1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет6/92
Дата21.11.2023
өлшемі0.55 Mb.
#483897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsaba.org

Тоталитарлық (латынның бүтіндей, тұтас, жалпы деген сөзінен) саяси тәртіп деп қоғам, адам өмірінің барлық жақтары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған тәртіпті айтады. Тоталитаризмнің негізгі белгілері: биліктің шағын топтың немесе бір көшбасшының қолына шамадан тыс шоғырлануы, мемлекеттің қоғамдық өмірдің барлық салаларына араласуы, толық бақылауда болуы, бір идеология, бірпартиялық жүйе, барлық БАҚ-тың билікке тәуелді болуы, жазалаушы мекемелер жүйесінің болуы, кез келген оппозицияны басу, азамат-дың жеке өмірінің бақылауда болуы. Тоталитарлық тәртіп КСРО-да, фашистік Германия, Италияда болған.

Авторитарлық тәртіп деп биліктің бір адамның немесе шағын топтың қолына шоғырланған және биліктің қоғамдық өмірдің басқа салаларында араласпайтын, толық бақылау жасамайтын тәртіпті айтады. Ол тоталитаризм мен демократияның арасындағы жағдайды иеленеді. Авторитаризмнің негізгі белгілері: биліктің бір қолға шоғырлануы, халықтың билікті жүзеге асырудан шеттетілуі, қоғамдық өмірдің басқа салаларына толық бақылаудың болмауы, элитаның жоғарыдан тағайындалу арқылы қалыптастырылуы. Авторитарлық режимдер негізінен Азия, Азия, Латын Америкасы елдерінде кең тараған. Авторитарлық режимдердің түрлері: әскери режимдер, дәстүрлі абсолюттік монархиялар, азаматтық диктатуралар, теократиялық режимдер. Әскери режимдер (2-дүниежүзілік соғыстан кейін дамушы елдерде – Таиланд, Индонезия, Тайвань, Египеттегі Насер режимі, Ирак, Аргентинадағы Перон режимі, Перу т.б. елдерде пайда болды), дәстүрлі абсолюттік монархиялар (1974 ж. дейінгі Эфиопия, 2007 ж. Непал, Марокко, Сауд Аравиясы), азаматтық диктатуралар (Латын Америкасы елдеріндегі олигархиялық режмидер), теократиялық режим (Ирандағы А. Хомейни режимі).

6. Саяси жүйе: түсінігі және мазмұны. Саяси жүйе деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін мемл-к және мемл-к емес қоғ-қ инст-тардың, саяси қатынастардың, құқықтық-саяси нормалардың жиынтығын айтады. Жүйе – сыртқы ортамен және өзара байланыста болатын элементтердің біртұтас жиынтығы. Жүйенің бір элементі өзгеріске ұшыраса, барлық тұтастық өзгереді. Жүйе сырттан болатын әсерлерге (факторларға) және өзінің ішкі элементтерінің талаптарына жауап қайтару арқасында дамиды.
Саяси жүйе сыртқы ортадан түсіп отыратын импульстарға (әсерлерге) белсенді жауап қайтаратын өзін-өзі реттейтін, өзін-өзі дамытатын организм. Саяси жүйе сыртқы ортамен (қоғ-мен) «кіріс» және «шығыс» принциптері арқылы байланысады. Кірістің екі түрі бар: қоғамның талаптары (мысалы, жалақыны көбейту, әлеуметтік бағдарламаларды кеңейту, азаматтардың құқығы мен бостандығы, әскерді милитандыруға қаржыны азайту т.б.). Мұндай талаптар көбейіп оған билік басындағылар назар аудармаса, саяси жүйе әлсірейді. Кірістің келесі түрі: қолдау. Ол үстемдік етіп тұрған жүйені күшейтеді. Мысалы, салықты уақытында төлеу, әскери қызмет, заңдарды сақтау, билік органдарын, мемлекеттік символдарды құрметтеу, саяси өмірге белсене қатысу т.б. «Кіріс» арқылы сыртқы орта саяси жүйеге ықпал жасайды. Жүйе түскен талаптарды, қолдауларды қарастырады, реттейді, талап, қолдауларға жауап береді, яғни «шығыс» жасайды, биліктің шешімдері шығады, іс-шаралар жүргізіледі. Егер билік басындағылар қоғам мүшелерінің талаптарын тыңдамаса, оның шешімдері қолдау таппайды. Егер талаптар шамадан тыс көп болмаса және «кіріс» пен «шығыс» әрекеттері дер кезінде үйлестіріліп отырса, саяси жүйе тұрақты қызмет атқарады. Жүйенің шешімдері мен іс-әрекеттерін халықтың қолдауы оның легитимдігінің шарты болып табылады. Ал керісінше, саяси жүйені қолдаудың болмауы оны дағдарысқа әкелуі мүмкін. Биліктің қате шешімдері тұрақсыздандырғыш фактор ретінде болуы мүмкін.
Сонымен бірге саяси жүйе – бұл оның өзінің ішкі элементтерінің байланысы. Саяси жүйенің құрылымдық элементтеріне саяси институттар, саяси қатынастар, саяси нормалар мен ережелер, саяси сана мен мәдениет жатады.

Саяси жүйенің функциялары: басқару, реттеу, біріктіру, бөлу, жұмылдыру, бақылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет