Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
1-тапсырма:
Үзіндіде жалпыадамзатқа ортақ қандай мәселе көтерілгенін анықтайды.
|
Үзіндідегі негізгі идеяны айқындайтын сөйлемдерді тауып жазады.
Негізгі ой туралы жұбының пікірін тыңдап, өз пікірлерін білдіреді.
|
Дескриптор: Жалпы – 5 балл.
- Бөлімді түсініп оқиды.
- Үзіндідегі негізгі идеяны айқындайтын сөйлемдерді тауып жазады.
-Сыныпта талқылайды.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
|
2-тапсырма:
Жазушының шығармадағы кейіпкерлер арқылы баяндағысы келген құндылықтарын анықтайды.
|
Үзінді кейіпкерлері мен
кейіпкерлер өміріндегі
құндылықтарды жазып, соның негізінде өз ойларын білдіреді.
|
Дескриптор: Жалпы - 4 балл.
- Бөлімді оқиды.
-Кесте толтырады.
|
ДК, Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
|
3-тапсырма.
Абай аударған Пушкин шығармаларын түпнұсқамен салыстырады.
|
Абай мен Пушкин шығармаларындағы ортақ идеялар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтап жазады.
|
|