Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
№1-тапсырманы орындатады.
Өлеңді мәнерлеп оқытады.
|
Айтылым. мәтін бойынша мазмұндық және тілдік ерекшелтерін анықтайды.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.
|
Дескриптор: Жалпы – 4 балл.
- мәтін бойынша мазмұндық және тілдік ерекшелтерін анықтайды.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
|
4-тапсырма. Қазақстан өзендерінің орналасу картасын жасатамыз.
|
Жазылым. Солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс деп картаға жазады. Сұраққа жауап береді.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады.
|
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
- Солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс деп картаға жазады. Сұраққа жауап береді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
|
3-тапсырма.
Сұрақ қою арқылы оқушылармен пікір талас болады.
|
Айтылым. Топқа бөлініп, «Қазақ даласы табиғи суларға бай емес» деген пікірге әр оқушы өз пікірін білдіреді.
|
|