Мемлекеттің күшіне келсек, тарихи тұрғыдан алғанда ол ең алдымен, әскери күш ретінде көрінді. Тарих көрсеткендей, кімнің әскері жақсы қаруланған, жақсы ұйымдастырылған, жақсы үйретілген, тез қозғалғыш, тәртібі жақсы болса, сол жеңіске жеткен. ҒТП-пен байланысты әскери күш дами түсті. Геосаяси қақтығыстар көбінесе әлемді бөлу және қайта бөлу үшін, даулы аумақтар үшін, ықпал ету аймағын кеңейту үшін туындады. Қазіргі кезде мемлекеттің күші дегенде тек әскери күш қана емес, сонымен бірге оның экономикалық, қаржы, мәдени-идеологиялық күші де түсініледі. ХХ ғасырдың ІІ-жартысында әлемді қайта бөлісу үшін күрес тек әскери күшпен бірге экономикалық, қаржы, мәдени-идеологиялық экспансия (басып алу) арқылы жүруде.
Геосаясатта экспансия термині жиі қолданылады, ол қандай да болсын аумаққа ие болу немесе әскери-саяси ықпал ету. Экспансияның тек әскери сипатта ғана емес, сонымен бірге оның экономикалық (сауда, қаржы т.б.), мәдени-идеологиялық, ақпараттық т.б. сипатта болып отыр. Қазіргі кезде экспансияның негізгі түрі – аумақтық экспансия, яғни аумақты иелену, оған ықпалын жүргізу, құрлық пен теңіздің шикізаттық ресурстары, биоресрустар – өмір сүріп қалу үшін күрес болып отыр. ХХІ ғасырда ресурстық дағдарыстық шиеленісуі мен жаһандануы жағдайында, әсіресе, энергоносительдердің жетіспеушілігі, тұрғын халықтың санының өсуі, құнарлы жерлердің күйзелуі мен қысқаруы, экологиялық шиеленістің артуына байланысты халықаралық қатынастардың дамуы аумақтық экспансияның қатаң нұсқасына қайтып келуі мүмкін.
55. Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайының жалпы сипаттамасы.Геосаясат(гректің geos – жер және politike – мемлекетті басқару өнері сөздерінен) – сыртқы саясаттың түрі, оның мемлекеттің географиялық факторларға (аумағы, табиғи байлықтары т.б.) байланысты жүргізілуі (мемлекеттің сыртқы саясатының географиялық факторларға тәуелділігі).
Геосаяси жағдайдың маңызды құрамдас бөлігі геосаяси субъектінің маңызды кеңістіктер мен географиялық орталықтарды бақылау қабілеті болып табылады. Бұл қабілеттілік геосаяси субъектінің, яғни мемлекеттің мықтылығының, өзіне сенімділігінің (самодостаточносі) деңгейімен байланысты. Геосаясат өзіне кеңістіктік-географиялық фактормен бірге экономикалық, әлеуметтік-демографиялық, саяси т.б. факторларды қамтиды. Геосаяси жағдай өзгеріссіз, бірқалыпты тұрмайды. Уақыт өткен сайын жақсаруы немесе нашарлауы да мүмкін.
Қазіргі кездегі әлемдегі Қазақстанның рөлі мен орны оның геосаяси жағдайымен анықталады. Кеңес Одағының ыдырауы, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы қазіргі геосаяси жағдайды біраз өзгертті. Орталық Азия ірі державалардың «үлкен ойынының» аренасына айналды. Егемендік, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін басқа да Орта Азиялық елдер сияқты Қазақстан да өзінің сыртқы саясатын жүргізе бастады. Еліміздің алдында жаңа халықаралық геосаяси нақтылыққа кірігу, әлемде өзінің лайықты орнын иемдену, тәуелсіз мемлекет ретінде өз дамуын қамтамасыз ету міндеттері тұрды. Геосаясат теориясының көрнекті өкілі Х.Маккиндердің Жердің құрлығының орталығы – Орталық Азия туралы теориясында «кім құрлықтың орталығын иеленсе, ... ол бүкіл әлемді билейді» деген болатын. Орталық Азия аймағы (ОАА) ірі державалардың саяси, экономикалық, діни т.б. мүдделерінің шоғырланған орталығына айналды. Бүгінде бұл аймақта Ресей, АҚШ, Түркия, Иран, Үндістан, Сауд Арабиясы, еуропалық мемлекеттердің мүдделері тоғысқан. Бұл аймаққа табиғи байлықтарға деген қолжетімділіктің мүмкіндігі, мұнай және газ құбырлары маршруттарын таңдау үшін, өнім өткізу нарығы ретінде қарау да қосымша қызығушылықты туғызуда.
