1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Қазақстан Республикасы сот билігінің сипаттамасы



бет19/92
Дата21.11.2023
өлшемі0.55 Mb.
#483897
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   92
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsaba.org

16. Қазақстан Республикасы сот билігінің сипаттамасы. ҚР-ғы сот билігі – біртұтас мемлекеттік биліктің үш тармағының бірі болып табылады. ҚР-нда сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі – ҚР-ғы бүкіл соттардың жиынтығы. Сот жүйесіне Жоғары Сот және жергілікті соттар кіреді. Жоғары Сот – азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және басқа да істер бойынша ең жоғары сот органы. ҚР Конституциялық Кеңесі – Қазақстандағы конституциялық бақылаудың ұжымдық органы. ҚР Бас прокуратурасы – бірыңғай орталықтандырылған, басқа мемлекеттік органдардан тәуелсіз, тек қана ел Президетіне есеп беретін жүйе.

Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады. Республиканың сот жүйесі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен белгіленеді. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды.

Судья (сот) сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді, және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкілеттігі тек заңда белгіленген негіздер бойынша ғана тоқтатылуы немесе кідіртілуі мүмкін. Судьяны тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, Республика Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз не Конституцияның 55-бабының 3-тармақшасында белгіленген жағдайда, Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Республиканың жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс стажы бар және біліктілік емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет