Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы туралы сипаттап жазады
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып бөліп шығару мүшелерімен танысады.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-тапсырма
1. Бірінші елдің халық саны 9230000 адамды құрайды оның ішінде жасөспірімдердің саны 2534000 адам, ал қарттардың саны 1245000 адамды құрайды
Екінші елде халық саны 7450000 адам, жасөспірімдер саны 1253000 қарттар саны 350000 адамды құрайды. Осы екі елдің еңбек ресурсын салыстырыңыздар және еңбек ресурсымен қамтамассыз етілуіне баға беріңіздер.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Еңбек ресурстарының сандық құрамына баға береді
2.Екі елді жастық құрам бойынша салыстыру жасайды.
|
ДК экраны
9-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2-тапсырма
Бірінші елдің халық саны 9230000 адамды құрайды оның ішінде жасөспірімдердің саны 2534000 адам, ал қарттардың саны 1245000 адамды құрайды, оның ішінде қарттар үлесіндегі әйелдердің пайыздық көрсеткіші 65% ересектер үлесінде 52% жасөспірімдер үлесінде 50% құрайды. Осы мәлімет бойынша жастық жыныстық пирамида құрастырыңыздар. Құрастырған жастық жыныстық пирамидаға қарай отырып елдегі бір қатар көрсеткіштерге баға беріңіздер.
Әскери салаға
Индустрия саласына
ауыл шаруашылығына еңбек ресурсы жеткілікті деп ойлайсыздарма?
|
Дескриптор: Жалпы - 4 балл
1.Мәтінді пайдалана отырып жастық жыныстық пирамида сызады.
2.Еңбек ресурстарының сапалық құрамына баға береді
|
ДК экраны
9-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|