Қазақстанның геосаясатына келсек, оның геосаяси жағдайының ерекшеліктері: 1) географиялық орналасу ерекшелігі – Қазақстанның Еуропа мен Азияның арасында орналасуы. Қазақстанның тарихы қалыптасуы екі жақтың әсерімен (батыстың, шығыстың) жүрді, Қазақстан Батыс пен Шығыстың арасындағы көпір тәрізді. Үкімет аумақтың, транзиттік мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануға тырысуда. Осыған байланысты аумақта көліктік құрылыс басталды. Қазақстан арқылы шетелдік үлкен тауарлар ағынының өтуі олардың, республиканың қауіпсіз болуына тәуелділігін арттырады.
2) Минералдық ресурстар байлығы. Барланған пайдалы қазбалардың құны бойынша Қазақстан дүние жүзінде 6-орында. Бұл – біздің еліміздің үлкен артықшылығы, оның әлемдік позициясының негізі. Осы жағдай біздің елімізге ірі шетелдік компаниялардың келуіне әсерін тигізді.
3) Жер көлемінің ауқымды болуы немесе аумағы мен тұрғын халық санының арасындағы сәйкессіздік. Экономикалық қызметтің шағын мөлшері - елдің өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлетін қаржының да аз көлемде болуына әсерін тигізеді. Қазақстанның 2008 ж. қорғаныс шығыны 185 млрд. теңгеден аспайды (қазіргі 6 соғыс ұшағы «Стелс» құнындай ғана). Біздің армиямызда әскери қызметкерлердің саны бар болғаны 74 мыңдай ғана. Сондықтан «Қазақстан-2030» стратегиясы халық санын 25 млн. адамға жеткізуді көздейді.
4) Құрлықішілік жағдайы (ашық теңізге шығу жолының болмауы). Мұның өзі елді көрші мемлекеттерге тәуелді етеді. Қазақстан осы тәуелсіздікті бәсеңдету үшін әлемдік нарыққа шығаратын жаңа қөлік «коридорларын» жасауға қатысуда. Олар барлық бағыттар бойынша - Ресей, Қытай, Орталық, Оңтүстік-Батыс (Иран, Түркия) және Оңтүстік (Пәкістан) Азия арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Трансазия темір жолын салуға, Қазақстан - Қытай мұнай құбырларын жүргізуге қатысты. Біздің елімізде Әзірбайжан, Грузия және Түркия арқылы Жерорта теңізіне қарай мұнай құбырын тартуға қызығушылық туып отыр.
5) Әр түрлі мәдениеттердің, атап айтқанда - ислам (Орталық және Оңтүстік-Батыс Азия), орыс және қытай мәдениеттерінің түйіскен жерінде орналасуы. АҚШ пен Еуропаның геосаясаткерлері, мәдениеттер арасындағы күрес адамзат болашағына әсер ететінін тұжырымдайды. Еліміздің үкіметі өз ішіміздегі Бейбітшілікті қамтамасыз етіп, мәдениеттердің бір-бірін толықтыруына жағдай жасауда. Үкімет халықаралық деңгейде әлемдік және ұлттық діндер Форумын өткізді.
6) Екі ірі державаның - Қытай мен Ресейдің арасында орналасуы. Бұл елдер Қазақстан мен бірге ШЫҰ мүше болып табылады. Екеуімен де достық қатынастарды сақтау олардың елдің егемендігі мен біртұтастығының кепілі ретіне маңызы зор. Бұлар біздің ірі сауда серіктестеріміз. Аталған мемлекеттерде 2 млн. қазақ этносы тұрады. Осындай көршілік жағдайға байланысты Қазақстан екі мемлекеттің де мүдделерімен санасып, келісімге келіп отыруға тырысады. Осы көршілес 2 елмен: Ресей мен Қытаймен халықаралық байланыстардың мәні зор. Абылай ханның кезіндегідей, бұлталақтау саясатын, күштердің балансы саясатын жүргізу. Еліміз үшін тұрақтылықты сақтауда, тәуелсіздікті баянды етуде Ресеймен достық қарым-қатынаста болу маңызды. Еліміз Мәскеуге толық тәуелдікке түспеу үшін басқа елдермен де екіжақты қатынастарды дамытуға мүдделі. Қытаймен жақсы қарым-қатынас аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға, Азия – Тынық мұхит аймағына шығуға мүмкіндік береді.
7) Қазақстанның шекара аймақтарында шиеленісу ошақтарының («ыстық нүтелердің») пайда болуы. Олардың ішіндегі ең қауіптісі – Ауғанстан (халықаралық терроризм, есірткі саудасы). Қырғызстан мен Тәжікстандағы (ішкі кақтығыстар), Өзбекстандағы (терроризм мен экстремистік сипат) күрделі жағдайлардың болуы.
8) Каспий теңізінің статусына байланысты Каспий бойы аймағындағы жағдай. Бұл Каспий теңізі су қойнауын оның айналасындағы елдерге бөлуге, Каспийдің статусын анықтауға, мұнайды өндіру мен тасымалдау жолдарына қатысты мәселелердің шешілмеуі.