Балық аулаған балалар
Күн жылы еді. Балалар езенге келе жатты. Біраз жүрген соң, катты жел тұрды. Аспанды бұлт қаптады. Сіркіреп жауын жауды. Сәлден соң жауын құйып кетті. Балалардың үсті-басы су болды. Олар ағаштардың арасына тығылды. Жауын басылды. Бұлт арасынан жарқырап күн шықты. Балалар өзенге келді, қармақ салды. Олар балық ұстады. Кешке үйге қайтты. (50 сөз)
Бөгенбай батыр
Бөгенбай батыр - Абылай заманындағы атақты колбасшы, батыр. Сол кездегі қазақ сарбаздарының үлкен ағасы болған. Бөгенбай арғын ішіндегі Қанжығалы руынан шыққан. Оны халық аңызында «Қанжығалы қарт Бөгенбай» деп атаған. Бөгенбай халық тәуелсіздігі үшін талай шайқастарға қатысты. Ол жоңғарлармен соғыста ерен ерлік көрсетті. (41 сөз)
Маймыл мен бұршақ
Бір маймыл екі уыс бұршақ алып келе жатты. Ол бір бұршағын жерге түсіріп алды. Оны аламын деп жерге еңкейгенде, бұршақтың біразы.түсті. Маймыл шашылған бұршақтарын теремін деп жүріп, тағы біраз бұршағынан айырылып қалды. Маймыл өзінің епсіздігін бұршақтардан көрді. Бұршақтарына ашуланды да, қолында қалғанын шашып жіберді. (46 сөз)
Талғаттың ерлігі
Таңертең ұшқыштар маңызды тапсырма алды. Әскерлеріміз шабуылға шығуға дайын. Талғаттың ұшағы әуеге көтерілді. Ұшқыштардың қимылын командир жерден бақылап тұр. Ол Талғаттың жауға жасаған шабуылына өте риза болды. Ұшқыштар жаудьың бекінісін қиратты. Одан соң жердегі жаяу әскер шабуылға шықты. Жау бекінісін тастап қашты. Жауынгерлік тапсырма орындалды. (44 сөз)
Батыр қоян
Әдетте, ор қоянды қоркақ дейді. Бұл жолы ол қорқақтығын көрсетпеді. Бірде қояндар мекеніне жуандау келген улы жылан жақындай бастады. Осы кезде ана қоян жыланға қарсы шауып, тырнап, тістелей берді. Орнынан тырп еткізбеді. Жылан сәл қозғалса болды, ол тарпа бас салады. Ақырында жыланды өлтіріп тынды. Сөйтіп, көжектерін аман сақтап қалды. (49 сөз)
Ақтөс
Ақтөс — кішкентай күшік. Ол кішкентай үйшікте тұрады. Оның басы ақ, мұрны қара. Алдыңғы аяқтары ак, артқы аяқтары қара.Ол ауладан кішкентай үш балапанды көрді. Олар сары және үлпілдек. Ақтөс балапандармен ойнағысы келді. Ол балапандарды қуды, балапандар қашты. Олар шиқ-шиқ етеді. Сол кезде тауық оларды көрді. Ол Ақтөсті тістеп алды. Ақтөс арс ете қалды. Енді Ақтөс балапандармен ойнағысы келмеді. (54 сөз).
Достарыңызбен бөлісу: |