1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


-бағыт: Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту



бет68/92
Дата21.11.2023
өлшемі0.55 Mb.
#483897
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   92
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsaba.org

6-бағыт: Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту. Тәуелсіздікті алғаннан кейін дербес сыртқы сасатымыз қалыптасты. Біздің басымдықтарымыз өзгермейді (көпвекторлық). Алайда халықаралық геосаяси ахуал өзгеруде, ұлттық қауіпсіздікке төнген жаңа қатерлер пайда болды. Сондықтан Қазақстанның сыртқы саясаты жаңғыртылуы тиіс (аймақтық, ұлттық қауіпсіздікті нығайту; басқа елдермен экономикалық, мәдени-гуманитарлық, ғылым-білім т.б. салалардағы ынтымақтастықты арттыру; Орталық Азияны тұрақтандыруға өз үлесімізді қосу, яғни аймақішілік бірігу. Ауғанстан, Таяу Шығыс мәселесін реттеуге үлес қосу).

7-бағыт: Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі. Біз қоғамдық келісімді сақтауға, нығайтуға тиіспіз. Өз бойымызда, балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. 2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматы болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек. Біздің балаларымыз, немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуі тиіс.
Жаңа қазақстандық патриотизм – бұл, біздің еліміздегі барлық этностар құқықтарының теңдігі. Ұлтаралық қатынастар мәселесінде ешқандай қосарланған стандарттар болмауға тиіс. Бізде оқуға түсуде, жұмысқа тұруда және қызмет бабы бойынша өсуде, әсіресе жергілікті билік органдарына жұмысқа алуда ұлтына қарамастан, үздіктер алынуы керек. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті, бейбітшілік, келісімде өмір сүруіміз керек.

Патриотизм туралы айтқанда тіл туралы саясатта айтылды. Қазақ тілі және үштілділік. 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне толық көшуіміз керек. 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95%-ы қазақ тілін білуге тиіс. Тәуелсіздігін алған тұста қазақтың саны 6,8 миллион (41%) болса, қазір 11 миллионға жетіп, 65 %-дан асты. Тіл мәселесіне бей-жай қарамайық. Қазақ тілі шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілуі тиіс, Орыс тілін білу – біздің ұлтымыздың артықшылығы.



ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін. Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзхәбын ұстанатын сунниттерміз. «Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысады... Біз бұған жол бермеуіміз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет