Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
1-тапсырма:
Роман-эпопеядағы әр тарауды оқыған кезде жер-су атауларына мән
беріп, дәптерлеріңе маңызды мәліметтерді жазады.
|
Оқушы ізденіс жұмыстарын жүргізеді.
Тапсырманы орындау барысында оқушының жазылым қабілеті дамиды.
|
Дескриптор: Жалпы – 5 балл.
-Шығарманы оқиды.
- Жер-су атауларын дәптерлеріне жазады
- Сыныпта талқылайды.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
|
2-тапсырма:
Бөлімді оқи отырып, кейіпкерлерді тізімдейді.
|
Жазушының
кейіпкер таңдаудағы және оларды сомдаудағы тәсіліне мән береді.
|
Дескриптор: Жалпы - 4 балл.
- Бөлімді оқиды.
-Кейіпкерлерді тізімдейді.
- Жазушының
кейіпкер таңдаудағы және оларды сомдаудағы тәсіліне мән береді.
|
ДК, Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
|
3-тапсырма.
Бөлімдігі түсінбеген сөздерді іріктеп жазады.
|
Тапсырманы орындау үшін https://kazakh.academic.ru/ сілтемесін пайдаланады.
Олардың арасында көркемдік құрал ретіндегі сөздер болуы мүмкін
екендігіне де мән береді.
|
|