11 сынып Қазақ тілі 2 нұсқа
Аристотельдің шешендік өнер жайында жазған шығармасын көрсетіңдер:
А) «міндеттер туралы» ә) «Федр» б) «этика»
В) «»шешендік тәлім» г) «риторика»
2. Шешендік өнердегі негізгі мақсаттардың бірі:
А) эмоция туғызу ә) сөйлеушінің білімділігін таныту б) сендіру
В) әдемі сөйлеуге үйрету г) шешім табу
3. Ежелгі Грециядағы шешендік өнерге үйретуші мұғалімді қалай атаған?
А) ритор ә) Федр б) педогог в) софист Г) философ
4. Ежелгі Грециядағы философ шешенді тап.
А) Платон Ә) Цицерон б) педогог В) гус Г) Конфуций
5. Көркем,шешен сөйлеу-мемлекет үшін басты қажеттілік деп есептеген шешен кім?
А)Аристотель ә) Сократ Б) Цицерон В) Рабль Г) Квинтилиан
6. Жалған сөйлесең де, жеңіп шығуың қажет деген бағытты ұстаушылар кімдер еді?
А) теолог Ә) филолог Б) философ В) софист Г) ритор
7. Шешендік сөздің басты белгісін тап.
А) Тыңдаушымен көзбе-көз,тікелей қарым-қатынас жасалады
Ә) айтылған ой, пікірдің барлығы бірден жүзеге асады
Б) тыңдаушылардың шығармашылық қабілеттерін дамтады
В) дайын тілдік құралдарды жаттайды Г) адамгершілікке үндейді.
8. Шешенге қойылатын талаптардың бірін анықта.
А) тақырыпқа қажет материалдарды жинақтай білу
Ә) жазылған мәтінді мәнерлеп оқып беру Б) мәтінді бөлімдерге бөліп оқу
В) көркем сөйлеуге үйрету г) әдемі жазуға төселдіру
9. Шешенге қажет талаптардың бірі деп төмендегілердің қайсысын белгілеуге болады?
А) психологиялық бейімдеу Ә) психологиялық шабуыл
Б) психологиялық қарсылық В) мәтінді жаттау Г) мәтінді түсіндіру
10. шешендік сөздердің есте жақсы сақталуының шарттарының бірін тап.
А) құрамындағы сөздердің ұқсаспен айтылуы
Ә) кітаптардан жазылып алынуы б) көп насихатталуы
В) мектепте жиі оқытылуы Г) кітаптарға жиі жазылуы
11. « Би айтатын сөзді құл да айтады, бірақ аузында... жоқ». Мақалдағы бос орынға қай сөзді қояр едіңдер?
А) дауасы Ә) дауы б) дуасы В) дәруі г) дәні
12. «Жеті жарғы» деген не?
А) күлтөбедегі жиын ә) жеті жыр Б) шешендік сөздер
В) әдет-ғұрып,қарым-қатынас заңдарының жиынтығы Г) сөз өнеріне үйрететін кітап
13. Мақалдағы көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойңдар, «Тура биде туған жоқ... биде иман жоқ»
А) ақылсыз Ә) жағымсыз Б) туысқан В) таныс
Г) туғанды
14. Дау-жанжалға билік айтушыны кім деп айтады?
А) шешен Ә) би Б) ақын В) төре Г) болыс
15. «Азғынды қуып, тозғанға жолықпа,
Туыс іздеп, достан кетпе.
Тауға шығып айғайлама,
Ойда тұрып бақырма.
А) Қазыбек би ә) Төле би Б) Байқотан шешен В) Жанқұтты шешен
Г) Кенжалы шешен
16 «Түгел сөздің түбі-бір, түп атасы ... би». Мақалда қай би туралы айтылады?
А) Сасан би Ә) Майқы би Б) Төле би В) Қазыбек би Г) Әйтеке би
17. Пікірталас түрін белгілеңдер.
А) көзқарас Ә) ойбөліс Б) Түсіндірме сұрақ В) пікір
Г) сұрақ-жауап
18. Мәтіндегі ойдың берілу ретін алдын ала жобалауды не деп айтады?
А) жоспар Ә) тақырып Б) сөйлеу тілі В) аудиториямен байланыс Г) хабар
19. Тыңдаушыларды тақырыпқа даярлайтын мәтін бөлігі
А) жоспар Ә) тезис Б) қорытынды В) неізгі бөлім Г) кіріспе
20. Нақты бір мәселені талдап,талқылап аяқтап,келесіге көшу әдісі
А) тарихи әдіс Ә) индуктивті әдіс Б) дедуктивті әдіс
В) баспалдақты әдіс Г) салыстыру
21. Хронологиялық жолмен баяндау әдісі:
А) тарихи әдіс Ә) индуктивті әдіс Б) дедуктивті әдіс
В) баспалдақты әдіс Г) салыстыру
22. Қатысушылар мүдделері ортақ пікірталас түрі
А) ойбөліс Ә) айтыс Б) ойталқы В) пікірталас
Г) пікіралмасу
23. Ортақ шешеімге келу міндетті емес пікіралмасу түрі
А) ойбөліс Ә) айтыс Б) ойталқы В) пікірталас
Г) пікіралмасу
24. Ғылыми,саяси, есеп беру баяндамасына қосымша талдау
А) жарыссөз Ә) тақырып Б) жарнама В) айтыс
Г) пікірталас
25. Пікірлер,идеялар айтысы,бір жағы жеңіп үстем болатын пікірталас түрі
А) жарыссөз Ә) тақырып Б) жарнама В) айтыс
Г) пікірсайыс