Шиеленістің даму барысын мынадай сатыларға бөліп қарауға болады:
а) шиеленістің бастапқы кезеңі немесе оны өзара қақтығысуға дейінгі
кезең деп те атауға болады. Бұл сатыда
екі қарама-қарсы жақтың
арасыңдағы қайшылық барынша өршиді. Субъектілер бұл уақытта нақты
іс-әрекетке көшпес бұрын өз ресурстарын (яғни мүмкіндіктерін)
шамалайды. Ондай ресурстарға материалдық құндылықтар, ақпарат,
билік, мәртебе, сыбайластар, жақтаушылар, т.б. жатады.
Бұл кезенде,
сонымен қатар, әр жақ өздерінің мүмкіңдіктерін бір араға
шоғырландырып, топқа біріге бастайды, іс әрекетке көшудің
стратегиясын айқындайды. Бұл — шиеленістің бейбіт кезеңі.
Шиеленістің қақтығысу кезеңі.
Қарама-қарсы жақтардың
қимыл-әрекетке
көшуіне белгілі бір жағдай түрткі болады
(инцидент). Кейде шиеленіс көп ұзамай аяқталуы
да мүмкін. Оның себебі, бір жақтың күші басым
түсіп, жеңіске жетеді де қақтығыс тоқтайды.
Шиеленіс себептері:
Шиеленістердің, себептері олардың пайда болу
қайнарларын анықтап, өткізілу серпінін белгілейді.
Шиеленіс себептері- бұл шиеленістің алдында болатын
құбылыстар, оқиғалар, фактілер, жағдайлар, және
әлеуметтік өзара әрекет ету субъектілердің белгілі
жағдайларында оны болдыруға септігін тигізеді.
Әлеуметтік-саяси және
экономикалық себептер
мемлекеттегі әлеуметтік-саяси
жене экономикалык жағдаймен
байланысты.
Әлеуметтік-демографиялық
себептер адамдардың жынысымен,
жасымен, этникалық топтарға
қатыстығымен т.б. себептелген
адамдардың бекітпе және
сарындарындағы
айырмашылықтарды бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: