1. Саясат – о амды мірді саласы. С ну – саяси былыстар, са
33. Саяси қақтығыстарды шешу әдістері. Саяси қақтығыстарды реттестіру – жанжалдасушы субъектілердің қарама-қарсы тұру өткірлігін бәсеңдетіп, оларды толық шешу. Қақтығыстарды шешудің әдістері:дау-жанжалға бармау, кейінге қалдыру, күшпен бітістіру, арбитраж, делдалдық, келіссөздер. Бұлардың ішінде соңғы үшеуі кең таралған.
1. Қақтығысқа (дау-жанжалға) бармау, одан қашқақтау әдісі. Мысалы, саяси қайраткер қарсы жақпен қақтығысқа түспеу үшін саяси сахнадан кетеді немесе кейбіреулер бастығымен жұмыс жасай алмаса, істі насырға шаптырмау үшін өз еркімен жұмыстан кетеді.
2. Кейінге қалдыру әдісі. Қарсыласпен ерегіске бармай, «не істесең соны істе» деген сияқты, бәріне көніп жүре береді.
3. Зорлық негізінде (күшпен) бітістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.
4. Аралық сот немесе арбитраждық (төрешілдік) сараптау әдісі. Мұнда үшінші жақ даулы жағдайларда шешім қабылдайтын сот ретінде көрінеді. Мұнда қарсы жақтар дау, талас тудырған мәселені тексеруге өз еріктерімен үшінші жаққа береді (бұл рөлде билік институттары, Конституциялық сот, халықаралық ұйымдар бола алады). Ол екі жақпен де кездесіп, олардың қайсысынікі дұрыс екенін қарастырып, өз шешімін шығарады, оның шешімін екі жақ та мойындайды.
5. Делдалдық (аралық бітістірушілік). Дау немесе жанжалдық жағдайда келісімге келу барысында үшінші жақтың ықпал етуі. Медиатор (жеке адам не топ) – екі жақты бітістіруші, аралық қызметті жүргізуші (әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, кеңесшілер, адамдар тобы – комиссиялар, белгілі саясаткерлер т.б.). Медиатор мәселені конструктивті түрде талқылайды. Бұл қоғамдық мәселелерді шешуде (муниципалдық, экологиялық жанжалдарды, кәсіподақтар мен әкімшіліктің арасындағы келіспеушіліктерді, ажырасу кезінде мүлікті бөлу т.б. шешуде) қолданылады. Медиаторды пайдаланушылардың 75%-ы және одан да көбі арбитражға (төрешілдікке) қарағанда оның жұмысымен қанағаттанған.
6. Келіссөздер (қарсыласушы жақтардың тікелей немесе бітістіруші делдалдардың қатысуымен жасалған диалог) – қақтығысты жоюдың барынша тиімді әдісі болып табылады. Саяси қақтығысты мәмілеге (компромисс) келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Келіссөздің басты функциясы – жанжалдасушы жақтар мәселені бірігіп шешуге тырысады. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жак бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, өз талаптарын белгілі бір деңгейде қанағаттандырып, ортақ келісімге келуге тырысады. Келісімге келу мүмкін болу үшін мынадай шарттар қажет: жанжалға қатысушы екі жақтың бір-біріне тәуелділігі; жанжалдасушы субъектілердің күштеріндегі айырмашылықтардың аз болуы; жанжалдың даму кезеңінің келіссөздер мүмкіндігіне сай келуі; келіссөздерге қалыптасқан жағдайды шешуде нақты шешімдер қабылдай алатын жақтардың қатысуы.