1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет2/91
Дата13.09.2023
өлшемі343.11 Kb.
#477421
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
1. Саясат – о амды мірді саласы. С ну – саяси былыстар, са

2. Саяси билік: түсінігі, көздері және мазмұны. Билік – бір әлеуметтік субъектілердің екіншілеріне өз еркін жүргізіп, олардың іс-әрекетіне, мінез-құлқына түрлі құралдар арқылы ықпал ете алу қабілеті, мүмкіндігі. Биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада айқындалады. С/ б деп жеке адамның, топтың, таптың т.б. саясатта өз еркін жүргізе алу қабілетін айтады. Саяси биліктің ең жоғарғысы, ең толық дамыған түрі, оның өзегі – мемлекеттік билік. С/б тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақ, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, НАТО) сияқты саяси жүйенің басқа да элементтері арқылы да көрінеді.
Саяси биліктің белгілері: 1) үлкен әлеуметтік топтар, мемлекеттер, қауымдастықтар, қоғамдық ұйымдар арасындағы қатынастар; 2) жоғарылығы, оның шешімдерінің бүкіл қоғам, биліктің басқа да түрлері үшін міндеттілігі, кез келген қоғамдық процестерге араласа алуы. Саяси билік қуатты корпорациялардың, БАҚ-ның т.б. мекемелердің ықпалын шектей алады немесе оларды мүлдем жоя алады; 3) жариялылығы, яғни жалпыламалығы. Бұл жеке, бейресми, шағын, байланыс топтарының билігіне қарағанда саяси биліктің бүкіл қоғамның атынан әрекет етуі; 4) саяси биліктің субъектісі (мысалы, мемлекет) сол қоғам шеңберінде ашық түрде мәжбүрлей алады, бұл мәжбүрлеу мемлекет аумағында мемлекеттік күштеу құрылымдары арқылы жүргізіледі; 5) бір орталықтан шешім қабылдауы, басқаруы; 6) түрлі ресурстарды пайдалануы (экономикалық, әлеуметтік, мәжбүрлеу, мәдени-ақпараттық т.б.); 7) сатылылығы.
Биліктің құрылымына: көздері, ресурстары, субъектісі, объектісі, функциялары кіреді. Биліктің қайнар көздері деп биліктің субъектісінің еркі, билігі негізделетін әлеуметтік факторларды айтады. Оларға бедел, күш, байлық, заң, адамның қоғамдағы алатын орны, ұйым, құпия, мүдде, білім, ақпараттық мәліметтер жатады.
Биліктің қайнар көздері деп биліктің субъектісінің еркі, билігі негізделетін әлеуметтік факторларды айтады. Оларға күш, байлық, білім, адамның қоғамдағы алатын орны, ұйым, бедел, заң, құпия, мүдде, харизма, білім, ақпараттық мәліметтер жатады.
Күш басынан бастан биліктің негізі болды. Биліктің бұл көзі өз дегеніне жетуде қорқыныш факторына сүйенеді. Дене күші арқылы көп адамды қорқытып, бәсекелестеріне өз еркін таңа алады. Күш, зорлық-зомбылық – биліктің тұрпайы көзі (дене күшін қолдану, отбасындағы әкенің деспоттық билігі, қылмыскердің өз құрбандарына билігі, қару, ұйымдасқан топ, күш қолдану қаупімен қорқыту). Тікелей күштеу, мәжбүрлеу әдісін мемлекет те қолданады, алайда оның билігі заң негізінде жүргізіледі). Күш бүгінде биліктің негізгі көзі.
Байлық бұрыннан бері биліктің көзі болып табылады, себебі оны иеленушілер адамдарды өмір сүру үшін қажетті нәрселермен қамтамасыз етеді. Ал байлықтың иелері өздеріне материалдық жағынан тәуелді адамдарды өздеріне бағындырады. Биліктің бұл көзі жеке адамның немесе топтың мүдделілігіне сүйенеді. Қазіргі заманда байлық өздігінен биліктің тікелей көзі болмауы мүмкін. Алайда байлықты иеленушілердің билікке ықпал етуге деген қолжетімділігі өте жоғары. Мысалы, БАҚ-ның қызметін жақсы қаржыландыру белгілі бір саяси топтың үстем жағдайын қамтамасыз етуде шешуші фактор болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет