1. Саяси білімдер жүйесіндегі теориялық-методологиялық функция. Егер де саясаттанудың ғылым ретіндегі ерекшелігін, оның пәнінің саяси білімдердің барлық жүйесінің зерттеу объектісімен үйлесетінін ескерсек аталмыш функцияның бар екендігін анық көруге болады. Сондықтан да, саяси шынайылықтың пайда болу, даму және қызмет ету заңдылықтары саяси білімдер жүйесінің жалпытеориялық, методологиялық негізі ретінде көрінеді.
2. Танымдық функция. Рационалды түрде дәлелденген білімдердің барлық жүйесі тәрізді саясаттану да танымдық функция атқарады, яғни саяси ақиқаты шынайы саяси процестер мен құбылыстар арқылы ұғынуға ұмтылады. Бірақ, саяси оқиғалар ситуативті және субъективті болғандықтан саяси шынайылықты тану - өте күрделі әрі қарама-қайшылықты процесс. Ситуативтілік саяси ақиқат үшін нақтылықтың жоғары дәрежесінің тән болуынан және саяси проблемалардың шешімінің алдын ала берілмейтіндігінен көрінеді. Сондықтан да, жалаң пікірлерді басшылыққа алуға болмайды, керісінше дәл осы зерттелініп отырған жағдайда, оның мазмұнын бар байлығымен ашу қажет. Субъективтілік саяси оқиғалардың саяси қатынастар субъектісінің шығармашылық әлеуетіне, оның саяси мәдениетті игеруіне, оның еркіне, мақсатқа ұмтылысына, саяси интуициясына, шынайылықты сезінуіне тәуелділігін бейнелейді. Ситуативті және субъективті сәттердің мазмұны өткінші, өзгермелі.
3. Практикалық функция. Саясаттану - өте практикалық ғылым. Осыған орай ол өте үлкен эмпирикалық мазмұнға ие, өйткені оның шын мәніндегі зерттеу объектісі – саяси қатынастардың кең шоғырланған формасындағы көрінетін көпмиллиардты адамзат қауымдастығының тіршілік әрекеті.
Саясаттану саяси бағдарламаларды жасау, мақсаттарды жасақтау мен оларды үздіксіз реттеп отыруға қолданылатын ғылыми құрал. Ол нақты саяси процестерді, саяси қатынастар субъектілерінің саяси іс-әрекеттерін сараптап жалпылайды, саяси институттарды, ұйымдарды, сондай-ақ олардың құрылуы мен қызмет етуінің негізі болатын принциптер мен нормаларды зерттейді.
Жеке тұлғаның саяси әлеуметтену мәселелерін шешудегі, индивидті саяси қатынастардың белсенді субъктісіне, саяси тіршілік иесіне айналуындағы рөлі саясаттанудың практикалық функциясының маңызды екендігін көрсетеді.
Біздің мемлекетіміздің қазіргі кездегі дамуындағы саясаттанудың практикалық функциясы саяси іс-әрекетте қоғамдық құрылыстың демократиялық принциптерінің толық үстемдік құруына, біздің өміріміздің барлық салаларына саяси мәдениет ретіндегі демократияның енуіне, оның біздің дүниетанымымызға, барлық әлеуметтік құрылымдардың ұйымдасу формасына, саяси қатынастар субъектілерінің тіршілік әрекеттерінің нормасына айналуына септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |