минуттық әңгіме – сипаттама дайындаңдар.
|
Дескриптор:
Жалпы -3 балл.
- Географиялық нысандар туралы әңгіме – сипаттама дайындайды.
|
Оқулық, географиялық карта, жұмыс дәптерлері. т.б.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|