Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№7-тапсырма.
Берілген үлгілерді негізге алып, ісқағаздардың бірнешеуін жазыңдар. Ережеде аталған ісқағаздардың тағы қай түрінің жазылу үлгісін білесіңдер?
|
Дескриптор: Жалпы-3 балл:
-тапсырманы орындайды.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
Жеке жұмыс
|
№8-тапсырма.
Хабарландыру жазыңдар.
|
Ақпараттық, дәл, нақты мәліметтерді келтіріп, шетелдердегі қазақ диаспорасында Наурыз мейрамы тойланатны туралы хабарландыру жазыңдар.
Дескриптор: Жалпы-3 балл.
- Хабарландыру жазады.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
«Бір ауыз сөз» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
|